«Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы аудандық байқау туралы
«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС-нің «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша 2024 жылғы 15 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылындағы А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектепте орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы аудандық байқау өткізілді.
Аудандық байқау мектеп оқушылары арасында Алтынбек Сәрсенбайұлының тұлғалық болмысын насихаттауға, оның демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен ұлтжандылық қасиеттерін оқушылардың бойында дарытуға бағытталған. Қоғам қайраткерінің өмір жолын зерделей отырып, оның өмірлік ұстанымдарын танып білу жасөспірімдер бойындағы патриоттық сезімді күшейтуге ықпалы зор екендігі сөзсіз…
Шараға Райымбек ауданы әкімдігінің Аудандық білім бөлімінің басшылары, Белгілі қоғам қайраткерінің отбасы мүшелері қатысты.
Байқау тапсырмалары «Дана халықтың дара тұлғасы» тақырыбында жеке шығармашылық жұмыс (ойтолғау, өлең, арнау т.б ) орындау және «Алтынбек –Алаштың асыл азаматы» тақырыбында шағын зерттеу жұмысын жасаудан құралды.
Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғанда өткізілген бұл шараға аудан мектептерінің басым көпшілігі қатысты.
Шығармашылық шеберлікке баулу орталығының бұл бастамасына аудан халқы атынан әкімшілік басшылары ризашылықтарын білдірді.
Өз тарапымнан Орталық жұмысын жүргізудегі серіктестерім — Айсұлу Қасымбек пен Майра Валиеваға шынайы алғысымды айтамын.
Шара туралы толығырақ кейінірек баяндандаймын…..


