Іс-шаралар ережелері

«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша Облыстық Есенқұл Жақыпбеков оқулары  байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

Осы ереже «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін облыстық  Есенқұл Жақыпбеков оқулары байқауының  (бұдан әрі — байқау) мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.

Байқау мақсаты: Суырып салма дарынымен танылған айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Есенқұл Жақыпбековтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту.

Байқау міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқаудың ұйымдастырушысы:

Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС.

ІІ. Байқауға қатысушылар

Байқауға қатысушылар: жалпы білім беретін ұйымдардың 3-10 сыныптарының  мектептік кезеңнің жеңімпазы атанған оқушылары.

Байқау жұмысы қашықтан, қатысушының бейне жазбасын қарау арқылы іріктеледі.

ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Аудандық Есенқұл Жақыпбеков оқулары байқауы үш бағыт бойынша өткізіледі.

  1. «Суреттер сөйлейді». Есенқұл Жақыпбеков шығармаларын салынған суреттер арқылы жеткізу.

Қатысушы Есенқұл Жақыпбековтың өзі таңдаған бір туындысын сурет арқылы бейнелейді.

Қойылатын талаптар: байқауға 1 оқушы қатысады. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты — жөні, ауылының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет. Орындау техникасы: жұмыс форматы — А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі — түсті қарындаштар және т.б). Салынған сурет рамаға бекітіледі.

Салынған сурет рамаға бекітіліп ұйымдастыру комитетіне алдын-ала тапсырылады.

«Суреттер сөйлейді» номинациясында оқушы өзінің салған суретін көрсете отырып  сурет мазмұнын баяндауға міндетті.

  1. 2. «Мәнерлеп оқу»: Қатысушы Есенқұл Жақыпбековтың бір өлеңін жатқа оқиды және өздері білемін деп ұсынған өлеңдер тізбесінен Қазылар алқасы айт деп тапсырған өлеңді айта алуы тиіс.

Қойылатын талаптар: Оқушы қанша өлеңін жатқа білетіні туралы өлеңдер тізбесі мәтінімен жазылған папканы Қазылар алқасына ұсынады, «Мәнерлеп оқуда» осы өлеңдер жиынтығынан  кез – келген  өлеңді жатқа айту сұралады. Бағалау барысында жатқа білетін өлеңнің саны, шумақтар саны, мәнерлеп оқуы, киім үлгісі, сахналық мәдениетіне назар аударылады.

  1. «Ақынға арнау»- шығармашылық жұмыс. Әр қатысушы ақынға арналған өзінің туындысын: арнау өлең, ойтолғауларын (эссе) орындайды.

Ескерту: Бір оқушы тек бір номинацияға қатыса алады.

Номинациялар бойынша өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 1 ақпанға дейін.

ІV. Байқаудың әділ қазылар құрамы алдын-ала бекітіледі. Бекітілген әділ қазылар құрамына білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС  мамандары енеді.

VІ.  Облыстық «Есенқұл Жақыпбеков оқулары» байқауы 2025 жылғы 10 ақпанда (ақынның туған күні) өткізіледі.

VІІ.  Қорытындылау және марапаттау

Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Облыстық білім басқармасы және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.

Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін Алғыс хаттар беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme