Біліктілік арттыру курстарының оқу бағдарламалары

Әзірлеп ұсынған: Кажиева Гульнар Токаевна, тренер- оқытушы , п-пс.ғ.магистрі, 5-6-7 сынып оқушыларына арналған «Жаһандық құзыреттер» оқулығының авторы.

 Білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері мен әдіскерлеріне  арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының ««Жаһандық құзыреттер» пәнін оқытудың талаптары мен ерекшеліктері»  тақырыбындағы білім беру бағдарламасы

 Кіріспе

Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлер мен пән мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының ««Жаһандық құзыреттер» пәнін оқытудың талаптары мен ерекшеліктері»  тақырыбындағы білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында білім берудегі басым жүйелік проблемалардан және педагогикалық қоғамдастық проблемаларынан білім алушыға және оның қажеттіліктеріне қайта бағдарлау болып табылады.

Білім беру ұйымдарында адамның білімділік деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар өз өмірлік мүдделеріне, қазақстандық қоғамның мүдделерінде де шығармашылық әлеуетін серпінді әлеуметтік-экономикалық жағдайларда іске асыруға қабілетті, түлектің түйінді құзыреттеріне ие, адамгершілігі жоғары және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін атмосфераны қалыптастыру білім беру жүйесінің таяудағы жеті жылға арналған негізгі бағдарына айналуға тиіс екендігі туралы айтылады.

Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін оның еңбек жолы, білім беру ісіндегі үздіксіз даму үдерісіне сәйкес кәсіби біліктілігін арттыру ізденісі, тың тәжірибесі мен шығармашыл тұлғалық болмысы айқындай түседі. Іскер, шығармашыл педагог білім алушыларды болашаққа дайындауды білім беру мазмұнының құндылық аспектісін өзектендіру, оқу бағдарламаларының жаһандық құзыреттіліктерді, эмоционалды зияткерлікті, сыни ойлауды, білім алушылардың кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылығы негіздерін қалыптастыруға бағыттауы, оқытуды бейіндік саралау және даралау арқылы жүргізу, оқыту бағыттарын таңдаудың кең және икемді мүмкіндіктері арқылы жүргізу қағидаттары негізінде сомдалады.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Білім беру ұйымдарының педагогтеріне, пән мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының ««Жаһандық құзыреттер» пәнін оқытудың талаптары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама).
  2. Бағдарлама білім беру ұйымдарының педагог мамандарын, пән мұғалімдерін оқытуға, олардың пәнді оқытудағы кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған.

2-тарау. Глоссарий

бағалау – әзірленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;

бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;

білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;

білім беру құндылықтары – білім беру мазмұнын айқындау үшін негіз болатын, білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар;

жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;

жаһандық құзыреттер – бұл нақты дағдылар емес, қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін кез келген проблемаларды шешуге қатысу қолданылатын білім, білік, көзқарас пен құндылықтардың үйлесімі;

этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Т

әдеп — моральдық категория, адамдар қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіретін ұғым.

қаржылық сауаттылық — қаржы өнімдері мен қызметі туралы білім;

медиасауаттылық – бұл ақпаратты дұрыс іздеу, тексеру, анализ жасау және сыни ойлау;

цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы;

экологиялық мәдениет — жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады;

үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;

формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;

оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;

 

3-тарау. Бағдарлама тақырыптары

1 модуль.

Жаһандық құзыреттер және заңнамалық бөлім.

«Педагог» кәсіптік стандарты

Уақыт талабы: Білім кеңістігіндегі жаңашылдық.

Жаһандық құзыреттіліктерге кіріспе: Қазіргі әлемдегі жаһандық құзыреттіліктерді дамытудың тұжырымдамалары, мақсаттары және маңыздылығы.

Заңнамалық біліктілік

2 модуль.

«Жаһандық құзыреттер» пәнінің  мазмұны,  оқыту талаптары

Жаһандық білім беру негіздері. Қазіргі білім берудегі анықтамасы, маңызы және рөлі.

Мәдениетаралық байланыс және оларды өзара ықпалдастыру жолдары.

Оқушылардың жаһандық құзыреттілігін дамыту: пән мазмұны және бөлімдері

«Жаһандық құзыреттер» пәнін оқытуға қойылатын талаптар.

Пән мазмұнын меңгеру: Сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамыту

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – ғасырлар тәжірибесі: пәнді оқытудағы дала даналығы мен заманауи жаңашылдық үйлесімі (белсенді оқыту әдістері)

3 модуль.

«Жаһандық құзыреттер» пәнін оқыту әдістемелері

Оқушылардың жаһандық құзыреттілігін дамыту: оқыту әдістері мен технологиялары

Пәндік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына біріктіру. Жоспарлау.

Жаһандық құзыреттілікті дамыту контекстіндегі ынтымақтастық және коммуникация.

Жаһандық құзыреттілікті дамытудағы жобалық қызмет және проблемалық оқыту.

4 модуль. Пәнді оқытудағы шығармашылық бағдар

Пәнді оқытудағы мұғалімнің жеке идеялары мен шығармашылық жұмыс бағыттары.

АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары. Геймификациялық сабақтар құру.

Жаһандық құзыреттілікті дамыту үшін оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

 5 модуль.

Нәтиже алаңы

Оқу материалдары мен тапсырмаларды бейімдеу.

Жеке тәжірибе, кәсіби жоба, әдістемелік жазбалар.

Курстан кейінгі қолдау.

 

4-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер

  1. Бағдарламаның мақсаты білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар пән мұғалімдерінің оқушыларда жаһандық дағдылар мен білімді табысты қалыптастыру үшін қажетті құзыреттіліктерін дамыту.
  2. Бағдарламаның міндеттері:
    • Тыңдаушылардың заманауи білім беру жүйесі мен «Жаһандық құзыреттер» пәніне қатысты нормативтік-құқықтық білімін арттыру;
    • Тыңдаушыларды жаһандық құзыреттіліктің негізгі тұжырымдамалары мен теорияларын зерттеуге жұмылдыру және заманауи оқу-тәрбие үдерісімен үйлестіру ерекшеліктерімен таныстыру;
    • Тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық тәрбие жүйесін зерделеп, оқушылардың жаһандық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететін оқыту әдістері мен стратегияларын әзірлеуге үлес қосу.
    • Ұлттық құндылықтарға негізделген білімді арттыру, жаһандық құзыреттілікті дамытуға бағытталған практикалық сабақтар мен жобаларды өткізу, оқу процесінде жаһандық құзыреттіліктерді қолдану тиімділігін талдау және бағалау.
  3. Тыңдаушылар курс аяқталғаннан кейін:
  • Пәнді оқытуға қатысты заманауи білім беру жолдары мен «Жаһандық құзыреттер» пәніне қатысты нормативтік-құқықтық білімі артады;
  • Тыңдаушылар жаһандық құзыреттіліктің негізгі тұжырымдамалары мен теорияларын зерттеуге жұмылдырылады және заманауи оқу-тәрбие үдерісімен үйлестіру ерекшеліктерімен танысады;
  • Тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық тәрбие жүйесін зерделей алады, оқушылардың жаһандық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ететін оқыту әдістері мен стратегияларын меңгереді;
  • Ұлттық құндылықтарға негізделген білімді арттыру, жаһандық құзыреттілікті дамытуға бағытталған практикалық сабақтар мен жобаларды өткізу машықтары қалыптасады, оқу процесінде жаһандық құзыреттіліктерді қолдану тиімділігін талдай алады және бағалау өлшемдерін меңгереді.
  • өзіндік бақылау және өзіндік басқару дағдыларын, тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына ықпал етуге бағытталған сапалы білім беруді ұйымдастыруда жоспарлау әдістерін, талдау әдістемелерін, бірлескен оқыту әдістемелерін қолдана отырып сапалы білім беру дағдыларын жетілдіру әдістерін меңгереді.

5 тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

  1. Бағдарлама 5 модульден тұрады:
  • Жаһандық құзыреттер және заңнамалық бөлім
  • «Жаһандық құзыреттер» пәнінің мазмұны,  оқыту талаптары
  • «Жаһандық құзыреттер» пәнін оқыту әдістемелері
  • Пәнді оқытудағы шығармашылық бағдар.
  • Нәтиже алаңы.

Аталған модульдар ««Педагогтік идеялар шеберханасы», «Пән мұғалімінің зертханасы» «Шығармашылық-ізденіс бағдары», «Іскер педагог»» модульдарына топтастырылып, тыңдаушылардың сабақ беру ізденісін ұштау, оқушы қызығушылығына бағдар беріп, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуіне бағыт бағдар беру, әріптестік қауымдастық құру көзделеді.

  1. Модульдердің мазмұны осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес оқыту-тақырыптық жоспарға (бұдан әрі – ОТЖ) негізделеді.

Вариативті модульдің тақырыптары тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы және («төңкерілген сабақ») үй тапсырмасы негізінде анықталады.

 6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру

  1. Біліктілікті арттыру курстары:
  • осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндізгі оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндізгі оқу курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;
  1. Тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
  2. Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік жұмыс, көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режимінде вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.

Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін профессор-оқытушылар құрамы Бағдарлама мазмұнын меңгеруді бағалаудың критерийлері мен параметрлерін әзірлеп, курстың ОӘК-не енгізеді.

 Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары

  Сабақтың тақырыптары

Дәріс

Таңдау бойынша сабақ

Практикалық сабақ

семинар

Тренинг

Шеберлік класс

Дөңгелек үстел

жобалау  таныстырылымы

Барлығы

1 модуль Жаһандық құзыреттер және заңнамалық бөлім.

4

 

2

2

2

 

 

 

10

1.1

«Педагог» кәсіптік стандарты

 

 

2

 

 

 

 

 

2

1.2

Уақыт талабы: Білім кеңістігіндегі жаңашылдық.

2

 

 

 

 

 

 

 

2

1.3

Жаһандық құзыреттіліктерге кіріспе: Қазіргі әлемдегі жаһандық құзыреттіліктерді дамытудың тұжырымдамалары, мақсаттары және маңыздылы.

2

 

 

 

2

 

 

 

4

1.4

Заңнамалық біліктілік

 

 

 

2

 

 

 

 

2

2 модуль.  «Жаһандық құзыреттер» пәнінің  мазмұны,  оқыту талаптары

4

 

6

6

2

4

 

 

22

2.1

Жаһандық білім беру негіздері. Қазіргі білім берудегі анықтамасы, маңызы және рөлі.

2

 

 

2

 

 

 

 

4

2.2

Мәдениетаралық байланыс және оларды өзара ықпалдастыру жолдары.

 

 

 

4

 

 

 

 

4

2.3

Оқушылардың жаһандық құзыреттілігін дамыту: пән мазмұны және бөлімдері

2

 

2

 

 

 

 

 

4

2.4

«Жаһандық құзыреттер» пәнін оқытуға қойылатын талаптар.

 

 

4

 

 

 

 

 

4

2.5

Пән мазмұнын меңгеру: Сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамыту

 

 

 

 

 

4

 

 

4

2.6

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – ғасырлар тәжірибесі: пәнді оқытудағы дала даналығы мен заманауи жаңашылдық үйлесімі (белсенді оқыту әдістері)

 

 

 

 

2

 

 

 

2

3 модуль. «Жаһандық құзыреттер» пәнін оқыту әдістемелері

4

2

8

4

4

 

 

 

22

3.1

Оқушылардың жаһандық құзыреттілігін дамыту: оқыту әдістері мен технологиялары

2

 

4

 

 

 

 

 

6

3.2

Пәндік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына біріктіру. Жоспарлау.

 

2

 

 

4

 

 

 

6

3.3

Жаһандық құзыреттілікті дамыту контекстіндегі ынтымақтастық және коммуникация.

2

 

 

4

 

 

 

 

6

3.4

Жаһандық құзыреттілікті дамытудағы жобалық қызмет және проблемалық оқыту.

 

 

4

 

 

 

 

 

4

4 модуль. Шығармашылық бағдар

 

 

 

8

6

 

 

 

14

4.1

Пәнді оқытудағы мұғалімнің жеке идеялары мен шығармашылық жұмыс бағыттары.

 

 

 

2

2

 

 

 

4

4.2

АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары. Геймификациялық сабақтар құру.

 

 

 

4

2

 

 

 

6

4.3

Жаһандық құзыреттілікті дамыту үшін оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

 

 

 

2

2

 

 

 

4

5 модуль. Нәтиже алаңы

 

 

 

 

 

6

 

6

12

5.1

Оқу материалдары мен тапсырмаларды бейімдеу.

 

 

 

 

 

6

 

 

6

5.2

Жеке тәжірибе, кәсіби жоба, әдістемелік жазбалар

 

 

 

 

 

 

 

6

6

 

Барлығы

12

2

16

20

14

10

0

6

80

Ескертпе: 1 академиялық сағат – 45 минут.

 

7-тарау. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Оқытудың әдістері: интерактивті әдістер, тұсаукесер, топтық жұмыс, диагностика, түзету жұмыстары, рефлекция т.б.

Оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету: компьютер, интербелсенді тақта,  әдістемелік үлестірмелі материалдар,  нұсқаулар,  проекциялық аппараттар т.б.

1 модуль. Жаһандық құзыреттер және заңнамалық бөлім.

Оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді:  күндізгі оқу – 8 сағат (дәріс — 6 сағат, семинар-2 сағат)

Модуль бағдарлама құрылымындағы  білім беру саласындағы нормтивтік-құқықтық құжаттардың мазмұнын, білім беру, оның ішінде пән мұғалімдері үшін  білім берудің жаңа парадигмасын ендірудің тұжырымдамалық негіздерін ашып көрсетуге бағытталған.

Кіріспе және заңнамалық бөлім модулінің мақсаты: оқып-үйренуге арналған нормативтік құжаттарға сәйкес педагогтың өзінің кәсіби қызметін жобалау бойынша кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

 Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілерімен танысады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы № 500 бұйрығы қарастырылады. Қазіргі әлемдегі жаһандық құзыреттіліктерді дамытудың тұжырымдамалары, мақсаттары және маңыздылығы талқыланады.

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы № 500 бұйрықтары талқыланады. Кәсіптік стандарттың нақты педагогтің кәсіби қызметіне, еңбек жағдайы мен біліктілік деңгейіне, құзыреттілігіне, қызмет мазмұны мен сапасына қойылатын талаптар екендігі түсіндіріледі.

2 модуль.  «Жаһандық құзыреттер» пәнінің  мазмұны,  оқыту талаптары.

 Модульдің мақсаты: Курс тыңдаушыларына «Жаһандық құзыреттер» пәнінің  мазмұны,  оқыту талаптары туралы түсінік беріледі. Жаһандық білім беру негіздері. Қазіргі білім берудегі анықтамасы, маңызы және рөлі. Мәдениетаралық байланыс және оларды өзара ықпалдастыру жолдары. Оқушылардың жаһандық құзыреттілігін дамыту: пән мазмұны және бөлімдері. «Жаһандық құзыреттер» пәнін оқытуға қойылатын талаптар. Пән мазмұнын меңгеру: Сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – ғасырлар тәжірибесі: пәнді оқытудағы дала даналығы мен заманауи жаңашылдық үйлесімі (белсенді оқыту әдістері) тақырыптары қарастырылады.

Ғылым мен техниканың дамуы әлемнің жаңаруы мен жаһандануына ықпал етуде. Жаһандану дәуірі терең білім және іскерлік қабілеттерді талап етеді. Ол үшін оқып-ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларыңды тереңдету керек.

Оқулықта «Этика және әдеп», «Азаматтық және патриотизм»,  «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық», «Өмір сүру қауіпсіздігі», «Экологиялық мәдениет» атауларымен бес бөлім берілген.

«Этика және әдеп» бөлімінде оқушы бойына ізгі ниет және көркем мінез, жеке қасиетттерді қалыптастыру,  «Азаматтық және патриотизм» бөлімінде Отанды сүю, ел азаматы ретінде жауапкершілікті сезіну, азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері қарастырылады.  «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» бөлімі – заманауи цифрландыру, қаржыны басқару және тағы басқа ақпараттармен танысуға жол ашады. «Өмір сүру қауіпсіздігі» бөлімінде қауіпсіз ортада өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, тұлғаны әлеуметтік ортаға бейімдеу ұсынылса, «Экологиялық мәдениет» бөлімінде денсаулық күтімі, табиғатты қорғау мәселелерін меңгеруге қатысты білім көздері ұсынылады.

3 модуль. «Жаһандық құзыреттер» пәнін оқыту әдістемелері.

Жаһандық құзыреттер – пәндік мазмұны, құндылық негізі бар және әмбебап дағдыларды қа- лыптастыруға бағытталған құндылықтар компоненті. Жаһандық құзыреттер пәні оқушының танымдық өрісін кеңейтіп, білім деңгейін арттырады. Оқушы өзекті мәселелерді шешу үшін кез келген пәндік білім көздерінің негізгі идеяларын, әдістерін өз тәжірибесінде қолданады. Бұл пәнді оқу барысында оқушы өзекті мәселені анықтау, зерттеу, тиімді жұмыс бағыттарын ұйымдастыру және білімін өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Бұл модульде: Оқушылардың жаһандық құзыреттілігін дамыту: оқыту әдістері мен технологиялары. Пәндік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына біріктіру. Жоспарлау. Жаһандық құзыреттілікті дамыту контекстіндегі ынтымақтастық және коммуникация. Жаһандық құзыреттілікті дамытудағы жобалық қызмет және проблемалық оқыту мәселелері қарастырылады.

Сабақ барысында түрлі әдіс, техника, тәсілдерді қолдана отырып дамыту қарастырылатын дағды түрлері: Қарым-қатынас, тіл табысу (коммуникация). «Келіссөздер жүргізу» және «ортақ тіл табуға» қабілеттілік, әңгімелесушінің мәртебесі мен рөліне сәйкес қарым-қатынас жасау, әңгімелесушімен «байланыс нүктелерін» таба білу, ауызша келісімдер мен шарттар жасау және т.б.

Ақпаратты өңдеу, қолдану. Ақпаратты жинау, онымен жұмыс істеу: нақты сұрақтар қою, ақпа- ратты жазу, оны түсінікті түрде ұсыну және бұрмалаусыз және кемшіліктерсіз қолдана білу.

Сезіммен түйсіну (эмоциялық интеллект). «Жоғары EQ» – эмоцияларды тану, оларды ажырата білу, қажет кезде эмоцияны білдіру; өзінің және басқалардың эмоцияларын реттеу; эмоцияны уақытында байқап көру және пайдалану қабілеті, мысалы, жаңа нәрсе ойлап табу немесе жоспарлаумен айналысуға, яғни өз міндеттерін орындау үшін эмоцияларды қолдануға мүмкіндік береді. Дәлел-дәйекпен сөйлеу (аргументация). Пікір, көзқарасты тұжырымдай білу, оны нақты, сенімді түрде айту, өз пікірін қорғау, «иә» және «қарсымын» деген пікірлерге айқын дәлелдер келтіру. Бұл сыни тұрғыдан ойлауды қажет етеді.

Қызығу және ынталану. Қызығу – шығармашылық пен ізденіс бастауы. Адамдардың ынталы түрде ден қойып жұмыс істеуіне ықпал ету үшін олардың ойын және ниетін түсіну, олардың жеке құндылықтарын зерттеу орынды. Білімді қолдану дағдысын зерделеп, дамыту маңызды.

Білімді шешім табу көзі ретінде қолдану. Түрлі жағдаяттарда басқалардың көзқарастарын бағалау, өз пікірімен салыстыру, тиімді, шынайы, әділетті шешімдерді табуға дағдылану – кез келген салада және кез келген жұмыста маңызды әрекеттер қоры.

4 модуль. Пәнді оқытудағы шығармашылық бағдар.

Ұсынылған оқулық – мұғалім мен оқушыға арналған қолданыс құралы және тәжірибе, ізденіс пен шеберлікті ұштау бағдары. Мектепте оқытуды ұйымдастыру формасы – сабақ, ал жаңашыл әрі нәтижелі сабақ – заманауи талапқа сай, тың әдіс-тәсілдер жүзеге асырылатын, шығармашылық (авторлық) ізденіс әлемі. Олай болса, оқулық пен мұғалім шеберлігі – бірін- бірі толықтырып отыратын теория мен тәжірибе үйлесімі.

Бұл бағытта оқулық құрылымында мұғалімге көмек болар айдарлар берілген:

Білімді меңгеру дағдыларының топтамасы: «Меңгерілетін білім» – сабақ мақсатын анықтау. «Түйін сөздер» – сабақ мазмұнына қатысты ойларды түйіндейтін сөздер. «Маңызды ақпарат» – тақырыпқа қатысты ұғымдар, мәліметтер, де- ректермен танысу. «Біліміңді тексер!» – кері байланыс, сабақ соңында өзіне ұнаған маңызды ақпарат туралы ой бөлісу.

Белсенді танымдық әрекеттер топтамасы: «Талда!» – тақырыпқа қатысты ой тұжырымдау, ұсынылған ақпаратты талдау, өз түсінігін айту (жазу). «Өзіндік жұмыс» – жеке, жұппен, топпен орындалатын ізденіс тапсырмалары. «Ойна да, ойла!» – рөлдік, танымдық, іскерлік және геймификациялық ойындар. «Жағдаяттық тапсырмалар» – түрлі жағдаяттарда шешім қабылдап үйренуге арналған тапсырмалар.

Психологиялық қолдау топтамасы: «Кел, ойланайық!» – сабақ тақырыбын қозғау алдындағы ойтолғаныс, зейін бағыттау. «Қызықты ақпарат» – тақырып- қа қатысты қызығушылығын арттыратын қосымша мәліметтер.

Пәнді оқытудағы мұғалімнің жеке идеялары мен шығармашылық жұмыс бағыттары. АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары. Геймификациялық сабақтар құру. Жаһандық құзыреттілікті дамыту үшін оқытудың интерактивті әдістерін қолдану тақырыптары арқылы тыңдаушыларға шығармашылық бағдар беріледі.

5 модуль. Нәтиже алаңы.

Педагог ізденісі мен жаңа форматтағы болмысын айқындайтын, оның жеке шығармашылығын дамытуына мүмкіндік беретін, жаңашылдығын жинақтайтын «Әдістемелік күндер», «Өзін‑өзі дамыту алаңы», «Іскер эксперименттер мен табысты идеялар» алаңы атауларымен  тәжірибелік жұмыстар жасалады. Жеке тәжірибе, тақырыптық жобалар, әдістемелік жазбалар әзірленіп, талқыланады.

Оқу материалдары мен тапсырмаларды бейімдеу, жеке тәжірибе, кәсіби жоба, әдістемелік жазбалар жазу арқылы тыңдаушылар алған білімдерін бекітеді.

Модуль мазмұны бойынша тыңдаушылар  таңдаған тақырыптары бойынша белгілі бір мәселелерді шешуге байланысты кәсіби құзыреттіліктерін арттырады.

Жобалық жұмыстар жүргізу.

Бір жобалық тақырыппен 4-5 адамнан тұратын топ жұмыс істейді. Әрбір топ өз жобасын даярлайды.

Жоба мынадай құрылымдық құрауыштардан тұрады:

Бастапқы бет (ұйымның атауы, әзірлеушінің(лердің) ТАӘ, жылы, қала көрсетіледі).

Мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша көрсетіледі).

Кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу, жұмыстың, пайдаланылған дереккөздердің мақсаттары мен міндеттері, негізгі проблемалардың тұжырымдалуы мен қысқаша сипаттамасы беріледі).

Негізгі бөлім (кіріспеде қойылған проблема ашылады, дереккөздер материалдарында оны шешу жолдары және бұрыннан бар тиімді практикада бақыланады, дәлелді ұстаным көрсетіледі, оған әртүрлі көзқарас сипатталады және оларға автордың қатынасы білдіріледі.

Қорытынды (жобаның ұсынылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің негізгі қорытындысы шығарылады, жалпыланған қорытындылар жасалады немесе зерттеу нәтижелірен нақты пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар беріледі).

Пайдаланылған дереккөздер тізімі

Қосымшалар (қажет жағдайда).

Слайдтар түріндегі таныстырылым.

 Шығармашылық жоба тақырыптарының тізімі:

  1. Тұлға болмысы: ұлттық санасынының қалыптасуына мәдени, ұлттық құндылықтардың тигізер әсері. Сәлемдесу мәдениеті, жауапкершілік, достық ұғымдарын оқушыларға түсіндіру жолдары.
  2. «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу. Ибалы, ізетті, өнерлі, іскер азамат қалыптастыру жолдары.
  3. Отанды, халқын, жерін, елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу тұжырымдамасы.
  4. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» — адал, арлы азамат тәрбиелеу тұжырымдамасы.
  5. Қоғамдық ортадағы тұлға мәдениеті және оны қалыптастыру жолдары.
  6. Ақпараттық сауаттылық және әлеуметтік желіні қолдану мәдениетін қалыптастыру.
  7. Қаржылық сауаттылықтың адам еңбегімен байланысы туралы білімді қалай беруге болады?
  8. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір сабақтары.
  9. Оқушыны еңбекке баулу және бала еңбегінің бағалануын ұйымдастыру жолдары. Ынталандыру.
  10. Мұғалімнің сабақты жоспарлауы. Геймификациялық сабақтарды енгізу мысалдары.
  11. Педагогикалық кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуы, артуы және білім сапасына ықпалы.
  12. Педагогтің өз қызметін ұйымдастыруы мен жоспарлауы; өзіндік аттестаттау, аналитикалық талдау жүргізу жолдары шеберлігін арттыру.

Оқытудың әдістері:

-проблеманы зерделеп, зерттей отырып оқыту

-белсенді әдістер

-тұсаукесер;

-топтық жұмыс;

-диагностика;

-түзету жұмыстары;

-рефлексия.

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша да, оқу процесін ұйымдастыру оқу сабақтарын сандық технологиялар мүмкіндіктерін пайданалана отырып жүзеге асырылады.

Тыңдаушылардың білімдерін бақылау және бағалау: өздік жұмыс, жобалық жұмыстың немесе ықшам-сабақтың (ықшам-шаралардың) таныстырылымы және қорытынды тестілеу).

Жобаны бағалау критерийлері:

Теориялық және практикалық сабақтардың көлемі.

Тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі.

Креативтілік.

Нақты проблемаларды шешу үшін білімді пайдалана білу.

Өз мәтіні мен таныстырылымын тақырыпқа сай және қисынды құра білу.

Шешендік қабілет.

Жобаны бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Ұпайлар

Түсініктемелер

1

Зерттеу проблемаларын тұжырымдау.

Проблемалардың маңыздылығы мен өзектілігі

 

 

2

Қойылған проблемалардың жоба мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі

 

 

3

Жоба мазмұнын құрылымдау, қисындылығы мен дәйектілігі

 

 

4

Жоба тақырыбы мазмұнының сай болуы:

— проблеманы ашу деңгейі;

— жоспарға сай болуы.

 

 

5

Жұмыстың келешегі:

— жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы;

— жұмысты жалғастыру мүмкіндігі.

 

 

6

Жобада инновациялық ұстанымдарды пайдалану

 

 

7

Шешендік шеберлік

 

 

8

Сұрақтарға жауаптар

 

 

9

Шығармашылық ұстаным

 

 

 

Балдар саны

 

 

Жоба жұмысының таныстырылымын бағалау үшін мынадац критерийлер белгіленеді:

0 балл -жүзеге асырылмаған;

1 балл -ішінара жүзеге асырылған;

2 балл -жүзеге асырылған, кемшіліктер кездеседі;

3 балл- толық жүзеге асырылған

Жоба бойынша балдардың ең жоғары саны 30 балл.

Балдар жиынын дәстүрлі бағалау нормаларына мына схема бойынша жүзеге асыру ұсынылады:

«5» (өте жақсы) бағасы 17-20 балл жиынына  қойылады.

«4» (жақсы) бағасы 14-16 балл жиынына сай келеді.

«3» (қанағаттанарлық) бағасы 10-13 балл жиынына сай келеді.

Тыңдаушы өзіндік жұмысы барысында білім беру ұйымдарында мұғалімдердің  қызметін ұйымдастыру,басқару,бақылау ісі бойынша  белгіленген тақырыптар аясында тапсырмалар орындайды

Өзіндік жұмысының таныстырылымын бағалау үшін мынадай критерийлер белгіленеді:

0 балл -жүзеге асырылмаған;

1 балл -ішінара жүзеге асырылған;

2 балл — жүзеге асырылған, кемшіліктер кездеседі;

3 балл- толық жүзеге асырылған.

Өзіндік жұмыс бойынша балдардың ең жоғары саны 30 балл

«5» (өте жақсы) бағасы 17-20 балл жиынына  қойылады.

«4» (жақсы) бағасы 14-16 балл жиынына сай келеді.

«3» (қанағаттанарлық) бағасы 10-13 балл жиынына сай келеді

 «2» (қанағаттанарлықсыз) бағасы-12  балдан төмен

Ықшам-сабақты бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Баллдар

1

Сабақ мақсаты SMART форматында тұжырымдалған

 

2

Белсенді тәсілдер мен геймификациялық тәсілдер оқу процесінде барлық білім алушыларды тартады және оқу оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған

 

3

Формативтік бағалау оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді

 

4

Білім алушылар қажеттіліктерін есепке алу. Сараланған ұстанымды пайдалану

 

5

Ресурстарды, оның ішінде IT-технологияларды пайдалану

 

6

Мазмұндау қолжетімділігі мен қисындылығы

 

7

Тайм-менеджментті сақтау

 

Ықшам-сабақ таныстырылымын бағалау үшін мынадай критерийлер белгіленеді:

0 балл – бағалау құрауышы жоқ;

1 балл – дәлелдер әлсіз;

2 балл – дәлелдер орташа;

3 балл – дәлелдер күшті.

Ықшам-сабақ бойынша таныстырылымды бағалау балдарды бес балдық жүйеге ауыстыру арқылы жүзеге асырылады:

«Өте жақсы»: 19-21 балл;

«Жақсы»: 15-18 балл;

«Қанағаттанарлық»: 11-14 балл.

Таныстырылымның ұзақтығы: 5-7 мин.

Бағалау өлшемдері

Сабақтың мақсаты

— сабақтың мақсаты оқу мақсатымен келісілген;

— сабақтың мақсаты пән ерекшелігіне бағдарланған;

— мақсаттар білім алушылар қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында тұжырымдалған.

Оқудың белсенді тәсілдері. Геймификация.

— тәсілдерді таңдау пән бойынша тақырып мазмұнымен анықталған;

— тәсілдер оқу мақсатына жетуге ықпал етеді;

— тәсілдер оқу процесінде білім алушыларды тартуға бағытталған.

Саралау тәсілдері

— тапсырма білім алушылар қажеттіліктерін ескере отырып сараланады;

— саралаудың әртүрлі тәсілдері жоспарланады(тапсырма, дереккөздер, білім алушыларды қолдау және басқалар);

— саралау тәсілдері әрбір білім алуымен мақсаттарға жетуге ықпал етеді.

Критериалдық бағалау

— бағалау оқу мақсатына сай келеді;

— формативтік бағалау оқуды қолдайды;

— бағалау критерийлері пайдаланылады

 

Қорытынды тестілеу

Модуль атауы

Сағат саны

Сұрақтары саны

1

Жаһандық құзыреттер және заңнамалық бөлім.

10

6

2

«Жаһандық құзыреттер» пәнінің  мазмұны,  оқыту талаптары

22

8

3

«Жаһандық құзыреттер» пәнін оқыту әдістемелері

22

8

4

Шығармашылық бағдар

14

5

5

Нәтиже алаңы

12

3

 

БАРЛЫҒЫ

 

30

Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы

баға

 % орындауы

ұпай                          

5

90%-100%

26-30

4

75-89%

21-25

3

50-74%

15-20

2

 50% аз

 14 баллдан төмен

 8-тарау. Курстан кейінгі қолдау

        Курстан кейінгі қолдау шаралары бірінші кезеңде білім беру ұйымдарының жетекшілеріне куратор (оқытушы) арқылы кеңес беру курстары, онлайн-іс-шаралар (вебинар, дөңгелек үстел, жеке кеңес, жеке тапсырмалар т.б. түрінде), әдістемелік алаңдар әртүрлі байланыс құралдарын (электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер (Facebook, WhatsApp және т.б.), сервистер (Google-Duo, Hangouts және т. б.) Интернет-платформаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

        Екінші кезеңде курс жетекшісі (оқытушысы) тың идеялар мен шығармашылық ізденіс тұрғысынан білім беруді іске асыру  жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін зерттейді. Педагогтер мен олардың іс-тәжірибесі электронды пошта, жедел хабар алмасу, әлеуметтік желілер арқылы зерттеледі. Қажет болған жағдайда курс кураторы (оқытушысы) оларды қажетті әдістемелік және сандық ресурстармен қамтамасыз етеді.

        Курстан кейінгі қолдаудың үшінші кезеңінде педагог маманның кәсіби өсуі зерттеледі:

— білім беруді іске асыру жағдайын (ұжымды басқару, пәнді оқытудағы тың ізденістер, тиімді жұмыс бағыттарын) жүйелі жоспарлау;

— семинарларда, вебинарларда, дөңгелек үстелдерде өз тәжірибесімен бөлісу (мектеп, қалалық, аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде);

— озық тәжірибе нәтижесімен кәсіби байқауларға (мектеп, қалалық, аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде) қатысу;

— аймақтық және республикалық басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында тұжырымдама, тәжірибе нәтижелері мен ғылыми мақалаларын (мүмкін авторлармен бірлесе) жариялау;

— өз жұмыстарына қатысты оқу құралдары, әдістемелік кешен мен нұсқаулықтарды жариялау;

Курстан кейінгі қолдау аясында шеберлігі мен кәсіби біліктілігін арттыру ізденісіне негіз болатын жоба тақырыптары:

  • Білім беру жүйесіндегі оқыту және тәрбиенің ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздері;
  • Оқушылардың уәждемесін арттырудағы ұлттық төл әдістеме, заманауи жаңашылдық технологияларының рөлі;
  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша педагог қызметі және іскерлік ізденісінің тиімділік мониторингі;
  • Білім беру жүйесінде ерекше балалармен жүмыс жүйесі және ізденістегі педагогтер қызметінің мазмұны мен жүйесі;
  • Білім беру жағдайында балалардың қабілеттерін дамытуына көптеген ақыл-ой өрісінің (интеллект) көрсеткіштерін пайдаланудың әсерін зерттеу;
  • Білім беру жүйесінде балаларды оқыту және тәрбиелеудің қалыптан тыс бағыттары және түзету-дамытушылық бағдарламасы;
  • Оқушы қажеттіліктері мен заман талабына сай пәнді мазмұнды оқыту мен қызығушылық бағыттар бойынша авторлық бағдарламалар ұсыну:

— пәнді проблема көтеру және зерттеу тұрғысынан оқыту бағдарламалары;

— пәнді өзге ғылымдармен (техника, экономика, ғарыштану т.т.) ұштастыра оқыту бағдарламалары;

— пән негіздерін халықтың тұрмыс-тіршілігі мен тәжірибесін қазіргі заманауи ұғымдарымен байланыстыра зерттей оқыту зертханалық бағдарламалары;

— оқушының пәнге қызығушылығын арттыратын, көркем-эстетикалық бағыттағы ізденісін ұштайтын (театр, музыка, вокал, бейнелеу өнері, хореография, сәндік-қолданбалы өнер, қолданбалы дизайн, компьютерлік туындылар) қызықты жобалар;

— Тұлғатаным сабақтары: көшбасшылық қарым-қабілет пен тұлға іскерлігі мәдениетін қалыптастыру

 

9-тарау Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы.
  2. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.
  3. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығы.
  4. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 Бұйрығы.
  5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы.
  6. Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы.
  7. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Жаһандық құзыреттер» оқу курсы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 68-қосымша.
  8. 5-11-сыныптарға арналған «Жаһандық құзыреттілік» курсын әзірлеу – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 400 б.
  9. «Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша педагогтерге арналған нұсқаулық. – Астана: Ы.Алтынсарин ат. ҰБА, 2022 – 339 б.
  • Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен маз- мұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығы.
  • Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 11.01.2007ж., № 217.
  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Рес- публикасы Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысы.
  • Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы. Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 169-VІ ҚРЗ.
  • Телерадио хабарларын тарату туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV Заңы.
  • Байланыс туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шіл- дедегі N 567 Заңы.
  • Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттанды- рудың 2002–2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 тамыз, N 1037.
  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Қазақстан Республи- касының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.
  • Ғаббасов С. «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі» – Алматы: Алматыкітап, 2014. – 232 б.
  1. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту бо- йынша оқу құралы / «Атамекен» ҰКП. – Астана: «Шаңырақ-Медиа» ЖШС, 2018. – 250 б.
  • Мырзaхметов О.Б., Кaршaлов М.Б. Тіршілік қaуіпсіздік негіз- дері: дәрістер курсы – Қостaнaй: ҚР ІІМ Ш. Қaбылбaев aтындaғы Қостaнaй aкaдемиясы, 2019. – 131 б.
  1. Қажиева Г.Т, Қағазов Б. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары: Әдістемелік нұсқаулық – Алматы,  — 70 бет.

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme