Біліктілік арттыру курстарының оқу бағдарламалары

Орта білім беру ұйымдарындағы тәлімгер педагогтарға арналған «Жас мамандардың қызметін   ұйымдастыру, бақылау-басшылық жасау, кәсіби құзыреттілік деңгейлерін дамыту  жолдары мен  бағыттары» тақырыбындағы  біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Орта білім беру ұйымдарындағы тәлімгер педагогтарға арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Жас мамандардың қызметін   ұйымдастыру, бақылау-басшылық жасау, кәсіби құзыреттілік деңгейлерін дамыту  жолдары мен  бағыттары»      білім беру бағдарламасы               (бұдан әрі — Бағдарлама) тәлімгер педагогтарға    және  осы лауазымға резерв мамандарды оқытуды реттейді.

2.Бағдарлама қазіргі педагогикалық тәлімгерлік саласында мектеп тәлімгерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған.

2-тарау. Глоссарий

Тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі .

Педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.

Педагогикалық қызмет – педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеудің, дамытудың, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға және өзін еркін шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет.

Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» — бала, «gogas» — жетектеуші деген мағынаны білдіреді.

Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.

Мұғалім — өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі.

Мұғалім — бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам..

Профессиограмма — мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет».

Педагогикальқ шеберлік — кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.

Жас ұрпақты тәрбиелеу  —  адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс.

Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет — адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.

Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет — қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.

Эмпатия — мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы.

Педагогтік әдеп – педагогтердің Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген мінез-құлық нормалары.

Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес – білім беру ұйымында құрылатын, педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган.

3-тарау. Бағдарлама тақырыптары

1. Нормативтік-құқықтық модуль

Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

2.Психологиялық-педагогикалық модуль

2.1. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері.

2.2. Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері.    

2.3.Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері    

3.Мазмұндық  модуль

3.1.Жас мамандар қызметін жетілдірудегі мектепішілік тәлімгер ұстаздар қызметі, қойылатын талаптар: мақсаты, міндеті, жоспарлау

3.2. Педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту-білім беру сапа-сын басқару құралы, Білім сапасын   жетілдірдегі  тәлімгер ұстаздардың  менеджменттік құзыреттілік амалдары

3.3. Жас мамандар қызметін мектепішілік бақылаудың  ұйымдастырылуы және жүргізілу бағыттары.Тұлғалар қызметін  зерттеу,бақылау әдістері және жүргізу жолдары

3.4. Мектепішілік  тәлімгелік  қызметтің педагогтің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына ықпалы және    жүргізілу  жолдары мен  бағыттарын үлгілеу  

3.5. Білім беру ұйымдарындағы жас мамандарудағы тәлімгерлік қызметтің рөлі мен маңызы  

3.6. Тәлімгердің қызмет жобасы, таныстырылым.

Кері байланыс.

4.Технологиялық модуль

4.1. Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне білім беру технологиялары мен интербелсенді әдістерді енгізу. Мұғалімнің инновациялық қызметі.Оқушыларды сындарлы ойлауға үйрету жолдары.     

4.2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. 

5.Вариативтік модуль

5.1. Блум таксономиясы-  оқу жетістігін бағалау әдісітемесі ретінде

5.2. Білім беру сапасын жетілдірудегі квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру

5.3. Жобалау-зерттеу қызметі кәсіби құзіреттілікті арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту          

 4-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер

Бағдарламаның мақсаты мектеп тәлімгер педагогтардың заманауи талап бойынша педагогикалық тәлімгерлік  саласында жас мамандар  қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырудағы  кәсіби құзіретттіліктерін дамыту болып табылады.

2.Бағдарламаның міндеттері:

1) Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім бер педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері  бойынша түсініктерін тереңдету;

2) Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері. Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері бойынша білімдерін жүйелеу;

3)Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері  туралы мағлұмат беру;  

4) Жас мамандар қызметін жетілдірудегі мектепішілік тәлімгер ұстаздар қызметі, қойылатын талаптар: мақсаты, міндеті, жоспарлау,тәлімгерлік қағидаларындағы жас маманды  қызметке бейімдеу,  ұйымдастырудағы білімдерін  тереңдету;

5) Білім сапасын   жетілдірдегі  тәлімгер ұстаздардың  менеджменттік құзыреттілік амалдары және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсіндіру;

 6) ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар  қызметті жүргізу және басқаруда  жас мамандарға ықпал ету  туралы түсінік қалыптастыру; 

7)  Білім сапасын және жас маман қызметін бақылау,талдау, түзету дағдыларын, ғылыми негізделген жұмысты жетілдіру  шешімдерін әзірлеу тәсілдерін меңгерту; 

8) Оқу-тәрбие үдерісі практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды                 (бұдан әрі– АКТ) қолданудың мәнін түсіндіру.

3.Курс соңында тыңдаушылар:

  • орта білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, орта білім беруді дамытудың басым бағыттарын түсінеді;
  • педагогикалық тәлімгерлік негізінде жас мамандар қызметін басқарудың,ұйымдастырудың, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізудің  теориялық негіздерін, психологиялық ерекшеліктерін, мазмұнын біледі;
  • білім сапасын жетілдірдегі  тәлімгер ұстаздардың  менеджменттік құзыреттілік амалдары және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсінеді;  
  • тәлімгерлік талаптар мен қағидалары негізінде білім сапасын   басқару, талдау,түзету және жас мамандар  қызметін педагогикалық талдау , ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдауды игереді;
  • тәлімгерлік қағидалары аясында жас маманды қызметке бейімдеу,  бақылауды ұйымдастырудың амалдары мен әдістерін меңгереді.
  • оқу-тәрбие үдерісі практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі– АКТ) қолдана алады;

5-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бағдарлама 5 модульден тұрады:

  • нормативті-құқықтық;
  • психологиялық-педагогикалық;
  • мазмұндық;
  • технологиялық;
  • вариативтік.

Модуль 1. Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім бер педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері  бойынша түсініктері тереңдетіліп, жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Модуль 2. Курс тыңдаушылары педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері. Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері бойынша білімдерін жүйелеу, білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері  туралы мағлұмат беріледі

Модуль 3. Жас мамандар қызметін жетілдірудегі мектепішілік тәлімгер ұстаздар қызметі, қойылатын талаптар: мақсаты, міндеті, жоспарлау және білім сапасын   жетілдірдегі  тәлімгер ұстаздардың  менеджменттік құзыреттілік амалдары және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсіндіріліп, білім сапасын және жас маман қызметін бақылау,талдау, түзету дағдыларын, ғылыми негізделген жұмысты жетілдіру  шешімдерін әзірлеу тәсілдері қарастырылады. Модуль тестілеуге дайындықты және жобаны қорғауды қамтиды.

Модуль 4. Мұғалімнің инновациялық қызметі,білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне білім беру технологиялары мен интербелсенді әдістерді енгізу және   мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану мен педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру туралы  түсініктер беріледі.

Модуль 5.    Вариативтік модульде курс тыңдаушыларының  таңдауы бойынша нақты қажеттіліктері сараланып  және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру

  1. Біліктілікті арттыру курстары:

1)осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндізгі оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндізгі оқу курстарының ұзақтығы   80 академиялық сағатты құрайды. Бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;

2) осы бағдарламаға арналған курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес қашықтықтан оқыту және оқытудың екі кезеңін қамтиды: қашықтықтан (онлайн) — 30 сағат, өзіндік (өз бетімен оқу) — 50 сағат.

  1. Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ (шағын іс-шара) таныстырылымы, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
  2. Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік жұмыс, көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) таныстырылымы, шығармашылық қызмет, іскерлік-рөлдік ойындар, кейс әдістері, практикалық көрсетілімдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режимінде вебинар, пікір алмасу, диалогтік алаң, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.
  3. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін профессор-оқытушылар құрамы бағдарлама мазмұнын меңгеруді бағалаудың критерийлері мен параметрлерін әзірлеп, курстың ОӘК–не енгізеді.

 

 

Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары

 

Сабақтардың тақырыбы

Дәріс

Таңдау бойынша дәріс

Прак. жұмыс

Тренинг

Семинар

Шеберлік -класс

КТС

 Конференция

Дөңгелек үстел

Іскелік-шығармашылық қызмет

 жобалау таныстырылымы

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

 

Инварианттық бөлім

32

 

  4

10

2

4

8

2

2

6

4

74

І.

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МОДУЛЬ

4

 

  2

       

 

2

 

 

8

1.1

Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

4

 

2

         

2

   

8

ІІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОДУЛЬ

4

 

 

2

2

 

 

 

 

 

 

8

2.1

Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері.

2

                   

2

2.2

Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері

     

2

2

           

4

2.3

Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері 

2

                   

2

ІІІ

МАЗМҰНДЫҚ МОДУЛЬ

16

 

  2

2

 

4

8

2

 

6

4

44

3.1.

 Жас мамандар қызметін жетілдірудегі мектепішілік тәлімгер ұстаздар қызметі, қойылатын талаптар: мақсаты, міндеті, жоспарлау

4

   

2

   

2

       

8

3.2.

Педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту-білім беру сапа-сын басқару құралы, Білім сапасын   жетілдірдегі  тәлімгер ұстаздардың  менеджменттік құзыреттілік амалдары

6

 

2

     

6

       

14

3.3

 Жас мамандар қызметін мектепішілік бақылаудың  ұйымдастырылуы және жүргізілу бағыттары.Тұлғалар қызметін  зерттеу,бақылау әдістері және жүргізу жолдары

6

       

4

         

10

3.4.

 Мектепішілік  тәлімгелік  қызметтің педагогтің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына ықпалы және    жүргізілу  жолдары мен  бағыттарын үлгілеу  

                 

6

 

6

3.5.

Білім беру ұйымдарындағы жас мамандарудағы тәлімгерлік қызметтің рөлі мен маңызы

             

2

     

2

3.6.

Тәлімгердің қызмет жобасы, таныстырылым.

Кері байланыс.

                   

4

4

ІҮ

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МОДУЛЬ

8

   

   6

     

 

   

 

14

4.1

Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне білім беру технологиялары мен интербелсенді әдістерді енгізу. Мұғалімнің инновациялық қызметі.Оқушыларды сындарлы ойлауға үйрету жолдары.   

4

 

 

2

             

6

4.2.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. 

4

 

 

4

             

8

Ү

ВАРИАТИВТІ  БӨЛІМІ

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    6

5.1

Блум таксономиясы-  оқу жетістігін бағалау әдісітемесі ретінде

                       

5.2

Білім беру сапасын жетілдірудегі квалиметриялық ықпал.

Мониторинг жүйесін жетілдіру

                   

 

 

5.3

Жобалау-зерттеу қызметі кәсіби құзіреттілікті арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту

 

 

 

             

 

 

 

ЖАЛПЫ:

32

6

  4

10

2

4

8

2

2

6

4

80

 Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.

Қашықтан оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыптары

Қашықтықтан оқу (30 сағат)

Өз бетімен оқу (50 сағ)

Бар

лығы

дәріс

Тре-

нинг

Он-

лайн кеңес

Веби

нар

Он

лайн форум

 

өз беті-мен оқу

 

 

1

Нормативтік-құқықтық модуль

1

 

 

 

1

 

 

6

8

 

1.1

Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

1

   

1

   

6

8

 

2.

Психологиялық-педагогикалық модуль

1

1

 

1

 

 

5

8

 

2.1.

Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері.

1

         

1

2

 

2.2.

Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері

 

1

       

3

4

 

2.3

Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері 

     

1

   

1

2

 

3

Мазмұндық  модуль

4

4

3

2

2

3

26

44

 

3.1

 Жас мамандар қызметін жетілдірудегі мектепішілік тәлімгер ұстаздар қызметі, қойылатын талаптар: мақсаты, міндеті, жоспарлау

1

1

1

   

1

4

8

 

3.2

Педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту-білім беру сапа-сын басқару құралы, Білім сапасын   жетілдірдегі  тәлімгер ұстаздардың  менеджменттік құзыреттілік амалдары

1

1

 

1

 

1

10

14

 

3.3

 Жас мамандар қызметін мектепішілік бақылаудың  ұйымдастырылуы және жүргізілу бағыттары. Тұлғалар қызметін  зерттеу,бақылау әдістері және жүргізу жолдары

2

1

 

1

 

1

4

10

 

3.4

 Мектепішілік  тәлімгелік  қызметтің педагогтің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына ықпалы және    жүргізілу  жолдары мен  бағыттарын үлгілеу  

 

1

1

     

4

6

 

3.5

Білім беру ұйымдарындағы жас мамандарудағы тәлімгерлік қызметтің рөлі мен маңызы

       

2

   

2

 

3.6

Тәлімгердің қызмет жобасы, таныстырылым.

Кері байланыс.

   

1

     

3

4

 

4

Технологиялық модуль

3

2

 

1

 

 

8

14

 

4.1

Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне білім беру технологиялары мен интербелсенді әдістерді енгізу. Мұғалімнің инновациялық қызметі.Оқушыларды сындарлы ойлауға үйрету жолдары.   

1

   

1

   

4

6

 

4.2

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану

2

2

       

4

8

 

5

Вариативтік модуль

 

 

 

1

 

 

5

6

 

5.1

Блум таксономиясы-  оқу жетістігін бағалау әдісітемесі ретінде

                 

5.2

Білім беру сапасын жетілдірудегі квалиметриялық ықпал.

Мониторинг жүйесін жетілдіру

                 

5.3

Жобалау-зерттеу қызметі кәсіби құзіреттілікті арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту

                 
 

Барлығы:

9

7

3

6

2

3

50

80

 
                         

Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.

 

7-тарау. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Оқытудың әдістері:

-интерактивті әдістер

-тұсаукесер;

-топтық жұмыс;

-диагностика;

-түзету жұмыстары;

-рефлекция.

Оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

-компьютер;

-интербелсенді тақта;

— әдістемелік үлестірмелі материалдар;

— нұсқаулар;

— проекциялық аппараттар.

 

Модуль 1. Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

Нормативтік-құқықтық модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді:  күндізгі оқу– 8 сағат (дәріс-4 сағат, практикалық сабақ-2 сағат, дөңгелек үстел-2 сағат)

   Нормативтік-құқықтық модуль бағдарлама құрылымындағы  білім беру саласындағы нормтивтік-құқықтық құжаттардың мазмұнын, білім беру, оның ішінде мектеп басшылары үшін  білім берудің жаңа парадигмасын ендірудің тұжырымдамалық негіздерін ашып көрсетуге бағытталған.

Нормативтік-құқықтық модульдің мақсаты:

оқып-үйренуге арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіби қызметін жобалау бойынша тәлімгер-педагогтердің  кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады

Міндеттері:  

1.білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілермен таныстыру;

2.білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың    мәнін тыңдаушыларға түсіндіру және онда қойылған міндеттерді  педагогикалық қызмет тәжірибесінде ескеруді ұсыну ;

3.нормтивтік-құқықтық құжаттарға сәйкес педагогикалық талаптар негізінде білім беру қызметін ұйымдастыру және қызмет түрлерін үйлестіру жайлы мағлұматтар беру.

Күтілетін нәтиже:

1.мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілермен танысады;

2.көрсетілген нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес негізгі бағыттар және түйінді индикаторлар бойынша жұмысты жоспарлай алады;  

3. нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша өзінің жеке педагогикалық қызметін жобалау дағдыларын меңгереді.

 

Модуль 2. Психологиялық-педагогикалық модуль

Бұл модуль құрылымы:

  1. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері -2 сағат (дәріс-2 сағат, )
  2. Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері -4 сағат (семинар -2 сағат, тренинг-2 сағат)
  3. Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері — 2сағат (дәріс-2сағат)

Модуль бойынша барлығы-8 сағат

 

  Модульдің мақсаты:

Курс тыңдаушыларына  педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері,қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері  бойынша білімдерін жүйелеу, білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері  туралы мағлұмат беру

Міндеттері.

1.Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздерін түсіндіру

2 . Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері бойынша білімдерін жүйелеу

  1. Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы мағлұмат қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Курс тыңдаушылары педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздерін түсіндеді

2 . Қызметке жаңа кіріскен педагогтің әлеуметтік және педагогикалық ортамен, ата-аналармен, білім алушылармен өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері бойынша білімдерін жүйелелейді

  1. Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы мағлұматтарын толықтырады..

 Модуль 3. Мазмұндық модуль

Модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді:  36 сағат (дәріс-16 сағат, практикалық сабақ-2 сағат, тренинг-2 сағат, шебер-класс-4 сағат, көшпелі практикалық сабақ-8 сағат, конференция-2 сағат, іскерлік-шығармашылық қызмет-6 сағат, жобалау-4 сағат)

Мақсаты:

  тәлімгер ұстаздардың жас мамандарды қызметке бейімдеуде қойылатын талаптары мен жұмыс түрлерін   ұйымдастырудағы  кәсіби құзіретттіліктерін дамыту болып табылады.

Міндеттері:

  1. Жас мамандар қызметін жетілдірудегі мектепішілік тәлімгер ұстаздардың қызметі, қойылатын талаптар,тәлімгерлік қағидалар жайлы білімдерін  тереңдету
  2. тәлімгер ұстаздардың білім сапасын жетілдірдегі   менеджменттік құзыреттілік амалдары және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсіндіру
  3. Жас маман қызметін бақылау,талдау, түзету дағдыларын, ғылыми негізделген жұмысты жетілдіру шешімдерін әзірлеу тәсілдерін меңгерту. 

Күтілетін нәтиже:

Курс барысында тыңдаушылар:

1.жас мамандар қызметін жетілдірудегі мектепішілік тәлімгер ұстаздардың қызметі, қойылатын талаптар,тәлімгерлік қағидалар жайлы  білімдерін  тереңдетеді;

2.тәлімгер ұстаздардың білім сапасын   жетілдірдегі   менеджменттік құзыреттілік амалдары және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсінеді;

3.жас маман қызметін бақылау,талдау, түзету дағдыларын, ғылыми негізделген жұмысты жетілдіру  шешімдерін әзірлеу тәсілдерін меңгереді. 

 

Модуль 4. Технологиялық модуль

Модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді:  14 сағат (дәріс-8 сағат, , тренинг-6 сағат)

Мақсаты:

Курс тыңдаушыларына білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне білім беру технологиялары мен интербелсенді әдістерді енгізу және   мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану мен педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру туралы  түсініктер беру.

Міндеттері:

  1. Білім беру ұйымдары қызметін жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне білім беру технологиялар мен интербелсенді әдістерді енгізу, пайдалану жайлы мағлұмат беру

2.Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану іс-әрекетін қалыптастыру

  1. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ қолданудың мәнін түсіндіру, құзыреттілігін дамыту талаптары туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже:

Курс барысында тыңдаушылар

  1. Білім беру қызметін жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне білім беру технологиялар мен интербелсенді әдістерді енгізу, пайдалану жайлы мағлұмат алады.

2.Ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану іс-әрекеті қалыптасады.

  1. Педагогтердің білім мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ қолданудың мәнін және құзыреттілігін дамыту талаптары туралы түсінеді.

Модуль 5  Вариативтік модуль

 Модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді-6 сағат (таңдау дәрісі-6 сағат)

Модуль бойынша курс тыңдаушыларына мына төмендегі тақырыптарды қалаулары бойынша таңдаулары ұсынылады:

1.Блум таксономиясы-  оқу жетістігін бағалау әдісітемесі ретінде.

 2.Білім беру сапасын жетілдірудегі квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру.

3.Жобалау-зерттеу қызметі кәсіби құзіреттілікті арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту.

Мақсаты

Курс тыңдаушыларының таңдаулары бойынша  көрсетілген тақырыптар аясында мағлұматтар беру, ой бөлісу, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

Міндеттері:

  1. Б.Блум таксономиясының оқушыларға сапалы білім беру және оны дамытуда оқыту табыстылығын бағалаудағы рөлі  бойынша түсініктерін дамыту

2.Мектепте білім сапасын жетілдіру бағытындағы квалиметрияның ықпалы мен мониторинг жүйесін жетілдіру  талаптары туралы мағлұматтар беру

  1. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту, жобалау қызметін жетілдіру бойынша тәлімгер ұстаздардың іс-әрекеті бойынша талаптары туралы түсінік беру;

Күтілетін нәтиже:

Курс барысында тыңдаушылар

  1. Б.Блум таксономиясының оқушыларға сапалы білім беру және оны дамытуда оқыту табыстылығын бағалаудағы рөлі  бойынша түсініктері дамиды.

2.Білім сапасын жетілдіру бағытындағы квалиметрияның ықпалы мен мониторинг жүйесін жетілдіру  талаптары туралы мағлұматтар алады.

  1. Тәлімгер ұстаздардың мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту, жобалау қызметін жетілдіру бойынша іс-әрекеті бойынша талаптары туралы түсініктері қалыптасады.

Модуль мазмұны тыңдаушыларға  таңдаған тақырыптары бойынша белгілі бір мәселелерді шешуге байланысты кәсіби құзыреттіліктер алуға мүмкіндік береді

Жоба құрылымы

Бір жобалық тақырыппен 3-4 адамнан тұратын топ жұмыс істейді. Әрбір топ өз жобасын даярлайды.

      Жоба мынадай құрылымдық құрауыштардан тұрады:

Бастапқы бет (ұйымның атауы, әзірлеушінің(лердің) ТАӘ, жылы, қала көрсетіледі).

Мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша көрсетіледі).

Кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу, жұмыстың, пайдаланылған дереккөздердің мақсаттары мен міндеттері, негізгі проблемалардың тұжырымдалуы мен қысқаша сипаттамасы беріледі).

Негізгі бөлім (кіріспеде қойылған проблема ашылады, дереккөздер материалдарында оны шешу жолдары және бұрыннан бар тиімді практикада бақыланады, дәлелді ұстаным көрсетіледі, оған әртүрлі көзқарас сипатталады және оларға автордың қатынасы білдіріледі.

Қорытынды (жобаның ұсынылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің негізгі қорытындысы шығарылады, жалпыланған қорытындылар жасалады немесе зерттеу нәтижелірен нақты пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар беріледі).

Пайдаланылған дереккөздер тізімі

Қосымшалар (қажет жағдайда).

Слайдтар түріндегі таныстырылым.

Жоба тақырыптарының тізімі:

  1. Жас мамандар қызметін қалыптастырудағы тәлімгердің көшбасшылық рөлі;
  2. Жас мамандар қызметін  ұйымдастырудағы тәжірибе;
  3. Жас мамандар қызметін басқарудағы менторинг;
  4. Тәлімгердің жас мамандарды педагогикалық қызметке бейімдеудегі жүргізетін іс-шаралары, жоспарлау үлгілері;
  5. Оқу-тәрбие үдерісін, оқушылар қызметін ұйымдастырудағы тәлімгердің инновациялық қызметі;
  6. Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі тәлімгерлік  ұстанымдарының жүзеге асырылу жолдары
  7. Білім мекемесінің жас маман:бүгін, ертең;
  8. Мектепте тәлімгер мен жас маман арасындағы өзара сабақтастықты жүзеге асыру бағыттары;
  9. Тәлімгерлік стратегиялық серіктестікті жүзеге асырудағы тәжірибе;
  10. Оқушылар қызметін зерттеу, аналитикалық талдау жасау, функционалдық сауаттылығын дамытуды жүзеге асыруға тәлімгердің  жас маманға ықпалы  және құзыреттілігі;
  11. Жас маманның әлеуметтік және психологиялық ахуалын зерттеу және түзету жұмыстары;
  12. Оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін жетілдіру және ата-аналардың мектеппен байланысында кездесетін прблемаларды шешудегі тәжірибе және оның жас маманға ықпалы;
  13. Мектептегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін орындау жұмыстары мен мектеп өміріне жас маманды дайындаудағы тәлімгерлік қызметтің рөлі;
  14. Жас мамандарды бейіміне, шығармашылық қабілеттеріне қарай мектепішілік шараларға қатыстыру жолдары;
  15. Менеджмент принциптері негізінде жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы тәлімгердің  құзыреттілік амалдары.

Өзіндік жұмыс тақырыптарының тізімі:

1.Мектептегі жас мамандар қызметін қалыптастырудағы тәлімгердің  көшбасшылық рөлі;

2.Жас мамандар қызметін  басқарудағы менторинг;

3.Мектеп оқушыларын ҰБТ-ке дайындауды ұйымдастыру проблемалары және оны шешу жолы;  

4.Біліктілік деңгейі сын көтермейтін педагогтармен жұмыс жүргізудегі тәжірибе;

5.Стратегиялық серіктестікті жүзеге асырудағы тәлімгер мен тәлім алушы  байланысын жүзеге асыружолдары

  1. Жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы тәлімгердің рөлі;
  2. Жас маманның әлеуметтік және психологиялық ахуалын зерттеу және түзету жұмыстары;

8.Мектептегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін орындау  жұмыстары,

9.Ата-аналардың мектеппен байланысында кездесетін  прблемаларды шешудегі тәжірибе;

  1. Білім мекемесінің тәлімгері :бүгін, ертең;

11.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды жүзеге асырудағы мұғалім құзыреттілігі;  

  1. Сапалы білім берудегі инновациялық қызмет және оның артықшылықтары

 Жас маманмен жүргізілетін  коучинг  ;

13.Жас маман қызметін  оқушылармен  өзара әрекетін үйлестіру және ұйымдастыру бағыттары

14.Оқушыларды  бейіміне қарай мектептен тыс шараларға қатыстыру жолдары

  1. Тәлімгер мен тәлім алушының өзара сабақтастықты жүзеге асыру бағыттары;

16.Білім беру ұйымдарында жас мамандардың  жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибе

  1. Оқу-тәрбие үдерісіне интер белсенді әдістерді енгізу және пайдалану
  2. Оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту ерекшеліктері

19.Тәлімгер қызметін жоспарлау жолдары

  1. Тәлім алушыны педагогикалық қызметке бейімдеу және тұрақтандыру жолдары

21.Тәлімгердің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар

22.Б.Блум таксономиясын оқушы жетістігін бағалаудағы рөлі

23.Оқу-тәрбие үдерісінде пайдалынатын зерттеу әдістері және оларды жүргізу жолдары

24, Сабаққа және кластан тыс сабақтарға қатысу, талдау жасау бағыттары

25.Жас педагогтардың  кәсіби құзыреттілігін дамытудағы тәлімгердің  құзыреттілік амалдары

 

Оқу нәтижелерін бағалау

Тыңдаушылардың білімдерін бақылау және бағалау: өздік жұмыс, жобалық жұмыстың немесе ықшам-сабақтың (ықшам-шаралардың) таныстырылымы және қорытынды тестілеу).

Жобаны бағалау критерийлері:

Теориялық және практикалық сабақтардың көлемі.

Тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі.

Креативтілік.

Нақты проблемаларды шешу үшін білімді пайдалана білу.

Өз мәтіні мен таныстырылымын тақырыпқа сай және қисынды құра білу.

Шешендік қабілет.

 

Жобаны бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Балдар

Түсініктемелер

1

Зерттеу проблемаларын тұжырымдау.

Проблемалардың маңыздылығы мен өзектілігі

   

2

Қойылған проблемалардың жоба мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі

   

3

Жоба мазмұнын құрылымдау, қисындылығы мен дәйектілігі

   

4

Жоба тақырыбы мазмұнының сай болуы:

— проблеманы ашу деңгейі;

— жоспарға сай болуы.

   

5

Жұмыстың келешегі:

— жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы;

— жұмысты жалғастыру мүмкіндігі.

   

6

Жобада инновациялық ұстанымдарды пайдалану

   

7

Шешендік шеберлік

   

8

Сұрақтарға жауаптар

   

9

Шығармашылық ұстаным

   
 

Балдар саны

   

Жоба жұмысының таныстырылымын бағалау үшін мынадац критерийлер белгіленеді:

0 балл -жүзеге асырылмаған;

1 балл -ішінара жүзеге асырылған;

2 балл -жүзеге асырылған, кемшіліктер кездеседі;

3 балл- толық жүзеге асырылған

Жоба бойынша балдардың ең жоғары саны 30 балл.

Балдар жиынын дәстүрлі бағалау нормаларына мына схема бойынша жүзеге асыру ұсынылады:

«5» (өте жақсы) бағасы 17-20 балл жиынына  қойылады.

«4» (жақсы) бағасы 14-16 балл жиынына сай келеді.

«3» (қанағаттанарлық) бағасы 10-13 балл жиынына сай келеді.

 

   Тыңдаушы өзіндік жұмысы барысында білім беру ұйымдарында мұғалімдердің  қызметін ұйымдастыру,басқару,бақылау     ісі бойынша  белгіленген тақырыптар аясында тапсырмалар орындайды

Өзіндік жұмысының таныстырылымын бағалау үшін мынадай критерийлер белгіленеді:

 0 балл -жүзеге асырылмаған;

1 балл -ішінара жүзеге асырылған;

2 балл — жүзеге асырылған, кемшіліктер кездеседі;

3 балл- толық жүзеге асырылған.

Өзіндік жұмыс бойынша балдардың ең жоғары саны 30 балл

«5» (өте жақсы) бағасы 17-20 балл жиынына  қойылады.

«4» (жақсы) бағасы 14-16 балл жиынына сай келеді.

«3» (қанағаттанарлық) бағасы 10-13 балл жиынына сай келеді

 «2» (қанағаттанарлықсыз) бағасы-12  балдан төмен

 

Ықшам-сабақты бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Баллдар

1

Сабақ мақсаты SMART форматында тұжырымдалған

 

2

Белсенді тәсілдер оқу процесінде барлық білім алушыларды тартады және оқу оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған

 

3

Формативтік бағалау оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді

 

4

Білім алушылар қажеттіліктерін есепке алу. Сараланған ұстанымды пайдалану

 

5

Ресурстарды, оның ішінде IT-технологияларды пайдалану

 

6

Мазмұндау қолжетімділігі мен қисындылығы

 

7

Тайм-менеджментті сақтау

 

            Ықшам-сабақ таныстырылымын бағалау үшін мынадай критерийлер белгіленеді:

            0 балл – бағалау құрауышы жоқ;

            1 балл – дәлелдер әлсіз;

            2 балл – дәлелдер орташа;

            3 балл – дәлелдер күшті.

 

   Ықшам-сабақ бойынша таныстырылымды бағалау балдарды бес балдық жүйеге ауыстыру арқылы жүзеге асырылады:

«Өте жақсы»: 19-21 балл;

«Жақсы»: 15-18 балл;

«Қанағаттанарлық»: 11-14 балл.

 

Таныстырылымның ұзақтығы: 5-7 мин.

Бағалау критерийлері

Сабақтың мақсаты

 

— сабақтың мақсаты оқу мақсатымен келісілген;

— сабақтың мақсаты пән ерекшелігіне бағдарланған;

— мақсаттар білім алушылар қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында тұжырымдалған.

Оқудың белсенді тәсілдері

 

— тәсілдерді таңдау пән бойынша тақырып мазмұнымен анықталған;

— тәсілдер оқу мақсатына жетуге ықпал етеді;

— тәсілдер оқу процесінде білім алушыларды тартуға бағытталған.

 

Саралау тәсілдері

 

— тапсырма білім алушылар қажеттіліктерін ескере отырып сараланады;

— саралаудың әртүрлі тәсілдері жоспарланады(тапсырма, дереккөздер, білім алушыларды қолдау және басқалар);

— саралау тәсілдері әрбір білім алуымен мақсаттарға жетуге ықпал етеді.

Критериалдық бағалау

 

— бағалау оқу мақсатына сай келеді;

— формативтік бағалау оқуды қолдайды;

— бағалау критерийлері пайдаланылады

            Қорытынды тестілеу

Модуль атауы

Сағат саны

Сұрақтары саны

1

Модуль 1. Нормативтік-құқықтық модуль Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

8

5

2

Модуль 2. Психологиялық-педагогикалық модуль:

Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы

-Педагогтерді  аттестаттауға дайындау арқылы  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері        

8

5

3

Модуль 3.Мазмұндық модуль

44

15

4

Модуль 4. Технологиялық модуль

14

5

5

Модуль 6. Вариативті

6

 

БАРЛЫҒЫ

 

30

Баллдарды бағаға айналдыру шкаласы

баға

 % орындауы

балл                                    

5

90%-100%

26-30

4

75-89%

21-25

3

50-74%

15-20

2

 50% аз

 14 баллдан төмен

Бағалау материалдары

Модуль

Тестілеу тапсырмалары                                                            

 

Модуль 1. Нормативтік-құқықтық модуль

1.Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі не деп аталады?

A)    Мектеп оқушыларына сапалы білім беру

B)    Ата-аналар қызметін жетілдіру

C)    Нәтижелі білім беру ортасын құу, мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық сауаттылығы арттыру

D)    әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі

E)     Алдын ала түзетушілік жұмыстарын жүргізу

2. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары қай құжатта бекітілген?

A)    Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында

B)    ҚР Еңбек кодекісінде

C)    ҚР педагог мәртебесі туралы Заңында

D)    Мелекет басшысының Жолдауында

E)     ҚР Білім туралы заңында

3.»Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының мақсаты:

A)    Барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру 

B)    Жеке тұлғаларды қол жетімді біліммен қамтамасыз ету

C)     Педагогтардың кәсіби білімін жетілдіру

D)    Халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту

E)     Курстан кейінгі қолдауды жүзеге асыру

4. Білім беру мекемесінің іс-әрекетін, құрылымын анықтайтын ережелер      жиынтығы не деп аталады?

A)      Жарғы

B)    «Білім беру»  туралы  Заң 

C)    ҚР Конституциясы 

D)    Мектеп ережесі

E)     Педагогикалық кеңес  шешімдері

5. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттарының бірі:

A) Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;

B) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

C) білім беруде ел экономикасының қарқынды әртараптануы

D) балаларға  арналған арнайы оқшауланған  орта құру;

E) білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы

Модуль 2. Психологиялық-педагогикалық модуль

1. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық негіздері неге байланысты болмақ?

A)    Оқытушылық  белгілеріне

B)    Тәрбиелік белгілеріне

C)    Ұжым мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік-психологялық жігерлік белгілеріне

D)    Жауапкершілікті белгілеріне

E)     Қарым-қатынас белгілеріне

2.Психологиялық-педагогикалық аспектілерге  бағдарланған   тәлімгер мақсатында қандай өзгеріс болады?

A)    ҰБТ –ке дайындықты күшейтіледі

B)    Мұғалімнің еңбегі бағаланады

C)    Жас мамандарды іскерлікке жетелйді

D)    Білім мекемесіне шығармашылық еңбек енгізіледі

E)     Жоспарлы жұмыс жүргізіледі

3.Оқушыларға тұрақты дәрігерлік − психологиялық бақылау не үшін  жүргізіледі?

A)    Мектепішілік бақылау

B)    Жеке тұлғаны зерттеу 

C)    Мектепішілік қызмет     

D)    Денсаулықты дамытуды бақылау

E)           Е) Педагогикалық үрдіс

4. Психологиялық қызметті  енгізудегі  шеберліктің белгісі не деп аталады?

A)    Еңбекқорлық 

B)    Ізденімпаздық

C)    Ізгіліктілік 

D)    Қабілеттілік

E)     Ынталылық

5. Тәлімгердің негізгі  психологиялық  қабілеті не?

A)    Жас маман қызметін ұйымдастыру

B)    Қызмет барысына бақылау жасау

C)    Жас маман іс-әрекетін диагностикалау

D)    Ықпал жасау

E)     Талап қою

F)      

Модуль 3.Мазмұндық модуль

1. Тәлімгердің  міндеті не?

A)    Білім беруге нұсқау беру

B)    Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды үйрету

C)    Жас маманға білім беру

D)    Кәсіби білімін дамыту

E)     Өз тәжірибесімен, білімімен бөлісу

2. Менторинг міндетінің бірі не деп аталады?

A)    Оқу-тәрбие үдерісіне  өзінің  үлесін  қосу 

B)    Тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік беру

C)    Лауазымдық міндеттерді орындау

D)    Сапалы білім беруге ықпал ету

E)     Сабаққа қатыса отырып бағалау

3. Жоғары мүмкіндіктерге апаратын «есікті» ашуға көмектесу кімнің ісі?

A)    Көшбасшының

B)    Басшының

C)    Тәлімгердің

D)    Жаңашылдың

E)     Әдіскердің

4. Мектеп тәлімгерінің   жоғары деңгейдегі  әрекеттер кешені не деп аталады?

A)    Қабілеттілік

B)    Іскерлік    

C)    Ұйымдастырушылық

D)    Менеджерлік

E)     Құзыреттілік

 5. Тәлімгер  қызметінің негізгі принциптерінің бірі не?

A)    Өзін-өзі жүйелі жетілдіру

B)    Тұлғаларға басшылық жасау

C)    Мұғалім білімін жетілдіру

D)    Психологиялық ахуал туғызу

E)     Нәтижелі білім негізін қалау

6. Заманауи тәлімгерден талап етіледі:

A)    Үрдісті басқару шеберлігі

B)    Өзін басқара  білу қабілеті

C)    Жаңашылдық енгізу

D)    Тиімді жоспарлау әрекеті 

E)     Мақсатты жүзеге асыру

7.Тәлімгер мен тәлім алушының педагогикалық  бірлескен қызметінің негізгі паролі адамдық, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалық мақсатқа лайық жұмыс болуы тиіс. Бұл  қайндай  принципі?

A)    Демократиялық

B)    Ізгілендіру

C)    Ынтымақтастық

D)    Сенім  

E)     Жариялылық

8.Тәлімгердің  педагогикалық тұлғасына қойылатын негізгі талаптың бірі қалай аталады?

A)    Тәрбиелік деңгейінің диагностикасы   

B)    Өмір тәжірибесінің нәтижесі

C)    Озат тәжірибеге сүйенуі

D)    Мәдениет деңгейінің жоғары болуы

E)     Дүниетанымның деңгейі

9. Тәлімгерліктегі   басты   ұстаным  не?

A)    Көшбасшылықтың  табысты  болуы

B)    Нұсқаулар  шегінде  жұмыс  істеуінен  күтілетін  нәтиже 

C)    Жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас  

D)    Өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу

E)     Жалпы мәдениеттіліктің көрсеткіші  болу

10. Менторинг» сөзі қайдан алынған?

A)    Тарихи дамудан

B)    Зерттеуқорытындыларынан

C)    Ғылыми ойлардан

D)    Стратегиялық әрекеттерден

E)     Грек мифологиясынан

11. Тәлімгерліктен талап етілетін қасиет не?

A)    Ойлампаздық

B)    Іздемпаздық

C)    Еңбекқорлық

D)    Жауапкершілік

E)     Міндеттілік

12. Жас педагогтардың өзіндік ізденістеріне қолдау көрсету қалай жүзеге асады?

A)    Қарым-қатынас жасау 

B)    Жеке сұқпат жүргізу

C)    Іс-әрекетке құлықтандыру

D)    Жоспарлы ықпал жасау

E)     Психологиялық зерттеу

13. Инновациялық үрдіске жас маманды икемдеу барысында қандай өзгерістер болады?

A)    Педагогтардың шығармашылығы үшін кеңістік қалыптасады

B)    Оқушылардың қызметі дамиды

C)    Бақылау-басшылық қызметі  нәтижеге бағытталады

D)    Мектепте  психологиялық ахуал қалыптасады

E)     Мақсатты қызмет жүзеге асады

14. Тәлім алушының  міндеті не?

A)    Еңбек жолында жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдысын дамыту

B)    Білім саласында  нақты практикалық  істермен айналысу

C)    Жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру

D)    Жеке дара шеберлігі тұрғысынан қызмет ету

E)     Өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу

 15.Қазіргі мектеп тәлімгері-ол кім?

A)     Жақсы ұстаз

B)     Шебер ұйымдастырушы

C)     Стратег-жобалаушы

D)    Қамқор басшы

E)     Белсенді енбекқор

 

Модуль 5. Технологиялық модуль

1. Инновациялық қызметте дамуды қамтамасыз ету деген не?

A)    Бақылау-басшылық

B)     Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру

C)     Дамуды қамтамасыз ету

D)    Субектілердің мақсатты іс-әрекеті

E)     Біліктілікті арттыру

2.Білім беруде тұлғалардың ішкі белсенділігін арттыру  әдісі не деп аталады?

A)    Интерактивті әдістер

B)     Рейтинг  

C)     Мониторинг

D)    Теориялық әдістер

E)     Тест

3.Оқу-тәрбие үдерісінде сыни тұрғыдан ойлауға бағыттадың маңызы неде?

A)    Тұлғалардың ұйымдастырушылық қабілеті артады 

B)    Әлеуметтік – педагогикалық, психологиялық орта қалыптасады

C)    Жаңа мүмкіндіктерді көру, мәселелерді шешу қабілеті дамиды

D)    Орындаушылық,  тұлғалық, жан-жақтылық білімдері жетіледі

E)     Бейімделушілік,   аналитикалық зерттеушілік пайда болады

4. Білім беру аясында   шығармашылық еңбекке қойылатын талаптың бірі  қалай аталады?

A)    Жоғары деңгейде мұғалімдер сабақ беру

B)    Аналитикалық талдау жасау

C)    Оқушыларға ықпал жасау арқылы нәтижеге қол жеткізу

D)    Педагогтердің ІТ-құзыреттіліктерін дамыту

E)      Мұғалімдермен  өзара   ықпалдастықта болу

5.Заманауи білім беру міндеттерінің бірі не деп аталады?

    A) Сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану

    B) Нәтижеге бағдарланған білім беру

    C) Аналитикалық-зерттеушілікті дамыту

     D)Тұлғалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіру

     E) Мамандардың кәсіби даярлықтарын ,технологиялық білімдерін жүйелеу

 

8-тарау. Курстан кейінгі қолдау

1) Курстан кейінгі қолдау жүйесінде бірінші кезеңде білім беру ұйымдарының жетекшілерін сүйемелдеу шаралары куратор (оқытушы) арқылы кеңес беру курстары, онлайн-іс-шаралар, әдістемелік алаңдар әртүрлі байланыс құралдарын (электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер (Facebook, WhatsApp және т.б.), сервистер (Google-Duo, Hangouts және т. б.) Интернет-платформаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2) Қолдаудың екінші кезеңінде курс жетекшісі (оқытушысы) менеджменттік басқару жүйесін  іске асыру  жағдайында мектеп басшыларының  кәсіби құзіреттілігін зерттейді. Олардың тәжірибесін электронды пошта, жедел хабар алмасу, әлеуметтік желілер арқылы зерттейміз. Қажет болған жағдайда курс кураторы (оқытушысы) оларға қажетті әдістемелік және сандық ресурстармен қамтамасыз етеді.

Курстан кейінгі қолдау аясында білім беру ұйымдарындағы тәлімгер ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетудің нысандары мен әдістері:

1.Жас мамандардың  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамытуда   мектеп тәлімгерлерінің  негізгі қызметі: мақсаты, міндеттері, кәсіби құзыреттілікке бағытталған  қызмет түрлерінің ұйымдастырылу бағыттары    (пікірталас).

2.Тәлімгерліктің тәлім алушының қызметін, құзыреттілігін, шығармашылығын   дамытуға ықпалы        (шеберлік-класс).

3.Білім беруді   жаңғырту жағдайында тәлімгер қызметін инновациялық бағытта ұйымдастыру  (тренинг).

  1. Жас маманның кәсіби өсу динамикасына тәлімгердің жаңашылдық қызметінің    ықпалы (дөңгелек стол).
  2. Тәлімгер мен тәлім алушының стратегиялық серіктестігінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі.  (конференция).
  3. Заманауи мектеп тәлімгерінің көшбасшылық қызметі (диалогтік алаң).
  4. Мектеп тәлімгері:бүгін, ертең (байқау).

Ресурстық қамтамасыз ету:

 www.akorda.kz  Президенттік сайт

 www.e.gov.rz   Білім министрлігі

www.nao.kz Ы.Алтынсарин ат.Ұлттық Білім академиясы

orleu-edu.kz «Өрлеу» БАҰО АҚ

е.gov.kz  Білім

www.ripkso   ББЖ КБАРИ

www.google. kz Образование

 www.special-edu.kz Национальный  научно – практический   центр  коррекционной педагогики  (ННПЦ КП).

www.bala-kkk.kz  Комитет по охране прав детей МОН РК.

http://rav.mzsr.gov.kz    сайт Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

ttp://www.ombudsman.kz  Сайт Уполномоченного  по правам человека в Республике Казахстан.

http://www.inclusive-edu.ru Институт проблем интегративного (инклюзивного) образования.

 9-тарау.Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» 2021 жылғы 01 қыркүйек

ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы»Заңы мен бұл заңға   енгізілген толықтырулардағы және өзгерістердегі мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары.

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015

Қазақстан Республикасының Заңы педагог мәртебесі туралы  ( 2019 жылғы 27 желтоқсан № 293 -VI ҚРЗ)

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы

«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 832 қаулысымен бекітілген Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы 11.Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.

 Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.-Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА , 2016. – 47 б.

Жалпы білім беру мектептің оқыту үдерісінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА,2019.–258 б.

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 38 б.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 248 б.

Ахметова Г.К., Мұхамбетжанова С.Т. Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыру. – Алматы, 2013.

Бахишева С.М. Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті Орал. 2008. -152 с. 64

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 Қаулысы. — http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827

 Құдайбергенева К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамалық және      ғылыми-теориялық негізі                                        Алматы, 2008                   

Мирсеитова  С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде,      Қарағанды,2011

 Кобдикова Ж.У. Үшөлшемді әдістемелік жүйе-білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы                                      Алматы,2013

Чокушева Ә.И. Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет                     Алматы,2012

Валиева М. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мектепішілік              әдістемелік қызметтің рөлі  Алматы, 2013

Тұрғынбаева Б.А.   Андрагогика                 Алматы,2011

 Педагогтың кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты»   Білім беру қызметкерлерінің бірінші республикалық педагогикалық оқулары  баяндамаларының жинағы (І,ІІ,ІІІ бөлім)      Алматы,2013   

Валиева М. Білім беру ұйымдарында сапалы білім беруді басқару, ұйымдастыру  (әдістемелік нұсқау) Алматы,2016

 «Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқулары материалдары 31 қазан 2018 ж.

Г.Т.Қажиева. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары: Әдістемелік нұсқаулық  – Алматы,  2016.- 70 бет.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі  Түзеу педагогиканың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (әдістемелік нұсқаулық)  Алматы 2019

Валиева М. Педагог қызметінің ұйымдастырылу бағыттарының оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпалы (әдістемелік нұсқау) Алматы,2022

 

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme