«Ғылыми жұмысты ұйымдастыру» тақырыбындағы оқыту-семинары туралы

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» мемлекеттік емес оқыту мекемесі  жауапкешілігі шектеулі серіктестігінің Ғылыми кеңесшісі және Аймақтық үйлестірушісі Педагогика және психология бойынша философия докторы Қабекенов Ғабит Уапұлы жоғарғы оқу орындарының магистранттары мен докторантарына «Ғылыми жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында оқыту-семинарын ұйымдастырды.

Оқыту семинарына Ақтау қаласы, Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті магистранттары мен докторантары қатысты.  Семинар жұмысын ұйымдастыруда бүгінгі оқыту үдерісін өткізу талаптары сақталды, адам саны шектік көлемнен асқан жоқ.

Семинар барысында дәріскер тыңдаушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру талаптары, әдістері, қазіргі заманғы техника мен технологияны пайдалану арқылы ғылыми зерттеу жұмысын өткізудің әдіснамасы туралы мәліметтер айтты. Ақпараттық технологияларды пайдалану, ғылыми-зерттеу міндеттерін тұжырымдау, зерттеудің қажетті әдісін таңдау, алынған нәтижелерді талдау және жасалған жұмыстың қорытындыларын шығару түрлері туралы көптеген ақпараттармен бөлісті. Ғабит Уапұлы өзінің ғылыми жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісе отырып, қатысушалардың да өзара пікір алмасуына мүмкіндік берді.

Оқыту семинарына қатысушылар да алған ақпараттарының мазмұндылығына ризашылықтарын білдіре отырып осы іспеттес жұмыстардың жалғасуы туралы өз пікірлерін білдірді.

Обновлено: 2021-12-14 — 06:49

1 комментарий

Оставить комментарий
  1. Ғабит Уапұлы, бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі-ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бағытында семинар ұйымдастырып, құнды ақпапраттармен бөліскен екенсіз. Ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақытта жалғасын табады деп, сенеміз

Добавить комментарий для Баян Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme