Іс-шаралар ережелері

 «Жеті қазына» тақырыбындағы Республикалық ұлттық білім және өнер байқауы туралы
(балабақша, мектеп, қосымша білім беру ұйымдары, шығармашылық үйірмелер білім алушылары  қатысады)
Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС құрылтайшылар кеңесінің  2022 жылғы  17 наурыздағы № 3 хаттамасымен бекітілген.

Жалпы ережелер
«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС республиканың білім беру ұйымдары (балабақша, мектеп, қосымша білім беру ұйымдары, шығармашылық үйірмелер) білім алушыларының арасында «Жеті қазына» тақырыбында Республикалық ұлттық құндылықтарды насихаттайтын білім және өнер байқауын ұйымдастыратынын хабарлайды.
Білім және өнер байқауының мақсаты: Жас ұрпақтың мәдениетті, әдебиетті және ұлттық құндылықтарды танып-білуіне, игеруіне және өмірде қолдана білуіне бағдар беру.
Білім және өнер байқауының міндеттері:

  • Оқушылардың ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды саралап-зерттеп, танымдық білім деңгейін арттыруына ықпал ету;
  • Ұлт тұлғалары өмірі, көркем әдебиет құндылықтарын және ана тілдің ерекше үлгілерін зерттеп-зерделеп, тұлғалық, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруына мүмкіндік тудыру;

  • Жас ұрпақты ұлт өнерінің құнды жауһарларын зерделеп, болашаққа жеткізуге, насихаттауға бағыттау.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
«Жеті қазына» тақырыбындағы республикалық ұлттық құндылықтырды насихаттайтын білім және өнер байқауы мынадай бағыт бойынша өткізіледі:

  1. «Бесаспап» бейне байқауы. Бала өз бойындағы бірнеше өнердің (әншілік, атбегілік, құсбегілік, ісмерлік, ұсталық т.б. – кемі 3 өнер) тоғысқанын көрестетін 3 минуттық бейне түсірілім жасайды.  

  2. «Өнерпаз» бейнебайқауы. Аспапта ойнау, әншілік өнері, мәнерлеп оқу (ақын-жазушылар шығармалары).

  3. «Жас ғалым». Ұлттық өнер, мәдениет, тарих және ұлт тұлғалары туралы зерттеу материалдары.

  4. «Шешендік шиырлары» сөз өнері байқауы. Дәстүрлі шешендіктен бастап заманауи шешендікке дейінгі тапсырмалармен жұмыс.

  5. «Жәдігер» бейнебайқауы. Отбасылық құнды мұраларды таныстыру және насихаттау (кемі 50 жыл бұрынғы қолданыста болған көне зат).

 Өткізу тәртібі

Білім-өнер сайысы мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

1) «Бесаспап» бейне байқауына оқушы өз бойындағы бірнеше өнердің (әншілік, атбегілік, құсбегілік, ісмерлік, ұсталық т.б. – кемі 3 өнер) тоғысқанын көрестетін 3 минуттық бейне түсірілім жасап жолдайды.  «Сегіз қырлы, бір сырлы» шеберлігі мен еңбекқорлығы, өнері мен ептілігі сыналады.
Бағалау өлшемдері:
Баланың бірнеше өнерді меңгеруі; Әрекеттің шынайылығы; Бейне жазбаның жазылу сауаттылығы; Уақытқа сәйкестігі.

2) «Өнерпаз» бейнебайқауы. Аспапта ойнау, әншілік өнері, мәнерлеп оқу (ақын-жазушылар шығармалары).

Бұл байқау 2 кезеңде өткізіледі: 1 қашықтан бейнежазба арқылы (уақыт ұзақтығы – 3 минут).
2 кезеңде үздіктер арасындағы дода, галаконцерт. Аспаппен ән айту, күй тарту, шығарма орындау, ақын-жазушылар өлеңдерін, шығармаларын мәнерлеп оқу. Уақыт ұзақтығы – 4-5 минут.
Бағалау өлшемдері:
Баланың әншілік, орындаушылық шеберлігі; Сахна мәдениеті; Әннің табиғатын сезінуі; Бейне жазбаның жазылу сауаттылығы; Уақытқа сәйкестігі.

3) «Жас ғалым». Ұлттық өнер, мәдениет, тарих және ұлт тұлғалары туралы зерттеу материалдары.

