«Авторлық бағдарламаны әзірлеу және қолданысқа енгізу жолдары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы, 80 сағат
Тыңдаушылар санаты: педагогтер
Курстың мақсаты: Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, авторлық бағдарламаны әзірлеу және қолданысқа енгізу ізденісіне бағдар беру.
Курстың міндеттері:
- Авторлық бағдарлама даярлау ізденісіне негіз болатын нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру;
- Тыңдаушыларды авторлық бағдарлама жасау ізденісі ерекшеліктерімен таныстыру;
- Авторлық бағдарлама талаптарымен танысу, бағдарламалар түрлері жөніндегі ақпараттармен таныстыру;
- «Педагог шеберханасы», «Тәжірибелік алаң» «Нәтиже алаңы» бөлімдері бойынша мұғалімнің жоба жасау ізденісін ұштау;
- Үздіксіз тәжірибе нәтижесіне жұмыс жасайтын шығармашыл топ құру.
Күтілетін нәтижелер:
- Авторлық бағдарлама даярлау ізденісіне негіз болатын нормативтік-құқықтық құжаттармен танысады, өз жұмысында қолданады;
- Авторлық бағдарлама ерекшеліктерін біледі, бағдарлама жасау талаптарын меңгеріп, бағдарлама түрлерімен жұмыс жасайды;
Үздіксіз тәжірибе нәтижесіне жұмыс жасайтын шығармашыл топ құрылады