Іс-шаралар ережелері

«Ұлттық мектеп үлгісі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты педагогикалық жәрмеңке өткізу туралы ереже

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС тәуелсіз еліміздегі алғашқы ұлттық мектеп моделін қалыптастырушы, «Сенім» оқу-тәрбие бағарламасының авторы, қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейін ашушы әйгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваны еске алу, ұлағатты ұстаздың еңбектерін насихаттау мақсатында «Ұлттық мектеп үлгісі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты сырттай педагогикалық жәрмеңке өткізеді.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім беру ұйымдарындағы ұлттық-рухани құндылықтарға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының жүйеленуіне ықпал ету және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
• Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру;
• Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы жүйеленген үлгілері мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың озық тәжірибелерін анықтау, насихаттау, тарату;
• Білім беру ұйымдарындағы «Тәрбие орталықтары» мен «Ата-аналар мектептері» жұмыстарын насихаттау.
• Тәрбие мәселелері бойынша білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Қатысушылар: Үздіксіз білім беру жүйесі мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдар, қосымша білім беру ұйымдары, колледждер мамандары, тәрбиешілер, мұғалімдер.
Жәрмеңкенің өткізілу тәртібі және мерзімі:
Жәрмеңке сырттай өткізіледі: қатысу кезеңі 2017 жылғы 15 қазанға дейін.
Келіп түскен жұмыстар мынадай номинациялар бойынша сарапталады:
— «Ұлттық мектеп үлгісі», білім беру ұйымдарының стратегиялық даму жоспарланрының рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталуы. Ерекше қызмет үлгілері. Жүйеленген жұмыстар мысалдары.
— «Дәстүрлі мектеп» үлгісі, білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ұлттық құндылықтарға негіздей жүйеленген тәрбие үлгілері. Мектептің ерекше дәстүрінің қалыптасуы. «Тәрбие орталықтары», «Ата-аналар мектебі», «Ақсақалдар алқасы» т.б. бірлескен шығармашылық жұмыстар үлгілері.
— «Шығармашыл ұстаз – пән мұғалімі» пәннің тәрбиелік мәнін, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған сабақ жоспарлары, топтамалары.
— «Шығармашыл ұстаз – қосымша білім беру педагогі» қосымша білім беруді ұйымдастырудың ерекше мазмұнды үлгілері. Үйірме, қолданбалы курстар т.б. авторлық бағдарламалары (қолданбалы курс, үйірме жұмысы, т.б)
— «Шығармашыл ұстаз – сынып жетекшісі», сыныптан тыс жұмыстардың ерекше мазмұнды, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған үлгілері. Жүйеленген жоспарлары, сынып сағаттары, жеке әзірлемелер т.б.
Жұмыс мазмұнын ашып көрсететін дәлелді материалдар қосымша ұсынылады: бейнежазбалар, әдістемелік материалдар, дисктер, слайдтық таныстырылым т.б. материалдар авторлық құқықтарымен республикаға тарату мақсатында сұралады. Материалдар жинағы шығарылады.
Электронды мекен-жайымыз: sheberlyk@gmail.com

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme