«Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру педагогтерінің қызметі және оны ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы, 80 сағат
Тыңдаушылар санаты: Қосымша білім беру педагогтері, мамандары.
Курстың мақсаты: Қосымша білім беруші педогогтердің оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыруына ықпал ету.
Курстың міндеттері:
- Қосымша білім беру жүйесі мен оқу-тәрбие мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық білімін арттыру;
- Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқыту талаптарымен, жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен таныстыру;
- Жаңаша оқыту әдістеріне негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосу.
- Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- «Қосымша білім беру педагогінің шеберханасы», «Қосымша білім беру педагогінің зертханасы» «Шығармашылық бағдар» модульдары бойынша мұғалімнің сабақ беру ізденісін ұштау, оқушы қызығушылығына бағдар беріп, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуіне бағыт бағдар беру, әріптестік қауымдастық құру.
Күтілетін нәтижелер
-
- Қосымша білім беру жүйесі мен оқу-тәрбие мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық білімін толықтырады.
- Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқыту талаптарымен, жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен танысады.
- Жаңаша оқыту әдістеріне негізделген білім беру ортасын қалыптастырады.