«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы аудандық байқау
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
1.1 Осы ереже аудандық «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы байқауының мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
1.2 Аудандық жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған «Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы байқауының мақсаттары мен міндеттері:
-оқушылар арасында Алтынбек Сәрсенбайұлының өнегелі ғұмырын насихаттау;
-Қоғам қайраткерінің өмір жолына үңіле отырып,өмірлік мақсаттарын танып білу, одан ары терең пайымдау;
-Жастар бойындағы патриоттық сезімді күшейте отырып, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын,тұлғалық сезім мәдениетін қалыптастыру;
-шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыра отырып, жас буынның тарихи танымдарын демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен өмірлік ұстанымдарын,ұлтжандылық қасиеттерін нығайту;
-оқушылардың бойында туған жерінің рухани мұраларына деген сүйіспеншілікті дарыту;
ІІ. Байқау шарттары
2.1 Байқаудың ұйымдастырушысы:
Білім беру ұйымы « А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС қолдауымен.
2.2 Байқауға қатысушылар: Райымбек ауданына қарасты білім беру ұйымдарының 8-9-10 сынып білім алушылары.
2.3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Ұлтын сүйген Алтынбек » тақырыбындағы байқау екі кезең бойынша өтеді.
- 1. «Дана халықтың дара тұлғасы» тақырыбында жеке шығармашылық жұмыс (ойтолғау, өлең, арнау т.б )
- «Алтынбек –Алаштың асыл азаматы» тақырыбында шағын зерттеу жұмысы.
Жұмысты жеке оқушы немесе шағын топтармен жасауға болады. Зерттеу жұмысы мәтін түрінде ұсынылады, қорғау (слайдтар арқылы, бейнебаян, т.с.с.) арқылы жасалады. Оқушы өз шығармашылығын қорғау барысында тұлғаның өмірбаянына, оның тұлға болып қалыптасуындағы қоғамның рөлін түсіндіре білуі шарт.
Ескерту: Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. А.Сәрсенбайұлы атындағы мұражайға қолөнер бұйымдары, сурет сияқты т.б. жәдігерлер жиналатынын хабарлаймыз.
«Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы аудандық байқау 2024 жылы 3 мамырда «А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен»к.м.м өткізіледі.
ІІІ. Қорытындылау және марапаттау
Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары аудандық және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.