«Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы пәнді оқытудың ерекшеліктері және педагог шеберханасы» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы, 80 сағат
Тыңдаушылар санаты: пән мұғалімдері.
Курстың мақсаты: Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсету. Оқушы белсенділігін арттыру ізденісіне бағдар беру.
Курстың міндеттері:
- Мұғалімнің білім беру жүйесі мен тәрбие мәселелерін қамтитын нормативтік құқықтық білімін арттыру;
- Тыңдаушыларды қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен таныстыру;
- Жаңаша оқыту әдістеріне негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосу.
- Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- «Мұғалім шеберханасы», «Мұғалім зертханасы» «Шығармашылық бағдар» модульдары бойынша мұғалімнің сабақ беру ізденісін ұштау, оқушы қызығушылығына бағдар беріп, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуіне бағыт бағдар беру, әріптестік қауымдастық құру.
Күтілетін нәтижелер
- Мұғалім білім беру ісіне қатысты нормативтік құқықтық құжаттар туралы білімдерін толықтырады.
- Қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен, жаңаша оқыту әдістерімен танысады.
- Оқу-тәрбие үдерісіндегі халықтық педагогиканың қолданылу әдіс тәсілдерін меңгереді.
Оқытудың әдістері
Педагогикалық оқытудың белсенді әдістері, шағын топтардыдағы тәжірибелік жұмыстар, пікірталас, сұхбат-әңгімелер, рефлексия, таныстырылымдар, іскерлік ойындар, семинар, он-лайн диагностика, тапсырмалар т.б.