«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Шындық пен сынның сардары» тақырыбындағы аудандық байқау ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Осы ереже аудандық «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Шындық пен сынның сардары» тақырыбындағы байқаудың (бұдан әрі — байқау) мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.
Байқау мақсаты: Сағат Әшімбаевтың шығармашылығы мен қоғамдық ой-пікірдегі рөлін насихаттау
Байқау міндеттері:
- Оқушылардың сыни ойлау қабілетін, шығармашылық шеберлігін дамыту
- Әдеби сынның ұлттық руханияттағы маңызын түсіндіру.
- Шындық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу.
Байқаудың ұйымдастырушысы:
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сағат Әшімбаев атындағы мектеп.
«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС.
ІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушылар: аудан мекептері оқушылары.
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Шындық пен сынның сардары» тақырыбындағы байқау 7-10 (11) сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады.
І -кезең. «Шындық жаршысы». Қатысушылар төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, мақала жазып ұсынады:
- «Сағат Әшімбаевтың шығармаларындағы ұлттық руханият»
- «Шындық айтылмаса, қоғам қалай өзгереді?»
- «Әдеби сын – ұлттық сананың айнасы»
- «Парасат майданы: әділдіктің биік шыңы»
Қойылатын талаптар: Жазба көлемі 500-800 сөз. Ой жүйелілігі, әдеби тілдің көркемдігі бағаланады. Плагиатқа жол берілмейді
.ІІ-кезең. «Қаламгердің ізбасары» (шығармашылық байқау). Өлең немесе ойтолғау жазу.
Ұсынылатын тақырыптар: «Шындықтың шырағы сөнбейді» (өлең). «Әділдік іздеген адам» (ойтолғау)
ІІІ-кезең. «Ой бейнелері», Сағат Әшімбаевтың ұлағатты сөздерін (афоризмдерін) бейнелеу арқылы жеткізу. Суреттеу жолдары: қағаз бетіне салынған сурет, құрақбейне (коллаж) жасау т.б.
Байқаудың қорытындысын қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған әділ қазылар құрамы анықтайды.
«Шындық пен сынның сардары» тақырыбындағы аудандық байқау 2025 жылғы 15 мамырда қорытындыланады.
VІІ. Қорытындылау және марапаттау
Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары аудандық және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.