Білім беру ұйымдарының педагогтеріне, пән мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім мазмұны аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы
Кіріспе
Қазіргі заманғы білім беру халықтың, әр адамның психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін, интеллектуалды дамуын есепке ала отырып, барлық деңгейде білімге қолжетімділікті болжайды, мұғалімдерден инклюзивті білім берудің негізгі аспектілерін білуін талап етеді.
Инклюзивті білім беруді дамыту Қазақстанның білім беру саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. «2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді атап көрсетеді.
Осы саланы жүзеге асыру инклюзивтік тәжірибені нәтижелі жүргізу үшін дайындалған білікті мамандарды қажет етеді.
Мұғалім даму мүмкіндігі шектеулі және сондай-ақ оқуды тастауға бейімі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білуі тиіс. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен білім беру және түзеу жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін білуі қажет.
Осы орайда «Жаңартылған білім мазмұны аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсының оқу бағдарламасы жасалып, ұсынылды.
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Білім беру ұйымдарының мамандары, пән мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім мазмұны аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жолдары» (бұдан әрі – Бағдарлама) тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы.
- Бағдарлама білім беру ұйымдарының педагогтерін, пән мұғалімдерін оқытуға, олардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған.
2-тарау. Глоссарий
Инклюзивті білім беру — ерекше білім беру қажеттіліктері мен жекедара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (ЕБҚ бар балалар) — денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар (МШ)-бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар балалар.
Арнайы білім беру бағдарламалары — мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар.
ПМПК — Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру — әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету қолдауының көрсеткіштерін белгілеу, оқытудың түрі мен нысанын анықтау, жеке оңалту бағдарламасын жасау мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау мен психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптама жүргізетін мемлекеттік мекеме. (Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)).
Психологиялық-педагогикалық мектеп консилиумы -бұл оқушыға көмек көрсетудің бірыңғай стратегиясын жасау үшін ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы мамандарының өзара әрекеттестігінің формасы (Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 38 б.)
Психологиялық-педагогикалық қолдау-әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес нәтижелі оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын мамандардың тұтас, жүйелі — ұйымдастырылған әрекетін көрсететін балаға оқу-тәрбие процесіндегі көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі.
Кедергісіз орта — қоршаған ортада шектеулі қозғалғыштығы бар адамдардың кедергісіз, қауіпсіз, тәуелсіз қозғалысын қамтамасыз ететін шаралар кешені.
Ықшам оқыту — практиканы жаңарту үшін мұғалімдерді қолдау әдісі.
3-тарау. Бағдарламалар тақырыптары
1 модуль. Заңнамалық біліктілік |
Уақыт талабы: Білім кеңістігіндегі жаңашылдық. Психологиялық жағдаяттар |
Заңнамалық біліктілік. Қазақстандағы инклюзивтік оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері. |
|
2 модуль. Ұстаз зертханасы |
Инклюзивті білім беру арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың тең құқықтарын қамтамасыз ету |
Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері |
|
Ерекше білім беру қажеттігі бар балалар үшін кедергісіз орта құру шарттары |
|
Инклюзивті білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері |
|
Ерекше білім беру қажеттігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері |
|
Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау бойынша мамандар қызметінің бірегейлігі |
|
3 модуль. Ұстаз шеберханасы |
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу жоспарындағы түзету компонентін жүзеге асыру технологиясы |
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды бағалау жүйесі |
|
Блум таксономиясы — функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы |
|
Білім беру ұйымдарында арнайы білім беру қажеттіліктері балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау |
|
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін оқу қызметін ұйымдастырудағы инновациялық амалдар |
|
4 модуль. Шығармашылық бағдар |
Ұстаздың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігі. |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтан оқыту технологиясы |
|
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мобильді және смарт оқыту |
|
Өзіндік даму |
4-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер
- Курстың мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы жағдайларды ұйымдастыру және құру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Курс міндеттері:
- Бағдарламаның міндеттері:
- Инклюзивтік білімді қолдануды заңнамалық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибелерімен танысу және білік-дағдыларды қалыптастыру.
- Инклюзивтік білімнің құқықтық нормативтік негіздерінде білім мен дағды аясын кеңейту.
- Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру.
- Педагогтің кәсіби өсу траекториясының дербес дамуына жәрдемдесу.
- Жаңаша оқыту әдістеріне негізделген инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға үлес қосу.
- Ұстаздар арасында іс-тәжірибе алмасуға негізделген іс-әрекеттер ұйымдастырып, педагогикалық қауымдастық алаңын құру.
- Тыңдаушылар курс аяқталғаннан кейін:
- инклюзивтік білім беру ісіне қатысты нормативтік құқықтық құжаттар туралы білімдерін толықтырады.
- инклюзивтік білім беру жүйесінде оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыру жолдарын біледі;
- жоспарлау және талдау, білім беру процесін ұйымдастыру мен бақылаудың инновациялық технологиялары мен заманауи әдіс-тәсілдерін, білім беру саласында кәсіби және әлеуметтік ынтымақтастық орнатуда тәжірибелік біліктерін қолдана алады;
- Қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарымен, оқу-тәрбие үдерісін технологияландырудың ерекшеліктерімен танысады, инклюзивті білім берудің жаңаша оқыту әдістерін меңгереді.
5-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бағдарлама 4 модульді қамтиды:
- Заңнамалық біліктілік,
- Ұстаз зертханасы,
- Ұстаз шеберханасы,
- Шығармашылық бағдар.
Бұл аталған модульдер білім беру жүйесіндегі нормативтік құқықтық, басқарушылық, психологиялық-педагогикалық, мазмұндық, технологиялық, вариативтік білім беру кезеңдерін қамтиды.
Аталған модульдар ««Мұғалім шеберханасы», «Мұғалім зертханасы» «Шығармашылық бағдар» модульдарына топтастырылып, тыңдаушылардың сабақ беру ізденісін ұштау, оқушы қызығушылығына бағдар беріп, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуіне бағыт бағдар беру, әріптестік қауымдастық құру көзделеді.
- Модульдердің мазмұны осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес оқыту-тақырыптық жоспарға (бұдан әрі – ОТЖ) негізделеді.
Вариативті модульдің тақырыптары тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы негізінде анықталады.
1 модуль. Заңнамалық біліктілік. Қазіргі білім беруді дамытудың психологиялық, педагогикалық және нормативтік аспектілері. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріндегі қолданыстағы өзгерістерді немесе жаңа талаптардың пайда болуын көрсетеді. Модуль оқу үрдісінде психология мен педагогиканың заманауи әдістерін қолдану бойынша көшбасшылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Дәріс материалдары мұғалімдерге арналған аттестаттаудың жаңа моделін енгізу аясында орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы, инклюзивті білім беруді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен бекітілген «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ұсынады.
2 модуль. Ұстаз зертханасы. Білім сапасын арттыру контекстінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру. Онда курстың тақырыбы, зерттелген материалдың теориялық және әдіснамалық негіздері, практикалық маңыздылығы мен жаңалығы ашылады. Модульде Бағдарлама тақырыбы бойынша ең жақсы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибеге салыстырмалы талдау жасалған. Педагог-психологтың, логопедтің, дефектологтың, әлеуметтік педагогтың баланың ерекше тәрбиелік қажеттіліктерін анықтау бойынша қызметі. Пәндік бағдарламаларға оқытушыларды оқыту әдісі кіреді:
технологиялық тәсіл негізінде сабақты жобалау;
оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану;
пәннің негізгі бөлімдеріндегі күрделі тақырыптарды оқыту;
тақырыпты қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған оқу тапсырмаларын әзірлеу;
критерийлер жүйесі бойынша оқу жетістіктерін бағалау.
3 модуль. Ұстаз шеберханасы. Педагогтердің IT – құзіреттілігін дамыту. Модуль оқу үрдісінде IT технологияларын қолдану бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған (Интернет қашықтан оқыту платформалары, бағдарламалар, қосымшалар, сандық білім беру ресурстары және т.б.).
Дәріс материалы тыңдаушыларға келесі дағдыларды ұсынады:
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту технологиясы, инклюзивті білім беруді енгізу контекстінде мұғалімдердің АКТ құзіреттілігін қалыптастыру, сандық білім беру ресурстары мен виртуальды зертханаларды пайдалану, Egov порталымен жұмыс.
4 модуль. Шығармашылық бағдар. Модульде білім алушылардың нақты қажеттіліктері саласындағы мәселелерді баяндайды. Бағдарлама мазмұнын саралау білім алушылардың сапасына сәйкес және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Модуль тестілеуге дайындықты және жобаны қорғауды қамтиды.
6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру
- Біліктілікті арттыру курстары:
- осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндізгі оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндізгі оқу курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;
- Тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
- Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік жұмыс, көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режимінде вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.
Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін профессор-оқытушылар құрамы Бағдарлама мазмұнын меңгеруді бағалаудың критерийлері мен параметрлерін әзірлеп, курстың ОӘК-не енгізеді.
Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Дәріс |
Таңдау дәрісі |
Тәжірибелік жұмыс |
Тренинг |
Шебер сынып |
КТС |
Семинар |
Шағын сабақ
|
Қорытынды тестілеу |
Барлығы |
1. Модуль. Заңнамалық біліктілік |
|||||||||||
1.1 |
Қазіргі заманғы білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық және нормативтік аспектілері. |
2 |
2 |
4 |
|||||||
1.2 |
Уақыт талабы: Білім кеңістігіндегі жаңашылдық. Психологиялық жағдаяттар |
2 |
2 |
||||||||
1.3 |
Заңнамалық біліктілік. Қазақстандағы инклюзивтік оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері. |
2 |
2 |
||||||||
2 |
2 модуль. Ұстаз зертханасы |
6 |
24 |
16 |
2 |
8 |
2 |
4 |
2 |
64 |
|
2.1 |
Инклюзивті білім беру арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың тең құқықтарын қамтамасыз ету |
2 |
4 |
||||||||
2.2 |
Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері |
2 |
2 |
||||||||
2.3 |
Ерекше білім беру қажеттігі бар балалар үшін кедергісіз орта құру шарттары |
2 |
2 |
||||||||
2.4 |
Инклюзивті білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері |
2 |
2 |
4 |
|||||||
2.5 |
Ерекше білім беру қажеттігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері |
2 |
2 |
4 |
|||||||
2.6 |
Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау бойынша мамандар қызметінің бірегейлігі |
2 |
2 |
4 |
|||||||
2.7 |
Инклюзивті білім берудегі отбасымен жұмыс істеу ерекшеліктері. Білім беру ұйымының ата-аналарымен өзара байланысы. |
2 |
2 |
4 |
|||||||
2.8 |
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау |
4 |
2 |
6 |
|||||||
3 |
3 модуль. Ұстаз шеберханасы |
8 |
8 |
||||||||
3.1 |
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу жоспарындағы түзету компонентін жүзеге асыру технологиясы |
2 |
2 |
||||||||
3.2 |
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды бағалау жүйесі |
6 |
6 |
||||||||
3.3 |
Блум таксономиясы — функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы |
4 |
2 |
6 |
|||||||
3.4 |
Білім беру ұйымдарында арнайы білім беру қажеттіліктері балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау |
2 |
2 |
4 |
|||||||
3.5 |
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін оқу қызметін ұйымдастырудағы инновациялық амалдар |
2 |
2 |
4 |
|||||||
4 |
4. модуль. Шығармашылық бағдар. |
4 |
4 |
||||||||
4.1 |
Ұстаздың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігі. |
2 |
2 |
4 |
|||||||
4.2 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтан оқыту технологиясы |
2 |
2 |
4 |
|||||||
4.3 |
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мобильді және смарт оқыту |
2 |
4 |
6 |
|||||||
4.4 |
Өзіндік даму |
2 |
2 |
4 |
|||||||
4.5 |
Шағын-сабақ (жоба) қорғау. |
2 |
2 |
4 |
|||||||
Барлығы: |
8 |
4 |
34 |
16 |
2 |
8 |
2 |
4 |
2 |
80 |
7-тарау. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
1 модуль. Заңнамалық біліктілік.
Қазіргі заманғы білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық және нормативтік аспектілері.Уақыт талабы: Білім кеңістігіндегі жаңашылдық. Психологиялық жағдаяттар. Қазақстандағы инклюзивтік оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріндегі қолданыстағы өзгерістерді немесе жаңа талаптардың пайда болуын көрсетеді.
Модуль оқу үрдісінде психология мен педагогиканың заманауи әдістерін қолдану бойынша көшбасшылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Дәріс материалдары мұғалімдерге арналған аттестаттаудың жаңа моделін енгізу аясында орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы, инклюзивті білім беруді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен бекітілген «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ұсынады.
2 модуль. Ұстаз зертханасы.
Инклюзивті білім беру арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың тең құқықтарын қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Ерекше білім беру қажеттігі бар балалар үшін кедергісіз орта құру шарттары. Инклюзивті білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Ерекше білім беру қажеттігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау бойынша мамандар қызметінің бірегейлігі. Инклюзивті білім берудегі отбасымен жұмыс істеу ерекшеліктері. Білім беру ұйымының ата-аналарымен өзара байланысы тақырыптары ілім сапасын арттыру контекстінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруге бағытталады. Онда курстың тақырыбы, зерттелген материалдың теориялық және әдіснамалық негіздері, практикалық маңыздылығы мен жаңалығы ашылады. Модульде Бағдарлама тақырыбы бойынша ең жақсы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибеге салыстырмалы талдау жасалған. Педагог-психологтың, логопедтің, дефектологтың, әлеуметтік педагогтың баланың ерекше тәрбиелік қажеттіліктерін анықтау бойынша қызметі.
3 модуль. Ұстаз шеберханасы.
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу жоспарындағы түзету компонентін жүзеге асыру технологиясы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды бағалау жүйесі. Блум таксономиясы — функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы. Білім беру ұйымдарында арнайы білім беру қажеттіліктері балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін оқу қызметін ұйымдастырудағы инновациялық амалдар тақырыптары білім алушылардың нақты қажеттіліктері саласындағы мәселелерді баяндайды. Бағдарлама мазмұнын саралау білім алушылардың сапасына сәйкес және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
4 модуль. Шығармашылық бағдар.
Ұстаздың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтан оқыту технологиясы. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мобильді және смарт оқыту. Өзіндік даму тақырыптары тестілеуге дайындықты және жобаны қорғауды қамтиды.
Педагогтердің IT – құзіреттілігін дамыту. Модуль оқу үрдісінде IT технологияларын қолдану бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған (Интернет қашықтан оқыту платформалары, бағдарламалар, қосымшалар, сандық білім беру ресурстары және т.б.). Дәріс материалы тыңдаушыларға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қашықтықтан оқыту технологиясы, инклюзивті білім беруді енгізу контекстінде мұғалімдердің АКТ құзіреттілігін қалыптастыру, сандық білім беру ресурстары мен виртуальды зертханаларды пайдалану, Egov порталымен жұмыс жасау мүмкіндіктерін ұсынады.
Әдістемелік-ақпараттық бөлім
1.Өзіндік жұмыстар тақырыптарының тізімі:
1) жалпы білім беретін мектеп жағдайында, кіші мектеп жасында даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық бейімдеу;
2) сабақта даму мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдау;
3) мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
4) инклюзивті үдерісті жүзеге асыруда психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның рөлі;
5) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану;
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды табысты әлеуметтендіру және бейімдеуді қамтамасыз ету жағдайы;
7) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың мектепке дайындықтағы мәселелері және шешу жолдары;
8) түрлі бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарда оқытудың техникалық құралдары;
9) түрлі санатты бұзылыстары бар балалармен жеке коррекциялық сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру;
10) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың жеке амалдары;
11) жалпы білім беретін мектеп жағдайында кохлеарлы импланты бар балалармен есту-сөйлеу жұмыстары;
12) ой-өрісі, тірек-қимыл аппараты, көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;
13) көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстар;
14) ерекше білім беру қажеттілігі бар жасқспірімдердің кәсіби білім алуындағы мектептің рөлі;
15) инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы педагогтердің кәсіби стандарты.
Оқытудың әдістері:
-интерактивті әдістер
-тұсаукесер;
-топтық жұмыс;
-диагностика;
-түзету жұмыстары;
-рефлекция.
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес оқу сабақтары цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін пайданалана отырып жүзеге асырылады.
8 – тарау. Оқу нәтижелерін бағалау
Курс тыңдаушылары шағын-сабақты (шағын-шараны) презентациялау кезінде сабақтың, шараның түрлі кезеңдерін жоспарлау және білім мазмұнын жаңартуды есепке алып оқыту бойынша үзінді көрсетеді.
Курс тыңдаушылары шағын-сабақтарды, шағын-іс-шараны презентациялауы үшін келесідей критерийлер анықталған:
- дағдылардың қалыптасу деңгейі – 0 балл, осы сабақта қолдануға келмейді;
2) 1 балл – дағдыланған;
3) 2 балл – дағды дамуда;
4) 3 балл – дағды қалыптасқан.
Шағын сабақты, шағын іс-шараны презентациялау кезінде білімді меңгеру деңгейін бағалауға төмендегі өлшемдер алынған:
- ақпаратты түсінікті жеткізуі;
- нұсқауды анық және дәл беруі;
- қатысушылардың түсінгендерін анықтай алуы;
- аудиторияның қызығушылығын тұрақты ұстауы;
- ұйымдастырылған шараның уақытын тиімді басқара алуы;
- кері байланыстың нәтижелігі;
- өзара сыйластық, ынтымақтастық және қолдау климатын жасауы;
- шараның мақсатын қоюы және күтілетін нәтижені белгілеуі;
- шараны ұйымдастыруда белсенді стратегиялары мен жаттығуларын ретімен және нәтижелі қолдануы;
- қатысушылардың сұрақтарына жауап беруі, мәселелер мен келіспеушіліктердің шешімін табуы;
- ашық сұрақтарды қолдануы;
- талқылауды/тапсырмаларды орындауды нәтижелі аяқтауы және оқытудың кезеңдері арасында байланыс орнатуы;
- ойлануға және өзін-өзі бағалауға жеткілікті уақыт береді.
Тыңдаушылардың шағын сабақтарды (шағын іс-шараны) презентациялауы бойынша білімдерін бағалау, балдарды бесбалдық жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:
1) «Өте жақсы»: 35 – 39 балл (85-100%);
2) «Жақсы»: 29 – 34 балл (75-84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 20 – 28 балл (50-74%).
Жоба жұмысын бағалау өлшемдері
Жоба жұмыстарын өткізуде төмендегідей критерийлер 1, 2 балл және өлшемдер айқындалған:
- мәселені түсінеді және мәселені таңдауын түсіндіреді;
- жағдаятты талдау негізінде қайшылықтарды атайды;
- мәселенің туындау себептерін атайды;
- мәселені тұжырымдайды, оның себептерін талдайды;
- мақсатты тұжырымдайды және түсінеді;
- міндеттер мақсатқа сәйкес;
- мақсатқа жетуге көз жеткізу тәсілдерін ұсынды;
- мәселелерді шешу тәсілдерін ұсынды;
- стратегия ұсынды;
- жобамен жұмыс істеу туралы айтып берді;
- әрекет қадамдарының тәртібін анықтады;
- қадамдарды ұсынды және кейбір ресурстарды көрсетті;
- ресурстарды негіздеп берді;
- ағымдағы бақылауды жоспарлады;
- күтілетін нәтижемен өнімді салыстырды;
- өнімнің ойдағымен сәйкестігі туралы қорытынды жасады;
- өнімді бағалаудың критерийлерін ұсынды;
- өнімнің критерийге сәйкестігін бағалады;
- критерийлер жүйесін ұсынды;
- алынған нәтижелер мәні;
- күтілетін өнімді сипаттады;
- өнімді қалай қолданатынын айтып берді;
23) өнімді тұтынушылар мен пайдалану аясын негіздеп берді;
24) өнімді пайдалану бойынша пікір білдірді;
25) алға жылжуды жоспарлады немесе қолдану шекарасын көрсетті.
Тыңдаушылардың жоба жұмыстарын орындауы бойынша білімдерін бағалау баллдарды бесбаллдық жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:
1) «Өте жақсы»: 47-50 балл, (85-100%);
2) «Жақсы»: 36-47 балл, (75-84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 25-36 балл, (50-74%).
9 – тарау. Курстан кейінгі қолдау
Курстан кейінгі қолдау жүйесінде бірінші кезеңде білім беру ұйымдарының жетекшілерін сүйемелдеу шаралары куратор (оқытушы) арқылы кеңес беру курстары, онлайн-іс-шаралар, әдістемелік алаңдар әртүрлі байланыс құралдарын (электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер (Facebook, WhatsApp және т.б.), сервистер (Google-Duo, Hangouts және т. б.) Интернет-платформаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
10 — тарау. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
- Педагог мәртебесі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ — http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293
- (Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)).
- Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралыҚазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция»я
ҚР Заңы 02.2015 ж. № 288-V ЗРК; http://online.zakon.kz/ - Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы http://online.zakon.kz/
- Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. — http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000418
- Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1800002018
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000988
- Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области образования от 26 марта 2014 года № 262;
- Конвенция о правах инвалидов (принята резолюцией 61/106 Генеральной Ассамблеи от 13 декабря 2006 года) http://www.un.org/
- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 Қаулысы. — http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.
- 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021. – 320 б.
- Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 64 б.
- Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.–Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 32 б.
- Инклюзивті білім беру үдерісінде қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 200 б.
- Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.-Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА , 2016. – 47 б.
- Жалпы білім беру мектептің оқыту үдерісінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 258 б.
- Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. – 102 б.
- Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 38 б.
- Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 248 б.
- Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың оқыту үдерісіне тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу. Әдістемелік ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 216 б.
- «Білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар». Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 320 б.
- Методические рекомендации по использованию системы электронного обучения для детей обучающихся на дому. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 25 с. http://nao.kz/files/blogs/1443441439498.pdf
- Создание специальных условий для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата в общеобразовательных учреждениях: Методический сборник/ Отв. ред. С.В. Алехина // Под.ред. Е.В.Самсоновой. — М.: МГППУ, 2012. — 64с.
- Создание специальных условий для детей с нарушениями слуха в общеобразовательных учреждениях: Методический сборник/ Отв. ред. С.В. Алехина// Под.ред. Е.В.Самсоновой. — М.: МГППУ, 2012. — 56
- Создание специальных условий для детей с нарушениями зрения в общеобразовательных учреждениях: Методический сборник/ Отв. ред. С.В. Алехина// Под.ред. Е.В.Самсоновой. — М.: МГППУ, 2012. — 56с.
- Включение детей с ограниченными возможностями в общее образование. Ресурсные материалы. / Составит. Елисеева И.Г.-Астана, 2013.
- Педагогика и психология инклюзивного образования: учебное пособие / Д.З. Ахметова, З.Г. Нигматов, Т.А.Челнокова, Г.В.Юсупова и др. – Казань: Издво «Познание» Института экономики, управления и права, 2013.
- Ахметова Г.К., Мұхамбетжанова С.Т. Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыру. – Алматы, 2013.
- АлмагамбетоваА. Н.Особенности психического развития детей первого года жизни с перинатальным поражением центральной нервной системы – автореф…к.пс.н. — Алматы, 2001.
- Бахишева С.М. Қазіргімектептібасқарудыңпедагогикалықменеджменті Орал. 2008. -152 с. 64
- Баймуратова А. Т. Алматы, Казахстан Хотят ли дети с ограниченными возможностями здоровья учиться в средних образовательных школах? // Инклюзивное образование: практика, исследования, методология: Сб. материалов II Международной научно-практической конференции/ Отв. ред. Алехина С. В. М.: МГППУ, 2013
- Брицкая Е. О. Профессиональные затруднения педагогов, возникающие в процессе дистанционного обучения детей с особыми потребностями.http://emissia.org/offline/2014/2190.htm
- Дистанционное образование: педагогу о школьниках с ограниченными возможностями здоровья / Под ред. И.Ю. Левченко, И. В. Евтушенко, И. А. Никольской. — М.: Национальный книжный центр, 2013. — 336 с.
- Жалмухамедова А.К., Ешпанова Д.Д. Инклюзивное образование в Казахстане: состояние, проблемы, перспективы.
- Намазбаева Ж.Н. Некоторые вопросы изучения личности умственно отсталого ребенка // Дефектология. — 1982. №6. -С.24-29.
- Намазбаева Ж.И. Развитие уровня притязаний и самооценка умственно отсталых в процессе обучения во вспомогательной школе в условиях самостоятельной деятельности: автореф. дис. .канд. психол. наук -Москва, 1971.-16 с.
- Хафизуллина И.Н.Формирование инклюзивной компетентности будущих учителей в процессе профессиональной подготовки: дис. … канд. пед. наук. – Москва, 2005. – 22 с
- Штурба Т.В. Педагогические основы дистанционного обучения лиц с особыми нуждами. Дис. … канд. пед. наук : 13.00.08 : Москва, 2004 210 c. РГБ ОД, 61:05-13/5