«Ұлы даланың жыр Жолбарысы» тақырыбындағы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеудің аудандық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Осы ереже «Ұлы даланың жыр Жолбарысы» тақырыбындағы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеудің аудандық байқауының (бұдан әрі — байқау) мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.
Байқау мақсаты: Ұлы ақын, қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ақынның шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету.
Байқау міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқаудың ұйымдастырушысы:
Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі және ББЖҰ координациялық орталығы.«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС қолдауымен.
ІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушылар: жалпы білім беретін ұйымдардың 5 — 10 сынып оқушылары қатыса алады.
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Аудандық «Ұлы даланың жыр Жолбарысы» тақырыбындағы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауы:
1 номинация: «Күйшілік пен жыршылық арнасы» Жамбыл шығармашылығындағы күйшілік және жыр орындау ерекшелігін зерттеп, таныстыру.
Ұсынылатын тақырыптар:
- Жыраулық дәстүрдің Жамбыл шығармашылығындағы рөлі
- Жамбылдың ұстаздары және олардың ықпалы (Сүйінбай Аронұлы және т.б.)
- Жамбылдың өнеріндегі жаңашылдық пен дәстүр сабақтастығы
- Жырлар мен күйлердегі ұлт-азаттық идеялар
- ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жамбылдың жырлары
- Жамбылдың күйшілік мектебі
- Жамбыл шығармашылығының халық күйшілеріне ықпалы
- Қазақ халқының дәстүрлі жыршылық мектептері және Жамбыл
- Жамбыл жырларының заманауи музыкалық өңделуі
- Қазіргі заман жыршыларының Жамбыл дәстүрін жалғастыруы
- Жамбыл поэзиясындағы табиғаттың алатын орны
- Жамбыл шығармаларында табиғат арқылы берілген философиялық ойлар
- Халық ауыз әдебиетіндегі табиғат сипаттамалары мен олардың Жамбыл поэзиясындағы жалғасы
- Жамбыл шығармашылығындағы туған жер табиғаты
- Жамбыл жырларындағы тарихи тұлғалар (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және т.б.)
- Жамбылдың халықты бірлікке шақыруы мен рух көтеру қызметі
- Тарихи оқиғаларды баяндаудағы поэтикалық әдістер
- Тарихи жырлардағы ұлттық идея мен патриотизм
- Жамбыл жырларындағы ұлттық әуен элементтері
- Қазақ күйлері мен жырларындағы ортақ ерекшеліктер
1-ші номинация бойынша жеке оқушы немесе 3 оқушыдан тұратын зерттеу тобы қатыса алады. Қатысушылар таңдаған тақырыптары бойынша зерделеу жұмыстарымен таныстырады және қорғайды. Берілетін уақыт: 4-5 минут.
2 номинация: «Жамбыл жырлары». Оқушылардың ән-жыр орындау шеберлігі байқауы. Жамбыл өлеңдерін, ән, терме-жырларларын аспаппен сүйемелдеу арқылы орындау. ІІ-ші номинация бойынша жеке орындаушылық қабылданады. Берілетін уақыт: 3 минут.
Ескерту: Оқушы бір ғана номинацияға қатыса алады
Номинациялар бойынша жұмыстар 2025 жылғы 17 ақпанға дейін қабылданады.
- Зерделеп-зерттеу жұмысын рәсімдеу талаптары:
Байқаудың ұйымдастыру комитетіне ұсынылатын жұмыстар:
- Зерттеу жұмысының жоспары.
- Зерттеу күнделігі.
- Зерттеу жұмысының мазмұны.
- Зерттеу жұмысының жоспары. Зерттеу жұмысының жоспары — тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттер тізбесі.
- «Зерттеу күнделігі». Зерделеу-зерттеу жұмысын жүргізу «Зерттеу күнделігі» арқылы ұсынылады. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен, ресурстармен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігінде автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.
- Зерттеу жұмысының мазмұны.
- Байқаудың қорытындысы – «Ұлы даланың жыр Жолбарысы» тақырыбындағы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауын ұйымдастыру және өткізу үшін Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі әкімшілігі Жамбыл аудандық білім бөлімімен келісе отырып, арнаулы бұйрық арқылы әділ қазылар құрамын бекітеді. Бекітілген әділ қазылар құрамына білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС мамандары енеді.
VІ. Аудандық «Ұлы даланың жыр Жолбарысы» тақырыбындағы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауы 2025 жылғы 21 ақпанда қорытындыланады.
VІІ. Қорытындылау және марапаттау
Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Аудандық білім бөлімі және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.