Іс-шаралар ережелері

«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық спорт» бағыты бойынша өтілетін «Шымырлар — шыңда! » тақырыбындағы  Алтынбек шыңына шығу бойынша аудандық оқу-танымдық жорық

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

1.1 Осы ереже аудандық  «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық спорт» бағыты бойынша өтілетін «Шымырлар — шыңда!»  тақырыбындағы  Алтынбек шыңына шығу бойынша аудандық оқу-танымдық жорықтың  мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін  айқындайды.

1.2 Аудан жұртшылығы арасында өтетін Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған «Шымырлар — шыңда!»  тақырыбындағы  Алтынбек шыңына шығу бойынша аудандық оқу-танымдық жорықтың мақсаты мемлекет және қоғам қайраткері, алаштың арда ұлы Алтынбек Сәрсенбайұлының өнегелі ғұмырын насихаттау.

Міндеттері:

  • Азаматтардың демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен өмірлік ұстанымдарын, ұлтжандылық қасиеттерін, экологиямық мәдениеттерін нығайту;
  • Туған жерінің рухани мұраларына деген сүйіспеншілікті дарыту;
  • Салауатты өмір салты ұстанымдарын өрістету.

ІІ. Оқу-танымдық жорықтың шарттары

2.1 Шараның ұйымдастырушысы:

Райымбек аудандық Бұқаралық спорт бөлімі «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС қолдауымен.

«Шымырлар — шыңда!»  тақырыбындағы  Алтынбек шыңына шығу бойынша аудандық оқу-танымдық жорық 2024 жылы ……….. тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында өткізіледі.

Қатысушылар жорықтың өткізілуінен 1 апта бұрын ұсыныстарын жолдауы тиіс.

……

…….

 

2.2. Оқу-танымдық жорыққа қатысушылар: Райымбек ауданының  шыңға шығуға ниетті және денсаулық жағдайы көтеретін 15 жастан жоғары азаматтары.

 

2.3. Оқу-танымдық жорықты ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

Мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған «Шымырлар — шыңда!»  тақырыбындағы  Алтынбек шыңына шығу бойынша аудандық оқу-танымдық жорық екі күнге жоспарланады:

1 күн: Шараның ресми бөлімі.

Мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өнегелі ғұмыры туралы таныстырылым, тұлға өміріндегі спорттың рөлі туралы реферат, мақалалар, мемлекет және қоғам қайраткері туралы қатысушылардың пікірлері, арнау өлеңдері мен ой толғауларын тыңдау.

Жорық маршруты және ережелерімен таныстыру. Дайындық шаралары.

 

2 күн:

  • Жорыққа шығу таңғы 6.00 – ден басталады.
  • Жорықтың қиындық дәрежесі — 1Б. Жалпы ұзындығы – 12-13 км.
  • 5 км жол көлікпен жүріледі.
  • Қатысушылар Батпақты сайының ішінен ары қарай 7 — 8 км жаяу жүреді.
  • Жорық төменде картасы қосымша ұсынылады.

ІІІ.  Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) Медициналық байқау анықтамасының болуы.

2) Физикалық мүмкіндіктері мен жорыққа қатысу біліктілігінің болуы (тренерлер рұқсаты).

3) Жорыққа лайықты киім кию (аяқ киім, бас киім т.с.с.)

4) Гигеналық заттары мен тамақ қорының болуы.

5) Белгіленген жорыққа шығар алдында қауіпсіздік нұсқауларын тыңдап, қауіпсіздік журналына  қол қоюы.

 

  1. Қорытындылау

«Шымырлар — шыңда!»  тақырыбындағы  Алтынбек шыңына шығу бойынша аудандық оқу-танымдық жорықтың жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан ынталандыру шаралары жүргізіледі.

 

Ұйымдастыру комитеті: Райымбек аудандық Бұқаралық спорт бөлімі,

Байланыс телефондары:

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС

Байланыс телефондары: +77772520196, +77789449659

Электронды мекен-жай: sheberlyk@gmail.com

«Шымырлар — шыңда!»  тақырыбындағы  Алтынбек шыңына шығу бойынша аудандық оқу-танымдық жорықтың картасы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme