Іс-шаралар ережелері

Аудандық «Ғасыр үні» тақырыбындағы  Жамбыл Жабаевтың шығармашылығының ерекшелігін зерделеп-зерттеу байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже

Осы ереже аудандық «Ғасыр үні» тақырыбындағы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауының  (бұдан әрі — байқау) мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.

Байқау мақсаты: Ұлы ақын, қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ақынның шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету.

Байқау міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқаудың ұйымдастырушысы:

Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі және ББЖҰ координациялық орталығы.

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС қолдауымен.

ІІ. Байқауға қатысушылар

Байқауға қатысушылар: жалпы білім беретін ұйымдардың 7 — 11 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқау жұмысы қашықтан, қатысушының бейне жазбасын қарау арқылы ұйымдастырылады.

ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Аудандық «Ғасыр үні» тақырыбындағы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауы екі бағыт бойынша өткізіледі, 3 бағыт екі бағытқа да ортақ жұмыс болып табылады.

1 номинация: «Күйшілік пен жыршылық арнасы» Жамбыл шығармашылығындағы күйшілік және жыр орындау ерекшелігін зерттеп,  таныстыру.

2 номинация: «Айтыс мектебінің ұстазы» Жетісу ақындық мектебі және Жамбыл шәкірттері туралы тың деректер.

  1. «Күй-дария», «Жыршылық дәстүр» — орындаушылық өнер. Ақынның шығармаларын орындау (1 күй немесе 1 жыр)

ІV. Қойылатын талаптар: байқауға әр номинация бойынша (1-ші және 2-ші) жеке оқушы немесе 3 оқушыдан тұратын зерттеу тобы қатыса алады және осы топтағы бір оқушының жеке орындаушылығы қабылданады. Оқушы ақынның күйлері мен жырларын бір шығарма орындайды. Бір мектеп 1 ғана номинацияны таңдауына болады. Орындаушылық өнер 2 номинацияға да міндетті.

Ондаушылық кезеңге берілетін уақыт: 2-3 минут.

Номинациялар бойынша тапсырмаларды қабылдау 2021 жылғы 20 ақпанға дейін.

  1. Зерделеп-зерттеу жұмысын рәсімдеу талаптары:

«Күйшілік пен жыршылық арнасы» Жамбыл шығармашылығындағы күйшілік және жыр орындау ерекшелігін зерттеп,  таныстыру және «Айтыс мектебінің ұстазы» Жетісу ақындық мектебі және Жамбыл шәкірттері туралы тың деректерді  зерделеу жобаларын қорғау.

Қойылатын талаптар: байқауға жеке оқушы немесе 3 оқушыдан тұратын зерттеу тобы қатыса алады. Қатысушы таңдаған тақырыптары бойынша Жамбыл шығармашылығындағы күйшілік және жыр орындау ерекшелігін зерттеп,  таныстырады немесе Жетісу ақындық мектебі және Жамбыл шәкірттері туралы тың деректерді  зерделеу жұмыстарымен таныстырады, жоба жұмысын қорғайды.

Ұсынылатын жұмыстар:

  1. Зерттеу жұмысының жоспары. Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған мақсатқа жетуге бағытталады.
  2. «Зерттеу күнделігі». Зерделеу-зерттеу жұмысын жүргізу «Зерттеу күнделігі» арқылы ұсынылады.   Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігінде автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme