Аудандық «Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығының ерекшелігін зерделеп-зерттеу байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Осы ереже аудандық «Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауының (бұдан әрі — байқау) мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.
Байқау мақсаты: Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету.
Байқау міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқаудың ұйымдастырушысы:
Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі және ББЖҰ координациялық орталығы.
«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС қолдауымен. (Ережені ұсынушы).
ІІ. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушылар: жалпы білім беретін ұйымдардың 7 — 11 сынып оқушылары қатыса алады.
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Аудандық «Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауы 3 бағыт бойынша өткізіледі.
1 номинация: «Мұқағали поэзиясы» — Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, еңбек жолын зерттеп, зерделеу.
2 номинация: «Мен таныған Мұқағали» — Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық жолы, ақындығы туралы замандастары мен көзін көрген адамдардың пікірлерін, естеліктерін жинақтау, зерделеу. Шығармаларының шығу тарихтарына үңілу, ой түю.
3 номинация: «Мұқағали кейіпкерлері» — Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы кейіпкелер туралы ізденіс жұмысы.
ІV. Қойылатын талаптар: байқауға бір номинация бойынша жеке оқушы немесе 3 оқушыдан тұратын зерттеу тобы болып қатыса алады.
Жұмыс міндетті түрде аймақ аралық кезеңде іріктеліп ұсынылады.
Аймақ аралық іріктеуге бір мектептен әр номинациядан — 1 жұмыстан ғана қабылданады. Жұмыстарды ауданға іріктеп ұсынуға аймақтардың педагог-ұйымдастырушылар жетекшілері және Қарғалы шығармашылық үйі жауапты.
Номинациялар бойынша зерттеу жұмыстарын қабылдау 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін.
- Зерделеп-зерттеу жұмысын рәсімдеу талаптары:
Қойылатын талаптар, ұсынылатын жұмыстар:
5.1. Зерттеу жұмысының жоспары. Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған мақсатқа жетуге бағытталады.
5.2. «Зерттеу күнделігі». Зерделеу-зерттеу жұмысын жүргізу «Зерттеу күнделігі» арқылы ұсынылады. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігінде автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.
5.3. Қатысушы таңдаған тақырыптары бойынша зерделеу-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдерімен таныстырады, зерттеу жұмысын қорғайды.
5.4. Зерттеу жұмысына келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:
— аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
— ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
— оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
— зерттеу күнделігі.
VІ. Байқаудың қорытындысы – «Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауын ұйымдастыру және өткізу үшін Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі әкімшілігі Жамбыл аудандық білім бөлімімен келісе отырып, арнаулы бұйрық арқылы әділ қазылар құрамын бекітеді.
VІІ. Бекітілген әділ қазылар құрамына білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС мамандары енеді.
VІІІ. Аудандық «Жетісу жыр иірімдері» тақырыбындағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын зерделеп-зерттеу байқауын қорытындылау мерзімі қосымша хабарланады.
ІХ. Қорытындылау және марапаттау
Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары Аудандық білім бөлімі және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін Алғыс хаттар беріледі.