Зерттеу жұмысын рәсімдеу талаптары:
3.1. Тақырып таңдау.
3.2. Зерттеу жұмысының жоспары. Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған мақсатқа жетуге бағытталады.
3.3. Зерттеу мақаласы.
Бағалау өлшемдері:
Тақырып ерекшелігі; Мазмұны; Мақсаттың айқындығы; Қорытынды тың пікір.

4) «Шешендік шиырлары» сөз өнері байқауы. Дәстүрлі шешендіктен бастап заманауи шешендікке дейінгі жеке және топтық (4 оқушы) тапсырмалармен жұмыс.

Мектеп оқушыларының бойында жезтаңдай, ділмарлық қасиеттерді қалыптастыру және логикалық сөз қисынын тауып айту, шешендік қолданыс пен тұжырымды пікір айту шеберлігін арттыру.
Байқау міндеттері: оқушылардың сөз құдіретін тану, тіл өнерін қастерлеу, эстетикалық талғамдары мен тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ана тіліне деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқау тапсырмасы:

  1. Өз таңдаулары бойынша 3 шешеннің шығармашылығы туралы сипаттама таныстырылым.

  2. Сол шешендердің шешендік қолданыстарынан үзінділер орындау.

  3. Шешендік өнер туралы өзіндік пікір-тұжырымдарын айту.

Бұл байқау арнайы тапсырмалар негізінде 2 кезеңде өткізіледі: 1 қашықтан бейнежазба арқылы, 2 кезеңде үздіктер арасындағы сөз додасы.
Бағалау өлшемдері:
Баланың сөз саптау, пікір айту шеберлігі; Тыңдаушылармен қарым-қатынас мәдениеті; Сөз табиғаты мен мәнін түсіне білуі; Бейне жазбаның жазылу сауаттылығы; Логикалық ойлау жүйелілігі; Уақытқа сәйкестігі.

5) «Жәдігер» бейнебайқауы. Өз өңіріндегі отбасылық құнды мұраларды іздеу, таныстыру және насихаттау (кемі 50 жыл бұрынға қолданыста болған көне зат, тұрмысқа қажетті, ертеректе пайдаланылған құралдар, үй жиһаздары, т.б. кез-келген зат болуы мүмкін) – 4-5 минут

Бағалау өлшемдері:
Жәдігердің ерекшелігі және құндылығы; Маңыздылығын талдап, таныстыру (кім пайдаланған, маңызы қандай болған, нендей материалдан жасалған, қашан пайдаланылған деген сияқты сұрақтарды ашу);  Әулеттік жәдігердің сын-сипаты, қандай болу керектігі туралы өзіндік пікірі.

6) «Ұлт өнері мен мәдениетінің болашағы туралы не ойлайсың?» — эссе байқауы, 250 сөз.

Бағалау өлшемдері:
Ой жүйелеу ерекшелігі; Тезистің нақтылығы; Аргументтердің (дәлел, дәйек) жүйелілігі; Мазмұны; Жазу сауаттылығы; Тың пікір айту шеберлігі; Сөзді орынды қолдану, сөз санының сәйкестігі.
Өткізілу уақыты
1-ші кезең – онлайн, барлық бағыттар үшін — 2022 жылғы 20 сәуір. 
2-ші кезең – «Өнерпаз» және «Шешендік шиырлары» бағыттары оффлайн. 2022 жылғы 30 сәуір – 1 мамыр.
1.Өтініш электронды нұсқада қабылданады.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
+7 7013137439,  +7 7073187140  (сұрақтар бойынша) ватсапқа өтініш қабылданбайды.
Эл.почта: sheberlyk@gmail.com (өтініштерді қабылдау үшін)
www.shshbort.kz  сайтында байқау ережелері мен хабарландырулар, өзгерістер жарияланып отырады.
Өтініш толтыру кестесі. (үлгі)
Толық әрі сауатты толтырыңыз. Құжат (диплом, сертификат) түзетілмейді.

Қатысушының аты-жөні (толық)

 

Толық жасы

 

Қатысушының мекен-жайы, мектебі:

 

Қатысатын бағыты

 

Шығарманың атауы (авторы)

 

Жетекшінің аты-жөні және ұялы телефоны

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme