Орталық қызметі туралы

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС-нің орталық Жарғысына сай Ауыл мектебі педагогтерін қолдау бағыты  бойынша атқаратын іс шаралары туралы ақпарат

 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді жаңғырту басты міндет ретінде айқындалып, жыл сайын білім беру саласындағы мамандардың жаппай даярланып шығарылуына қарамастан, педагог кадрларға деген қажеттіліктің бар екенін, мектептерге, атап айтқанда, ауылдық жерлердегі мектептерге білікті мұғалімдерді тарту және оларды қолдау бойынша пәрменді тетіктер ойластыру қажеттілігі туралы айтылады.

Бағдарлама қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту арқылы, оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыру және педагогтерді ынталандыруды күшейту, олардың еңбек жағдайын жақсарту міндеттерін қамтиды.

Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін оның еңбек жолы, білім беру ісіндегі үздіксіз даму үдерісіне сәйкес кәсіби біліктілігін арттыру ізденісі, тың тәжірибесі мен шығармашыл тұлғалық болмысы айқындай түседі. Жоғары деңгейдегі педагог мәртебесі «өмір бойы оқу», «оқыта отырып оқу», «өміршең тәжірибелер негізінде оқу және оқыту», «уақыт талабын ескере отырып сапалы және нәтижелі оқыту» және басқа шығармашылық қағидаттары негізінде сомдалады.

Білім мазмұнындағы жаңашыл өзгерістер – педагогтер үшін тың бастамалар мен эксперименттер алаңы. Бастамалар мен жаңашылдықтарды жүзеге асыру үшін педагогтер үйрену, түсіну, қолдану сатыларынан өтсе, эксперимент барысында тәжірибені жүргізу, талдау, тиімді әрекетті анықтау, оны өз тәжірибесіне енгізу, өзіндік ізденісін арттыру қадамдарын жүзеге асырады.

Әрине, білім мазмұнын жаңарту жағдайына дайындықпен келдік: алдымен, тренерлер даярлықтан өтті, келесі кезекте сол теренерлерден топтар оқи бастады. Қауымдастықтар құрылды, тәлімгерлік бағыттары жүзеге аса бастады. Бір қарағанда мүлтіксіз жүргізіліп жатқандай, алайда қиындықтар шебі еңсерілмеді. Ол:

  • Кез келген жаңа эксперименттің берік тұғыры – экспериментке қатысушылардың сенімділігі мен ішкі әлеуетінің мықтылығын қамтамасыз ету екені ескерілмеуі. Яғни эксперименттің психологиялық аспектілерін ашатын тұжырымдаманың жасалмауы;
  • Тренерлердің әр деңгейлілігі, аударма материалдардың сапасыз ұсынылуы немесе жалпы материал ғана ұсынылып, жекелеген жұмыс бағыттары дұрыс түсіндірілмегендіктен, өз деңгейінде талданбағандықтан мұғалімдердің сабаққа даярлық пен сабақты өткізу барысын тиімді ұйымдастыру тәжірибесінің қалыптаспауы;
  • Басқару мен бақылау тың жүйеде, жергілікті өңір ерекшеліктеріне сәйкес біліктілікпен, ілгерінді озық идеялар тұрғысынан ұйымдастырылмауы, яғни жергілікті басқару орындары тарапынан түсіндіру жұмыстарынан гөрі дәстүрлі түрде талап ету басымдық алуы;
  • Мұғалімдердің құқықтық‑нормативтік құжаттармен жұмыс істеу біліктілігінің жолға қойылмауы себепті құқықтық білім кемшіндігі орын алуы;
  • Тәрбиеші, оқытушы деңгейінен ізденуші, зерттеуші, әдіскер, ғылыми негізде тәжірибесін жинақтап‑тартушы деңгейіне дейін дамыған, ұлттық құбылыс ретінде танылатын педагогтің өсу, қалыптасу алгоритмі жүйеленбеуі;
  • Педагог ізденісі мен жаңа форматтағы болмысын айқындайтын, оның жеке шығармашылығын дамытуына мүмкіндік беретін, жаңашылдығын жинақтайтын «Әдістемелік күндер», «Өзін‑өзі дамыту алаңы», «Іскер эксперименттер мен табысты идеялар» болмауы;
  • Қиындық пен кедергіге тап болған педагогтерге психологиялық, әдістемелік, құқықтық біліктілігін арттыруға қолдау көрсетіп, қажет болғанда ауылды өңірлердегі мектептерге барып, тәжірибесін дамытуға, туындаған проблемаларды зерделеп, жеке ізденісіне бағдар беруге көмек беретін білікті, тәжірибелі мамандардан құрылған өкілетті орталықтар болмауы.

Қала және қала маңындағы ауыл педагогтері жаңартылған білім мазмұнының қыры мен сырын зерделеп, қабылдады. Олар әлеуметтік желілерде белсенді жүріп жатқан түрлі оқыту‑үйрету шараларынан хабардар. Қауымдастық желісінде өз тәжірибелерімен бөлісуде. Ал шалғай ауыл педагогтерінің осы бағытта біліктілігін арттыру әлі де өте қиын кезеңді бастан кешуде.

Қазақстан Республикасы зайырлы, әрі көпұлтты ел ретінде ұрпақ тәрбиесінің мазмұндық құрылымына бір жақты қарай алмайтыны түсінікті, алайда мемлекеттіктің негізі болған қазақ халқының бай ұлттық тағылым мұралары мен ұлттық құндылықтар қазынасын, ұлттық тәрбие ұстанымдарының мәнділігін мемлекеттік дәрежеде басшылыққа алудың маңызы зор.  Осы ретте, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары, төрт Кіші бағдарламалардан тұратын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы тұжырымдамалық тәсілдер» («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны») ұлттық білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын қалыптастырудың бірден-бір теориялық негізі бола алады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік мәні терең еңбектерді басшылыққа ала отырып, қазақ халық педагогикасы мен Ұлы Дала тұлғаларының педагогикалық көзқарастарына, өз кезеңіндегі педагогтердің еңбектері мен педагогика саласы бойынша зерттеу еңбектеріне негізделген заманауи қазақ педагогикасының даму жүйесін қалыптастыруды қолға алу керек. Бұл – зерттеуші және шебер педагог деңгейін бағындыруға ұмтылатын педагогтер алатын биіктік. Ал ол үшін осы бағытта оқытып‑бағдар беруді реттейтін республикалық мекеме болуы және оның өкілеттілігіне ие жергілікті орталықтар жұмыс істеуі керек.

Өткен ғасырдың аяғындағы кеңестік бағдарлы жүйе тұсында да ұлттық педагогика ізденіс мәселелерін көтерген патриот‑педагогтер болды. Атап айтсақ, Қанипа Бітібаева (Атаулы мектеп, пәнді оқыту технологиясы), ғалым‑педагог Алма Қыраубаева Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектеп‑лицейінде 1993-1996 жж апробациядан өткен («Сенім» бағдарламасының авторы), «Дәстүр» бағдарламасының авторы педагогика ғылымдарының кандидаты Ә. Сәдуақасұлы т.б. Осының ішінде А. Қыраубаеваның жұмысын «Авторлық мектеп технологиясы» ретінде қарастыру орынды. Оның өз мектебіне енгізген білімді бағалаудағы рейтингтік жүйесі, теңдес тұлға (субъект‑субъект) ұстанымдары, кемел тұлға, «қазақы құбылыс» қалыптастырудағы жаңашыл ізденістері – ұлттық педагогика негізінде қазақ педагогикасына 25 жыл бұрын енген тың жаңашылдық, бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының баламасы бола алатын батыл қадамдар.

Енді осы мәселелерді жүйелей келе, педагогтік бастамалар мен тәжірибелерді жинақтап, мемлекеттің тұрғыдан қолға алып, қарқынды жұмыс бастамаларын іске асыратын кез келді. Осы орайда, «Шығармашылық шеберлікке баулу» мемлекеттік емес оқу орталығы, жеке бастама негізінде, көптеген іс‑шаралар атқарды. Ұстаздың тұлғалық болмысы пән мұғалімдіктен басталып тәрбиеші, зерттеуші, сарапшы, шебер, ғалым, қоғам қайраткері, іскер, кәсіби маман ретінде толысып отыратын белсенді ұстаздардың көбеюіне ықпал етуді, шалғай аймақтардағы, ауылдар мен өңірлердегі мектептерге барып, мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне бағдар беріп, жетекшілік жасауды мақсат тұтты. Мектептегі белсенді жұмыс жасауға кедергі болатын мәселелерді анықтап, мектепті дамыту, әдістемелік жұмыс бағдарын тиімді ұйымдастыру, пән мұғалімі жұмысында туындаған мәселелерді шешу, мұғалім шеберлігін өрістету бағытында Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы ауыл мектептерімен жұмыс істеді. Осы жұмыстар барысында ауыл мектептеріндегі назарда ұстауды қажет ететін ауылдық бiлiм беру ұйымдарының жұмысын уақыт талабы сай ұйымдастыру, ауылдық және шағын жинақталған мектептердi басқарудың тиімділігін арттырып, тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауылдық бiлім бepу ұйымдарының нәтижелі жұмысының алғы шарты ретінде психологиялық‑мотивациялық жұмыс бағыттарын қарастыру, жеке шығармашылық ізденістегі тұлғаларға бағдар беріп, қолдау көрсету және инклюзивті оқыту жұмыстарын жолға қою сияқты мәселелермен бетпе‑бет келіп, барынша кәсіби кеңес беру, жетекшілік ету жұмыстарын жүзеге асырды. Сонымен бірге, жұмыс барысында қосымша білім беру ұйымдарымен жұмыс істеп, олардың жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс үдерісімен танысуына ықпал етті. Педагог‑ұйымдастырушылар мен тәдімгерлермен жұмыс бағыттарын қолға алды.

Осы бағытта өз ұсыным‑ұсыныстарын даярлап жауапты мекемелерге ұсынып отырды.

Біздің ойымызша, педагогтермен жүргізілетін біліктілікті арттыру жұмысы бағыттарын мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, шағын жинақталған мектептер, жалпы білім беретін және басқа білім беру мекемелерін қамти отырып, төмендегідей жүйелеу орынды:

1.Құқықтық‑заңнамалық сауаттылықты дамыту;

  1. Психологиялық біліктілікті артыру;
  2. Педагогикалық–әдістемелік біліктілікті өрістету;
  3. Педагогикалық шығармашылық ізденісіне жағдай тудыру.

Түсіндіріп, тоқталар болсақ, көп жағдайда мұғалім жұмысының тоқырауға, педагогтің сағы сынып дағдарысқа ұшырау себептері – заң құжаттарымен танысу мүмкіндіктері болмауы немесе ерен санамауы, өз жұмысының құқықтық‑заңнамалық негіздерін жеткілікті білмеуінің салдары.

Психологиялық біліктілігі жоғары болуы қоғамда орын алып, бірақ терең мән берілмей отырған проблемаларға байланысты. Қазір мектептерде логопед пен дефектолог мамандар қызметіне, артикуляциялық немесе ұсақ моторикалық дамыту қажеттілігіне зәру балалар өте көп. Әсіресе, бастауыш сыныпта осы мәселемен бетпе‑бет келетініміз анық. Ол әрі қарай да жалғасын табатыны даусыз. Венгрияда кондуктолог мамандығы бар. Мұғалім өз шәкіртінің білім, тәрбиесімен қатар жеке физиологиялық проблемаларын да ескеріп жұмыс істеуге бейімделеді. Мектеп партасында жақ сүйегінің бұлшық еті дамымағандықтан, таңдай, тіл қозғалысы белсенді еместігінен дыбыстарды, сөздерді дұрыс айта алмайтын, әртүрлі себептермен өзіне сенімсіз, бұйығы балалар отырғаны тіпті де жасырын емес. Міне, осы бағытта педагог психология мәселелерімен таныс болуы, өз тжірибесіне енгізуі қажет.

Педагогтің әдістемелік біліктілігі мен шеберлігі ‑  күн тәртібінен түспейтін мәселе. Даяр қалыпта, шаблондық үлгіде ұсынылған сабақ жоспарлары мұғалімнің сабақтағы ізденісін, сабаққа енгізетін өзіндік жаңашылдығын тоқтатты. Біріншіден, ұстаз дайын қалыпты толтыруға машықтанды. Екіншіден, өзінің алдындағы оқушы ерекшелігіне қарай сабақ бөлімдерін тиімді ұйымдастыру, өзіндік өзгерістерін енгізу белсенділігі төмендеді. Бастапқыда үлкен қуанышпен қабылданған жүздеген белсенді‑әдіс тәсілдерді ұтымды пайдалану баяулады. Бұл – тың жаңашылдықтарды қолданыс механизмі қарастырылмауының негізі. Сабақты зерттеу де көп жағдайда шығармашылық тұрғыдан жүргізілмеуде, егер олай болған күнде ендігі тың идеялар мен жаңалықтарға негізделген авторлық бағдарламалар мұғалім игілігіне ұсынылар еді.

Педагог шығармашылығының түпкі нәтижесі – авторлық жұмыстар. Ал авторлық жұмыс ерен еңбек, зерделі зерттеу, шеберхана мен зертханаларда пісіп жетілген тәжірибелік ізденісі негізінде келеді. Ол солай жүзеге асқан болса, біз қазақстандық педагогтердің том‑том тәжірибесін жинақтаған болар едік.

Ойымызды қорыта келе, өз тәжірибемізде қолданылған, аса маңызды деген төмендегі  тақырыптарды ұсына кетуді жөн санадық.

  І. Біліктілік арттыру курстарының тақырыптары

Біліктілік арттыру курстарының тақырыптары

Тыңдаушылар санаты

Сағат саны

Мазмұны

1.     

«Білім беру ұйымдарын уақыт талабы тұрғысынан басқару және менеджемент шеберлігі»

Білім беру ұйымдарының басшылары (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары)

80 сағат

40 сағат

—          Тиісті санаты бойынша нормативтік құқықтық заңнамалық құжаттарды талдау;

—          Тыңдаушыларды  қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен таныстыру;

—          Жаңаша оқыту әдістеріне негізделген білім беру ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға бағытталған білім.

—   Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

—  Басшылар арасында іс-тәжірибе алмасуға негізделген іс-әрекеттер ұйымдастырып, педагогикалық қауымдастық алаңын құру.

2.     

«Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы пәнді оқытудың ерекшеліктері және педагог шеберханасы»

Пән мұғалімдері

 

80 сағат

40 сағат

—          Мұғалімнің білім беру жүйесі мен тәрбие мәселелерін қамтитын нормативтік құқықтық білімін арттыру;

—          Тыңдаушыларды  қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, жаңаша оқыту әдістеріне негізделген білім беру ортасы, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен таныстыру;

—   Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

—  «Мұғалім шеберханасы», «Мұғалім зертханасы» «Шығармашылық бағдар» модульдары бойынша мұғалімнің сабақ беру ізденісін ұштау, оқушы қызығушылығын арттыруға, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуіне бағдар беру, әріптестік қауымдастық құру.

3.     

«Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру педагогтерінің қызметі және оны ұйымдастыру жолдары»

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, мамандары

80 сағат

40 сағат

— Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық білім;

— Қосымша білім беру саласында оқу-тәрбие қызметін жаңартылған білім мазмұны бойынша  ұйымдастыру талаптары,

— оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктері және STEM, STEAM оқытуды енгізу мәселелері;

— Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

— Модульдар бойынша қызмет түрлері, қосымша білім беруші ұстаздардың әріптестік қауымдастығын құру.

4.     

«Авторлық бағдарламаны әзірлеу және қолданысқа енгізу жолдары»

Білім беру ұйымдарының әдіскерлері, педагогтер

(балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары)

80 сағат

40 сағат

— Авторлық бағдарлама даярлау ізденісіне негіз болатын заңнамалық құқықтық құжаттар;

— Зияткерлік құқық мәселелері;

— Авторлық бағдарлама жасау ерекшеліктері;

— Авторлық бағдарлама талаптары, бағдарламалар түрлері;

—  «Педагог шеберханасы», «Тәжірибелік алаң» «Нәтиже алаңы» бөлімдері бойынша мұғалімнің жоба жасау ізденісі;

—  Үздіксіз тәжірибе нәтижесіне жұмыс жасайтын шығармашыл топ құру.

5.     

 

 

 

—  

Сонымен қатар, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, педагог психологтар, педагог-ұйымдастырушылармен өткізілетін курс бағдарламалары бар.

ІІ. Семинарлар, конференциялар

Іс-шара атауы

Жұмыс түрі

Мазмұны

Өткізілген аймақтар

1.     

«Ұстаздық еңбек: Тарих. Қоғам. Тұлға»

Республикалық конференция

Ардақты ұстаз, қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Асылхан Қасымбектің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырыл

Алматы облысы, Балқаш ауданы

2.     

«Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжірибелері»  атты өткізеді.

 

Сырттай педагогикалық жәрмеңке

Аталған шара тәуелсіз еліміздегі алғашқы ұлттық мектеп моделін қалыптастырушы, «Сенім» оқу-тәрбие бағарламасының авторы, қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейін ашушы әйгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор  Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваны еске алу, ұлағатты ұстаздың еңбектерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Республика көлемінде

 ІІІ. Оқушылар үшін

Оқушылар үшін оқу-тәрбие шаралары тақырыбы

Жұмыс түрі

Жасалды

Өткізілді

Мазмұны

1.     

«Өлкеңді тану – өзіңді тану!» тақырыбында танымдық экспедиция

танымдық экспедиция

Ереже

1.Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мг.

2.Қарасай ауданы, Дарынды балалар мг.

Еліміздің барлық аймақтарындағы үлкен қалаларды, елді мекендерді, тарихи орындарды, қасиетті жерлерді, архитектуралық ескерткіштер мен мәдени мұра құндылықтарын білуге насихаттау

2.     

«Ұлы дала мұрасы» атты аудандық білім-өнер сайысы

Байқау

 

1.Жамбыл ауданы, Ұзынағаш өм;

2.Райымбек ауданы, Текес өнер мектебі

Тарихи жәдігерлер мен жыраулық дәстүрді насихаттау. Ата баба мұпасына құрметпен қарау

3.     

Өлкетану зертханасы

Зерттеу орталығы

Ереже

1.Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мг.

 

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту

4.     

 Ата-аналар мектебі ережесі

Ата-аналар мектебі

Ереже

1.Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мг.

2.Қарасай ауданы, Дарынды балалар мг.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысына тікелей атсалысатын, ата-баба дәстүрін насихаттаушы ата-аналар жұртшылығы өкілдерінің қоғамдық бірлестік

 

5.     

 «Ұлттық ойын – бабалар мұрасы» атты мектепішілік асық ойыны

Ойын

Ереже

1.Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мг.

2.Қарасай ауданы, Дарынды балалар мг.

3. Жамбыл ауданы, «Жас ұлан»оқушылар үйі

Мектепішілік жарыс оқушылар мен ата-аналардың, ұстаздар қауымының ұлттық салт-дәстүрге қызығушылығын арттыру, ата-баба мұраларына құрметпен қарау дағдыларын дамыту

6.     

«Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы  Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығының ерекшелігін зерделеп-зерттеу

Байқау

Ереже

Жамбыл аудандық ББ

Алматы облысы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту

7.     

Аудандық «Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы  Сүйінбай Аронұлының шығармашылығының ерекшелігін зерделеп-зерттеу

Байқау

Ереже

Жамбыл аудандық ББ

Алматы облысы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту

8.     

«Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы  Жамбыл Жабаевтың шығармашылығының ерекшелігін зерделеп-зерттеу

Байқау

Ереже

Жамбыл аудандық ББ

Алматы облысы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту

9.     

«Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы  Есенқұл Жақыпбековтың шығармашылығының ерекшелігін зерделеп-зерттеу

Байқау

Ереже

Жамбыл аудандық ББ

Алматы облысы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту

10.   

«Ғасыр үні» тақырыбындағы  Жамбыл Жабаевтың шығармашылығының ерекшелігі

Республикалық конференция

Ереже

Жамбыл аудандық ББ

Алматы облысы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту

ІV. Жұртшылық үшін

Іс шараның тақырыбы

Жұмыс түрі

Өткізілді

Мазмұны

Өткізілген аймақтар

1.     

Білім беру ұйымдарында Наурыз мерекесін атап өтудің 10 күндік жоспары

Жалпы қозғалыс.  Жоспар

 

Наурыз мерекесін кеңінен насихаттау, оның мәнін тереңінен түсінуге ықпал ету

Алматы облысы, Талғар ауданы №35 мг.

Қарасай ауданы, Дарынды балалар мг.

2.     

 «Отбасы – ауыл айнасы» тақырыбындағы

 

Отбасылар фестивалі,

жоспар

1.Миялы ауылы, ОҚО

2.Бақанас ауылы

3.Сарыжаз а.

Ата‑баба жолымен үлкендер ұлағатын дәріптеп, үлгі‑өнеге болатын салт‑дәстүрлерді жандандыру (ата сөзі, ана үлгісі, ата аманаты, отбасылық жәдігер, немереге мирас, бәсіре, әулет шежіресі, отбасылық мереке күндерін белгілеу және т.б.)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme