Іс-шаралар ережелері

Аудандық Есенқұл Жақыпбеков оқулары  байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

Осы ереже аудандық  Есенқұл Жақыпбеков оқулары байқауының  (бұдан әрі — байқау) мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.

Байқау мақсаты: Алматы облысыЖамбыл ауданының тумасы, суырып салма дарынымен танылған айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Есенқұл Жақыпбековтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту.

Байқау міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқаудың ұйымдастырушысы:

Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі және ББЖҰ координациялық орталығы.

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС қолдауымен.

ІІ. Байқауға қатысушылар

Байқауға қатысушылар: жалпы білім беретін ұйымдардың 8 — 11 сыныптарының  мектептік кезеңнің жеңімпазы атанған оқушылары.

Байқау жұмысы қашықтан, қатысушының бейне жазбасын қарау арқылы ұйымдастырылады.

ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Аудандық Есенқұл Жақыпбеков оқулары байқауы үш бағыт бойынша өткізіледі.

  1. Иллюстрациялық суреттер. Есенқұл Жақыпбеков шығармалары бойынша иллюстрациялық суреттер салу.

Байқауға қатысушы Есенқұл Жақыпбеков шығармаларына иллюстрациялық суреттер салады. Қойылатын талаптар: байқауға 1 оқушы қатысады. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты — жөні, ауылының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет. Орындау техникасы: жұмыс форматы — А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі — түсті қарындаштар және т.б). Салынған сурет рамаға бекітіледі.

«Иллюстрациялық суреттер» номинациясында оқушы өзінің салған суретін көрсете отырып  иллюстрация мазмұнын баяндауы қажет.

Салынған сурет рамаға бекітіліп ұйымдастыру көмитетіне тапсырылады.

  1. Мәнерлеп оқу. Есенқұл Жақыпбеков шығармаларынан (поэзиясы) мәнерлеп үзінді оқу. Қойылатын талаптар: байқауға 1 оқушы қатысады, ақынның өзі таңдаған 2 шығармасын мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт 3 — 4 минут.
  2. Ән-термелерін орындау. Есенқұл Жақыпбековтың өлеңдеріне жазылған әуендерді, терме-жырларды аспаппен сүйемелдеу арқылы орындау.

Қойылатын талаптар: байқауға 1 оқушы қатысады, оқушы ақынның кез-келген жанрдағы өлеңдеріне жазылған әнді немесе термесін орындайды.

Берілетін уақыт: 3-5 минут.

Номинациялар бойынша тапсырмаларды қабылдау 2021 жылғы 6 ақпанға дейін.

ІV. Байқаудың қорытындысы – Есенқұл Жақыпбеков оқуларының аудандық  кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі әкімшілігі Жамбыл аудандық білім бөлімімен келісе отырып, арнаулы бұйрық арқылы  әділ қазылар құрамын бекітеді.

  1. Бекітілген әділ қазылар құрамына білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС мамандары енеді.

VІ.  Аудандық Есенқұл Жақыпбеков оқулары байқауы 2021 жылғы 10 ақпанда (ақынның туған күні) қорытындыланады.

VІІ.  Қорытындылау және марапаттау

Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Аудандық білім бөлімі және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.

Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін Алғыс хаттар беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme