«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС бастамасымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Өлкеңді тану – өзіңді тану» тақырыбында танымдық экспедиция ұйымдастыру ережесі ұсынылған еді. Осы бастамаға үн қосқан Алматы облысы Талғар ауданы № 35 мектеп-гимназиясы және Қарасай ауданындағы әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын гимназия болды.
Орталық қызметі туралы
Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасау мәселелері мен жеке авторлық ізденіске бағдар беру мақсатында «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы қызмет жасайтынын хабарлаймыз. Орталықтың міндеттері: Білім беру ұйымдарында тұлғаның әдептілік-әдемілігі, салауатты өмір салтын ұстануы, ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды тағылымтану мен тұлғалық танымға негіздей отырып […]