«Жаңартылған білім мазмұны аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы, 80 сағат
Тыңдаушылар санаты: білім беру ұйымдарының мамандары, пән мұғалімдері.
Қазіргі заманғы білім беру халықтың, әр адамның психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін, интеллектуалды дамуын есепке ала отырып, барлық деңгейде білімге қолжетімділікті болжайды, мұғалімдерден инклюзивті білім берудің негізгі аспектілерін білуін талап етеді.
Инклюзивті білім беруді дамыту Қазақстанның білім беру саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. «2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді атап көрсетеді.
Осы саланы жүзеге асыру инклюзивтік тәжірибені нәтижелі жүргізу үшін дайындалған білікті мамандарды қажет етеді.
Мұғалім даму мүмкіндігі шектеулі және сондай-ақ оқуды тастауға бейімі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білуі тиіс. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен білім беру және түзеу жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін білуі қажет.
Осы орайда «Жаңартылған білім мазмұны аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсының оқу бағдарламасы жасалып, ұсынылды.
Курстың мақсаты: Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың тең құқықтарын қамтамасыз ету факторы ретінде инклюзивті білім беру дамуының негізгі аспектілерін түсіндіру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеру
Курстың міндеттері:
- Инклюзивтік білімді қолдануды заңнамалық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибелерімен танысу және білік-дағдыларды қалыптастыру.
- Инклюзивтік білімнің құқықтық-нормативтік негіздерінде білім мен дағды аясын кеңейту.
- Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.
- Педагогтің кәсіби өсу траекториясының дербес дамуына жәрдемдесу.
- Жаңаша оқыту әдістеріне негізделген инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға үлес қосу.
- Ұстаздар арасында іс-тәжірибе алмасуға негізделген іс-әрекеттер ұйымдастырып, педагогикалық қауымдастық алаңын құру.
Күтілетін нәтижелер
- Тыңдаушы инклюзивтік білім беру ісіне қатысты нормативтік құқықтық құжаттар туралы білімдерін толықтырады.
- Қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен, инклюзивті білім берудің жаңаша оқыту әдістерімен танысады.