Орталық шаралары

«Аспантаудың қос қыраны» тақырыбындағы алғашқы аудандық байқау туралы

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС-нің «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша 2024 жылғы 16 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жамбыл ауылындағы С.Әшімбаев атындағы орта мектепте орта білім беретін   мектеп оқушыларының арасында «Аспантаудың қос қыраны» тақырыбындағы алғашқы аудандық байқау өткізілді.

Аудандық байқау мектеп оқушылары арасында балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев және әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтардың өнегелі өмірлерін насихаттауға бағытталды. Оқушылардың отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, туған жерінің рухани мұраларына сүйіспеншілікті дарыту міндеттерін көздеді.

Үш кезеңнен құралған байқау тапсырмаларын орындауда мектеп оқушыларының шығармашылығы көпшілікті сүйсіндірді.

Шараға Райымбек ауданы әкімдігінің өкілдері және Аудандық  білім бөлімінің басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығының бұл бастамасына аудан халқы атынан әкімшілік басшылары ризашылықтарын білдірді.

Өз тарапымнан Орталық жұмысын жүргізудегі серіктестерім  — Айсұлу Қасымбек пен  Майра Валиеваға шынайы алғысымды айтамын.

Шара туралы толығырақ кейінірек баяндандаймын…..

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme