«Менеджмент ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, басқару және бақылау» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы, 80 сағат
Тыңдаушылар санаты: білім беру ұйымдарының басшы мамандары.
Жаңа заман басқарушылықтың жаңа дағдыларын талап етеді. Бүгінгі басшы кәсіпкер, менеджер әрі көшбасшы бола білуі міндетті.
Курстың мақсаты: Жалпы білім беретін ұйым басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру.
Курстың міндеттері:
- Білім беру жүйесі нормативтік құқықтық базасына талдау;
- Тыңдаушыларды қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен таныстыру;
- Жаңаша оқыту әдістеріне негізделген білім беру ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға үлес қосу.
- Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- Басшылар арасында іс-тәжірибе алмасуға негізделген іс-әрекеттер ұйымдастырып, педагогикалық қауымдастық алаңын құру.
Күтілетін нәтижелер
- Тыңдаушы білім беру ісіне қатысты нормативтік құқықтық құжаттар туралы білімдерін толықтырады.
- Қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен, жаңаша оқыту әдістерімен танысады.
- Оқу-тәрбие үдерісіндегі халықтық педагогиканың қолданылу әдіс тәсілдерін меңгереді.