Өлкетану зертханасы
Түсінік
Оқушының жеке ізденісі мен зерттеу, айтылған пікір, ғылыми тұжырымдарды саралап, өзіндік тұжырымын айта білуіне жағдай тудыру – уақыт талабы. Осы бағытта тек ақпараттар мен деректерді біліп қана қоймай, оны жүйелеп, оқиғалар мен құбылыстарды зерделеп, шығармашылық жұмыс зертханасын жүргізе білу аса маңызды. Жұмыс барысында оқиға, дерек, фактілерді жан-жақты қарап, сараптау мүмкіндігі жоғары болады.
Мақсаты:
Оқушының зерттеу дағдыларын қалыптастыру: ғылыми және шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс жасауға, дереккөздер мен ақпараттарды талдап-сараптауға және тұжырымды пікір айтуға баулу.
Жұмыс бағыттары:
Өлке туралы, елді мекендер мен жер-су аттары туралы деректер жинау;
Жеке тұлғалар мен ауыл азаматтары туралы мәліметтерді жинақтау;
Ауданның тарихи кезеңдердегі тарихы, мұрағат деректерімен танысу;
«Деректер зертханасында» талдау жұмыстарын жүргізу;
«Тұжырымды пікір» азаматтық мінбері.
Ауылда:
- Білім беру
- Спорт
- Экономика
- Тұлғалар
- Географиясы
- Тарихы
- Мәдениеті
- Ақпараттық деректер қоры (статистика)
- Ауыл және өнер тарихы
- Ауыл кәсібі
- Жеке тұлғалардың белсенділік картасы
- Ауылдағы ғылыми ізденіс – ғылымға қажеттілік