«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Аспантаудың қос қыраны» тақырыбындағы аудандық байқау
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Осы ереже аудандық «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Аспантаудың қос қыраны» тақырыбындағы байқаудың (бұдан әрі — байқау) мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.
Байқау мақсаты: «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев және әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтардың өнегелі өмірін насихаттауға бағытталады.
Байқау міндеттері: оқушылардың отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, туған жерінің рухани мұраларына сүйіспеншілікті дарыту.
Байқаудың ұйымдастырушысы:
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сағат Әшімбаев атындағы мектеп.
«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС қолдауымен.
ІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушылар: аудан мекептері оқушылары.
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Аспантаудың қос қыраны» тақырыбындағы байқау 7-10 (11) сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады.
І -кезең. Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев пен әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың тұлғалық келбеті туралы таныстырылым. (Балалық шағы, өмір жолы, еңбектері, ол кезеңнің бүгінгі күнмен салыстырғандағы ерекшелігі т.б.)
Байқауға ұсынылған таныстырылым оқушы ізденісі, дереккөздерді пайдалануы, мұрағат материалдарын қолдана білуі, куәгерлер ақпараттарын пайдалануы, оқушының түсіндіру тілі, киім киюі мен жинақылығы сияқты өлшемшарттармен бағаланады. (3-4 минут).
ІІ-кезең. «Тұлғалар шығармашылығы» тақырыбындағы Бердібек Соқпақбаев пен Сағат Әшімбаевтың әдеби еңбектері бойынша жұмыс.
Әр тұлғаның өзі таңдаған бір еңбегіне (Бір тұлғаны бір оқушы, екіншісін екінші оқушы жасауға болады) талдау жасау және суреттеу. Суреттеу жолдары: қағаз бетіне салынған сурет, құрақбейне (коллаж) жасау, өлең шумақтары т.б.
ІІІ-кезең. Жағдаяттық тапсырма. Ұйымдастыру комитеті тарапынан дайындалады.
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» шығармаларынан үзінділер, С.Әшімбаевтың оқу, білім, қарапайым адами қасиеттер туралы айтылған ойлары (афоризмдері) ұсынылып, актерлық шеберлік дағдыларына қатысты тапсырмалар беріледі. (Бейнені сомдау, қойылым жасау т.б.).
Байқаудың қорытындысын қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған әділ қазылар құрамы анықтайды.
«Аспантаудың қос қыраны» тақырыбындағы аудандық байқау 2024 жылғы 15 мамырда қорытындыланады.
VІІ. Қорытындылау және марапаттау
Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары аудандық және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға сұраныс 2024 жылдың 10 мамырына дейін Ұйымдастыру комитетінің электронды мекен жайына жіберіледі.
Байланыс телефондары:………
Электронды пошта:
Сұраныс қағазының үлгісі:
№ |
Оқушының аты жөні |
Сыныбы |
Мектебі |
Ұсынылатын жұмыстың түрі |
Тақырыбы |
Жетекшінің аты жөні, ұялы телефоны |