Іс-шаралар ережелері

«Ұлы дала мұрасы» атты аудандық білім-өнер сайысын өткізу ережесі

 Жалпы ережелер

Бұл ереже Ұзынағаш өнер мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары  арасында  «Ұлы дала мұрасы»  атты аудандық білім-өнер сайысын өткізу тәртібін анықтайды.

  1. Білім-өнер сайысының мақсаты:

Жас ұрпақ бойына ұлттық мәдениет пен өнер құндылықтарын  сіңіру, олардың шығармашылық ойлауы мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

  • Жас ұрпақтың санасында ұлттық мәдениет пен халық өнерінің құндылықтарына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
  • Қазақ халқының мәдени-этномузыкалық мұраларының бірі жыраулар жырларын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау.
  • Халық арасындағы дарынды және өнерлі жас ұрпақ өкілдерінің танымал болуына жағдай туғызу.

Аудандық білім-өнер сайысын «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС мен Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебі бірлесіп өткізеді.

 Өткізілетін орны және уақыты

 «Ұлы дала мұрасы» атты аудандық білім-өнер сайысы 2019 жылдың ……………….. күні ………………………………………………өткізіледі.

«Ұлы дала мұрасы» атты аудандық білім-өнер сайысына қатысу туралы өтінімдер 2020 жылдың ………………….. дейін ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша жіберіледі: Текес ауылындағы өнер мектебі

Оқушының аты-жөні, мектебі, шығарманың аты, авторы.

Байланыс телефондары:    …………………………………..

3. Аудандық білім-өнер сайысына қатысушылар

Аудандық білім-өнер сайысына ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан білім беру ұйымдары қатыса алады.

Әр мектептен қатысатын топ құрамы бір мектептен – 5 оқушыға дейін және 1 топ жетекшісі.

Топ жетекшісі білім-өнер сайысы өтетін жерге дейінгі жолда, оны өткізу кезінде және тұратын жеріне кері қайту жолында қатысушылардың қауіпсіздігі үшін толық жауапты.

 4. Өткізу тәртібі

 Білім-өнер сайысы мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

І. Жырлардан үзіндіні жатқа айту (Қазтуған, Асан қайғы, Жиембет, Марқасқа,  Ақтамберді жырау,  Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Шал ақын, Жанақ ақын, өзге де жыраулар жырларынан) – 3-5 минут. (1 мектеп командасы – 1 жыраудың жырынан бір үзінді айтады)

Бағалау өлшемдері:

Дауыс ырғағы; Оқу мәнері; Сахна мәдениеті; Уақытқа сәйкестігі.

ІІ. Әр топ 1 тарихи жәдігерді таныстыру (тұрмысқа қажетті, ертеректе пайдаланылған құралдар, үй жиһаздары, т.б. кез-келген зат болуы мүмкін). Кім пайдаланған, маңызы қандай болған, нендей материалдан жасалған, қашан пайдаланылған деген сияқты сұрақтарды ашу (3 минут).

Бағалау өлшемдері:

Заттың, ақпараттың құндылығы; Мазмұндылығы; Таныстырылымның уақытқа сәйкестігі.

ІІІ. Шығармашылық тапсырма орындау. Ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады. Қызықты, ой-өрісті дамытатын, жылдамдық, ептілікке арналған жағдаяттар беріледі.  (5 минут).

Бағалау өлшемдері:

Аудиториямен қарым-қатынас шеберлігі; Шапшаңдығы; Уақытқа сәйкес нәтижесі.

Білім-өнер сайысында оқушылар тарих, фольклор, қазақ халқының салт-дәстүрлерін берілетін тақырыптарға қосуы, ақындық шеберлігі мен суырып-салма өнерін көрсете білуі тиіс.

Әділқазылар алқасы оқушылардың әуенге салу, домбыра, музыкалық аспапта ойнау шеберліктерін де бағалайды.

 Марапаттау

 Жеңімпаздарды әділқазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасын ұйымдастыру комитеті құрады және бекітеді.

Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme