«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС директорының
2025 жылғы 26 мамырдағы № 7 бұйрығына
4-қосымша
Мектеп басшылары (директор, директордың оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары) және басшылық лауазымына резерв мамандарға арналған «Менеджмент ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, басқару және бақылау бағыттары» тақырыбындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
- Мектеп басшылары (директор, директордың оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары) және басшылық лауазымына резерв мамандарға арналған педагогтердің біліктілігін арттыру курсының «Менеджмент ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, басқару және бақылау бағыттары» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) білім беру мекемелерін басқаруды іске асыратын орта білім беру ұйымдарының басшы (директор, директордың оқу-тәрбие,әдістемелік, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары және осы лауазымдарға резерв) мамандарын оқытуды реттейді.
2.Бағдарлама қазіргі педагогикалық менеджмент саласында мектеп директорларының кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған.
2-тарау. Глоссарий
Басқару -мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, бақылау, реттеу, талдау, шынайы ақпарат негізінде нәтижесін шығару және шешім қабылдау әрекеттері
Менеджмент –бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы.Бұл ғылыми пән.
Менеджмент — ұйымның мақсатына жетуге және құруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру, жоспарлау процестері
Менеджмент—адамдардың айналасындағы басқарудың арнайы түрі, яғни адамдардың өз ісіне икемдеуге және бірге істейтін істі тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға, осал жақтарын жеңуге бағытталады (П.Друкер)
Менеджер — басқару үдерісін кәсіби, сауатты ұйымдастырушысы, ұжымның әр мүшесінің орнын, қажеттігін, соның негізінде жүмыстың сапасының продуктивті көтерілетінін сезіндіре алатын, болашақты көретін, болжай алатын, білікті басшы.
Педагогикалық менеджмент -адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту, мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылык пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылыкты басқару. Мақсаты: педагогикалық ойлары мен пікірлері бір жерде тоғысатын кәсіби мамандар ұжымын және олармен кері байланыс жүйесін құру.
Стратегия — басымды мәселелерді және басты мақсатқа жету ресурстарын айқындаушы әрекеттердің негізгі бағдарламасы. Бұл ұйымның басты мақсаттар мен оларға жетудің негізгі жолдарын анықтаудың нәтижесінде даму бағытындағы қозғалуы.
Стратегиялық басқару — стратегиялық шешімдер қабылдау және оларды іске асыру үрдісі, мұның басты түйіні ұйымның өзінің ресурстық қуатын өзі әрекет ететін сыртқы қоршаған ортаның мүмкіндіктерімен және қауіп-қатерімен салыстырудағы стратегиялык таңдау жасауы.
Басқарушылық шешім — қалыптасқан басқарушылық іс-әрекет, оның жоспары, қабылданған қаулы және т.б. Бұл — туындаған мәселені немесе міндетті шешу үшін іс-әрекет жоспарының ең озық нүсқасын әзірлеу және қабылдау үдерісі.
Шешімнің оңтайлылығы — әрбір нақты жағдайда шешім қабылданғанда тиімділік жағын ескере отырып, барша нұсқалардың ішінен ең озығын таңдау
Шешімнің заңдылығы — шешімнің қолданыстағы заңдар мен нормативті актілерге сәйкестігі
Демократияландыру принципі— орталықсыздандыру, яғни, басқару үдерісінің барлық мүшелеріне құқықтық, өкілеттілік және жауапкершілікті бөліп беру
Білім берудің жариялылығы — әр түрлі формада үздіксіз білім алуға, сондай-ақ, кез-келген деңгейде, сатыда білім алуға мүмкіндік беру.
Дифференциялау принципі— білім ұйымдарындағы бағдарламалардың көп сатылығы, көпсалалығы. Мұндай принцип балалардың, жасөспірімдердің есеюіне, әлеуметтік қалыптасуына, өз жолын анықтау мүмкіндігін «көлденеңінен» (білім алуда сынып, сала, бағыт бойынша ауыстыру), сондай-ақ «тігінен» (білім мекемесінің ауысымын, деңгейін, типін және түрін ауыстыру) қамтамасыз етеді.
Стандарттау принципі-білім беру сапасының дербес стандарттарын сақтау және ұлттық т.б. ерекшеліктер ескерілген аймақтық стандарттар енгізу
Көшбасшылық – бұл өз əрекеттерін біріктіру арқылы жеке адамдарға жəне топтарға əсер ету мүмкіндігі; оларды мақсатқа жету үшін əрекет етуге ынталандыру, өз адамдарына дем беріп, рухтандыру үшін жеткілікті оптимизмі мен сенім қорының болуы
3-тарау. Бағдарлама тақырыптары
1. Нормативтік-құқықтық модуль |
Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері |
2.Психологиялық-педагогикалық модуль |
2.1.Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы |
2.2.Педагогтерді аттестаттауға дайындау арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері |
|
2.3.Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері |
|
3.Басқарушылық модуль |
3.1. Менеджменттің негізін құрушы идеялар: мақсаты,мәні, ұстанымдары .Педагогикалық менеджмент. Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет:мақсаты, міндеті, құндылықтары |
3.2.Оқытудағы басқару және көшбасшылық |
|
3.3.Білім беру сапасын басқарудағы квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру |
|
4.Мазмұндық модуль |
4.1.Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту-білім беру сапасын басқару құралы Білім сапасын басқарудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдары |
4.2.Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылы |
|
4.3.Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдары мен педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту |
|
4.4.Мектепішілік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы және жүргізілу талаптары. Тұлғалар қызметін зерттеу,бақылау әдістері және жүргізу жолдары. |
|
4.5.ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар қызметті жүргізу және басқару |
|
4.6.Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдері |
|
5.Технологиялық модуль |
5.1.Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану. |
5.2.Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану.Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. |
|
6.Вариативтік модуль |
6.1.Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде |
6.2.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға мектептерді дайындау кезеңінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту |
|
6.3.Жобалау-зерттеу қызметі мектеп басшысының кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту |
|
6.4.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру |
|
6.5.Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері. Қашықтан оқыту дизайны |
4-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер
1.Бағдарламаның мақсаты мектеп басшылары мен басшылық лауазымына резерв мамандардың қазіргі педагогикалық менеджмент саласында басқару қызметін жүзеге асырудағы кәсіби құзіретттіліктерін дамыту болып табылады.
2.Бағдарламаның міндеттері:
1) Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім бер педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері бойынша түсініктерін тереңдету;
2) Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы бойынша білімдерін жүйелеу;
3) «Педагогикалық менеджмент» түсінігінің мәнін анықтау, менеджмент қағидаларындағы басқаруды ұйымдастыру бойынша білімдерін тереңдету;
4) Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсіну; ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар қызметті жүргізу және басқару;
5) Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет:мақсаты, міндеті, құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
6) Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдарын, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
7) Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдерін меңгеру;
8) Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері,сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану дағдыларын дамыту;
3.Курс соңында тыңдаушылар:
- орта білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, орта білім беруді дамытудың басым бағыттарын түсінеді;
- педагогикалық менеджмент негізінде мектепті басқарудың, ұйымдастырудың теориялық негіздерін, мазмұнын біледі;
- менеджмент қағидалары негізінде білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін педагогикалық талдау, ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдауды игереді;
- басқару практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі– АКТ) қолдана алады;
- педагогикалық менеджмент қағидалары аясында мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың амалдары мен әдістерін меңгереді.
6)Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы бойынша білімдерін жүйелейді.
5-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бағдарлама 6 модульден тұрады:
- нормативті-құқықтық;
- басқарушылық;
- психологиялық-педагогикалық;
- мазмұндық;
- технологиялық;
- вариативтік.
1 модуль. Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім бер педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері бойынша түсініктері тереңдетіліп, жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
2 модуль. Курс тыңдаушылары заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы туралы мағлұмат ала отырып, білім беру ұйымдарындағы педагогтерді аттестаттауға дайындау арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері бойынша танысып, тәжірибе алмасады.
3 модуль. Жалпы менеджмент жайлы түсініктерін тереңдете отырып , оның негізін құрушы идеялар, мақсаты, мәні, ұстанымдары, сондай-ақ педагогикалық менеджмент, оның принциптері,қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет, көшбасшылық, білім сапасын басқару, квалиметрия ұғымдары, мониторинг жүйесін жетілдіру талаптары ұсынылады.
4 модуль. Мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқу-тәрбие процесін жаңаландыру, мектеп жұмысын басқаруды ізгілендіру талаптары, менеджменттік құзыреттілік амалдар, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда білім беру жүйесіндегі менеджмент және корпоративтік басқарудың ерекшелігі мен принциптері және оны оқу-тәрбие үдерісіне қолдану бағыттары, корпоративтік мәдениет, оқу – тәрбие үдерісін басқарудың жаңа амалдары:инновациялық қызмет, көшбасшылық, менторинг,оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, бақылау, корпоративтік басқарудың білім сапасына ықпалы: мектепішілік бөлімшелер қызметінің жүргізілу жолдары,бағыттары туралы теориялық –практикалық мағлұматтар беру қарастырылады.
5 модуль. Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері,сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану дағдыларын дамыту, білім беру мекемелерінде білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыруды жетілдіру бағытында теориялық-практикалық түсініктер беріліп, білім беру технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, сыни ойлауды жетілдіру жағдайлары туралы ақпараттармен қамтылады .
6 модуль. Вариативтік модульде курс тыңдаушыларының таңдауы бойынша нақты қажеттіліктері сараланып және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Модуль тестілеуге дайындықты және жобаны қорғауды қамтиды.
6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру
- Біліктілікті арттыру курстары:
1) осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндізгі оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндізгі оқу курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;
2) осы бағдарламаға арналған курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес қашықтықтан оқыту және оқытудың екі кезеңін қамтиды: қашықтықтан (онлайн) — 30 сағат, өзіндік (өз бетімен оқу) — 50 сағат.
- Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ (шағын іс-шара) таныстырылымы, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
- Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік жұмыс, көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) таныстырылымы, шығармашылық қызмет, іскерлік-рөлдік ойындар, кейс әдістері, практикалық көрсетілімдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режимінде вебинар, пікір алмасу, диалогтік алаң, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.
- Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін профессор-оқытушылар құрамы бағдарлама мазмұнын меңгеруді бағалаудың критерийлері мен параметрлерін әзірлеп, курстың ОӘК–не енгізеді.
Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыптары
|
Дәріс |
Таңдау бойынша сабақ |
Практикалық сабақ |
Семинар |
Тренинг |
Шеберлік класс |
Дөңгелек үстел |
Жобалау таныстырылымы |
Барлығы |
1 |
Нормативтік-құқықтық модуль |
6 |
|
|
2 |
|
|
|
|
8 |
1.1 |
Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері |
6 |
|
|
2 |
|
|
|
|
8 |
2. |
Психологиялық-педагогикалық модуль |
6 |
|
|
|
4 |
|
|
|
10 |
2.1. |
Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы |
2 |
|
|
|
2 |
|
|
|
2 |
2.2. |
Педагогтерді аттестаттауға дайындау арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері |
2 |
|
|
|
2 |
|
|
|
4 |
2.3. |
Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
3. |
Басқарушылық модуль |
6 |
|
2 |
|
|
|
2 |
|
10 |
3.1 |
Менеджменттің негізін құрушы идеялар: мақсаты,мәні, ұстанымдары .Педагогикалық менеджмент. Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет: мақсаты, міндеті, құндылықтары |
2 |
|
2 |
|
|
|
|
|
4 |
3.2 |
Оқытудағы басқару және көшбасшылық |
2 |
|
|
|
|
2 |
|
4 |
|
3.3. |
Білім беру сапасын басқарудағы квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
4 |
Мазмұндық модуль |
18 |
|
8 |
|
2 |
4 |
|
4 |
36 |
4.1 |
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту-білім беру сапасын басқару құралы Білім сапасын басқарудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдары |
6 |
|
4 |
|
|
|
|
|
10 |
4.2 |
Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылы |
4 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
4.3 |
Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдары мен педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту |
2 |
|
|
|
|
|
|
4 |
6 |
4.4 |
Мектепішілік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы және жүргізілу талаптары. Тұлғалар қызметін зерттеу, бақылау әдістері және жүргізу жолдары. |
2 |
|
4 |
|
|
|
|
|
6 |
4.5 |
ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар қызметті жүргізу және басқару |
4 |
|
|
|
2 |
|
|
|
6 |
4.6 |
Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдері |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
4 |
5 |
Технологиялық модуль |
2 |
|
4 |
|
4 |
|
|
|
10 |
5.1 |
Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану. |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
4 |
5.2 |
Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану.Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. |
2 |
|
4 |
|
|
|
|
|
6 |
6 |
Вариативтік модуль |
|
6 |
|
|
|
|
|
|
6 |
6.1 |
Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.2 |
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға мектептерді дайындау кезеңінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.3 |
Жобалау-зерттеу қызметі мектеп басшысының кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.4 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.5 |
Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері. Қашықтан оқыту дизайны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
38 |
6 |
14 |
2 |
10 |
4 |
2 |
4 |
80 |
Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.
Қашықтан оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыптары |
Қашықтықтан оқу (30 сағат) |
Өз бетімен оқу (50 сағ) |
Бар лығы |
||||||||
дәріс |
Тре- нинг |
Он- лайн кеңес |
Веби нар |
Он лайн форум |
тест |
өз беті-мен оқу |
|
|
||||
1 |
Нормативтік-құқықтық модуль |
2 |
|
|
1 |
|
|
5 |
8 |
|
||
1.1 |
Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері |
2 |
|
|
1 |
|
|
5 |
8 |
|
||
2. |
Психологиялық-педагогикалық модуль |
1 |
2 |
|
1 |
|
|
6 |
10 |
|
||
2.1. |
Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы |
1 |
1 |
|
|
|
|
2 |
4 |
|
||
2.2. |
Педагогтерді аттестаттауға дайындау арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
3 |
|
||
2.3 |
Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері |
|
|
|
1 |
|
|
2 |
3 |
|
||
3. |
Басқарушылық модуль |
1 |
|
1 |
1 |
|
|
7 |
10 |
|
||
3.1 |
Менеджменттің негізін құрушы идеялар: мақсаты, мәні, ұстанымдары Педагогикалық менеджмент. Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет: мақсаты, міндеті, құндылықтары |
1 |
|
|
|
|
|
3 |
4 |
|
||
3.2 |
Оқытудағы басқару және көшбасшылық |
|
|
1 |
|
|
|
2 |
3 |
|
||
3.3. |
Білім беру сапасын басқарудағы квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру |
|
|
|
1 |
|
|
2 |
3 |
|
||
4 |
Мазмұндық модуль |
6 |
2 |
2 |
1 |
2 |
2 |
21 |
36 |
|
||
4.1 |
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту-білім беру сапасын басқару құралы Білім сапасын басқарудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдары |
1 |
1 |
|
1 |
2 |
1 |
4 |
10 |
|
||
4.2 |
Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылы |
1 |
|
|
|
|
|
3 |
4 |
|
||
4.3 |
Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдары мен педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту |
1 |
|
1 |
|
|
|
4 |
6 |
|
||
4.4 |
Мектепішілік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы және жүргізілу талаптары. Тұлғалар қызметін зерттеу, бақылау әдістері және жүргізу жолдары. |
1 |
1 |
|
|
|
1 |
3 |
6 |
|
||
4.5 |
ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар қызметті жүргізу және басқару |
1 |
|
1 |
|
|
|
4 |
6 |
|
||
4.6 |
Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдері |
1 |
|
|
|
|
|
3 |
4 |
|
||
5 |
Технологиялық модуль |
1 |
1 |
1 |
1 |
|
|
6 |
10 |
|
||
5.1 |
Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану. |
|
|
1 |
|
|
|
3 |
4 |
|
||
5.2 |
Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану.Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. |
1 |
1 |
|
1 |
|
|
3 |
6 |
|
||
6 |
Вариативтік модуль |
1 |
|
|
|
|
|
5 |
6 |
|
||
6.1 |
Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
6.2 |
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға мектептерді дайындау кезеңінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
6.3 |
Жобалау-зерттеу қызметі мектеп басшысының кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
6.4 |
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
6.5 |
Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері. Қашықтан оқыту дизайны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Барлығы: |
12 |
5 |
4 |
5 |
2 |
2 |
50 |
80 |
|
||
Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.
7-тарау. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
Оқытудың әдістері:
-интерактивті әдістер
-тұсаукесер;
-топтық жұмыс;
-диагностика;
-түзету жұмыстары;
-рефлекция.
Оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
-компьютер;
-интербелсенді тақта;
— әдістемелік үлестірмелі материалдар;
— нұсқаулар;
— проекциялық аппараттар.
1 модуль. Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері
Нормативтік-құқықтық модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді: күндізгі оқу– 8 сағат (дәріс-6 сағат, семинар-2 сағат)
Нормативтік-құқықтық модуль бағдарлама құрылымындағы білім беру саласындағы нормтивтік-құқықтық құжаттардың мазмұнын, білім беру, оның ішінде мектеп басшылары үшін білім берудің жаңа парадигмасын ендірудің тұжырымдамалық негіздерін ашып көрсетуге бағытталған.
Нормативтік-құқықтық модульдің мақсаты:
оқып-үйренуге арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіби қызметін жобалау бойынша мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады
Міндеттері:
1.білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілермен таныстыру
2.білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың мәнін тыңдаушыларға түсіндіру және онда қойылған міндеттерді педагогикалық қызмет тәжірибесінде ескеруді ұсыну ;
3.нормтивтік-құқықтық құжаттарға сәйкес педагогикалық талаптар негізінде білім беру қызметін ұйымдастыру және қызмет түрлерін үйлестіру жайлы мағлұматтар беру.
Күтілетін нәтиже:
1.мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілермен танысады;
2.көрсетілген нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес негізгі бағыттар және түйінді индикаторлар бойынша жұмысты жоспарлай алады;
3. нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша өзінің жеке педагогикалық қызметін жобалау дағдыларын меңгереді.
2 модуль. Психологиялық-педагогикалық модуль
Бұл модуль құрылымы:
-
Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы -4 сағат (дәріс-2 сағат, тренинг-2 сағат)
-
Педагогтерді аттестаттауға дайындау арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері-4 сағат (дәріс-2 сағат, тренинг-2 сағат)
-
Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері (дәріс-2сағат)
Модуль бойынша барлығы-10 сағат
Модульдің мақсаты:
Курс тыңдаушыларына мектептің оқу-тәрбие үдерісін заманауи жағдайда тиімді басқарудың психологиясы және мектеп педагогтерін аттестаттауға дайындау аясында олардың кәсіби біліктілігін арттырудың және мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері жайлы түсінік беру.
Міндеттері:
-
Білім беру ұйымдары қызметін тиімді басқару психологиясы жайлы мағлұмат қалыптастыру;
-
Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін басқару психологиясы және оның ерекшеліктері мен қойылатын талаптар жайлы ой бөлісу, пікір алмасу;
-
Мектеп мұғалімдерін аттестаттау аясында кәсіби біліктіліктерін арттырудың психологиялық- педагогикалық аспектілері туралы түсінік беру.
-
Мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық- педагогикалық аспектілері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-
курс тыңдаушыларында мектеп қызметін тиімді басқару психологиясы жайлы түсінік қалыптасады;
-
заманауи білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін басқару психологиясының ерекшеліктері мен талаптары жайлы ой бөлісіп пікір алмасады;
-
мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін дамытудың және мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық- педагогикалық аспектілері аттестаттау қызметіне ықпалы туралы мағлұматты игереді;
-
мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы бойынша білімдерін және жүйелейді.
3 модуль. Басқарушылық модуль
Модуль құрылымы:
Менеджменттің негізін құрушы идеялар: мақсаты, мәні, ұстанымдары. Педагогикалық менеджмент. Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет: мақсаты, міндеті, құндылықтары – 4 сағат (дәріс-2 сағат, практикалық сабақ-2 сағат)
Оқытудағы басқару және көшбасшылық -4 сағат (дәріс-2 сағат, дөңгелек үстел-2 сағат)
Білім беру сапасын басқарудағы квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру-2 сағат (дәріс-2 сағат).
Модуль бойынша барлығы-10 сағат
Модульдің мақсаты:
Курс тыңдаушыларының менеджмент туралы ойларын жетілдіре отырып, педагогикалық менеджменттің мақсаты мен ұстанымдары, корпоративтік мәдениет, оның ерекшеліктері, көшбасшылық , білім беру сапасын басқару жайлы түсініктер беру, дамыту.
Міндеттері:
1.тыңдаушыларға менеджменттің негізгі мақсаты, ұстанымдары, педагогикалық менеджмент жайлы түсініктерін тереңдету;
2.Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет, оның ұстанымдары туралы ой бөлісу, пікір алмасу;
3.Оқытудағы басқару және көшбасшылық пен оның ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
4.Квалиметрия және оның білім сапасын басқарудағы ықпалы мен мониторинг жүйесі жайлы білімдерін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
-
Курс тыңдаушыларының менеджмент және оның идеясы, маңызы, педагогикалық менеджмент туралы түсініктері тереңдейді;
2.Тыңдаушылар қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет, оның ұстанымдары туралы ой бөліседі, пікір алмасады;
3.Оқытудағы басқару және көшбасшылық, оның ерекшеліктері жайлы мағлұмат алады;
-
Білім сапасын басқарудағы квалиметрияның ықпалы мен мониторинг жүйесі туралы білімдерін жетілдіреді.
4 модуль. Мазмұндық модуль
Модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді: 36 сағат (дәріс-18 сағат, практикалық сабақ-8 сағат, тренинг-2 сағат, шебер-класс-4 сағат, жобалау-4 сағат)
Мақсаты мектеп басшылары мен басшылық лауазымына резерв мамандардың қазіргі педагогикалық менеджмент саласында басқару қызметін жүзеге асырудағы кәсіби құзіретттіліктерін дамыту болып табылады.
Міндеттері:
1) «Педагогикалық менеджмент» түсінігінің мәнін анықтау, менеджмент қағидаларындағы басқаруды ұйымдастыру бойынша білімдерін тереңдету;
2) Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсіну;
3) ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар қызметті жүргізу және басқару ұғымдарын игеру;
4) Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет:мақсаты, міндеті, құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
5) Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдарын, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
6) Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдерін меңгеру;
Күтілетін нәтиже:
Курс барысында тыңдаушылар:
1.педагогикалық менеджмент негізінде мектепті басқарудың, ұйымдастырудың теориялық негіздерін, мазмұнын біледі;
-
менеджмент қағидалары негізінде білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін педагогикалық талдау , ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдауды игереді;
-
педагогикалық менеджмент қағидалары аясында мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың амалдары мен әдістерін меңгереді;
-
оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар қызметті жүргізу және басқару ұғымдарын игереді;
5.қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет:мақсаты, міндеті, құндылықтары туралы түсінік қалыптасады;
-
мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының менеджменттік құзыреттілік амалдарын, кәсіби құзыреттіліктерін дамытады;
7.білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдерін меңгереді.
5 модуль. Технологиялық модуль
Модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді: 10 сағат (дәріс-2 сағат, практикалық сабақ-4 сағат, тренинг - 4 сағат)
Бұл модуль құрылымы:
-
Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану - 4 сағат (тренинг-4 сағат)
2.Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану-6 сағат (дәріс-2 сағат, практикалық жұмыс-4 сағат)
Модульдің мақсаты:
Курс тыңдаушыларының білім беру жағдайында тұлғалардың сыни тұрғыдан ойлауын жүзеге асыру және мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері,сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану дағдыларын дамыту
Міндеттері:
1.Білім беру ұйымдары қызметін жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану жайлы мағлұмат беру;
2.Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану іс-әрекетін қалыптастыру;
-
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін дамыту талаптары туралы түсінік беру;
-
Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану негіздерін практикада пайдалануды меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
Курс тыңдаушылары
-
білім беру ұйымдары қызметін жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану жайлы мағлұмат алады;
-
ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды мектеп жағдайында пайдалану іс-әрекетін қалыптастырады;
-
педагогтердің АКТ құзыреттілігін білім мазмұнын жаңарту жағдайында дамыту талаптары туралы түсініктерді игереді;
-
білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану негіздерін практикада пайдалануды практика жүзінде танысып меңгереді.
6 модуль. Вариативтік модуль
Модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді-6 сағат (таңдау дәрісі-6 сағат)
Модуль бойынша курс тыңдаушыларына мына төмендегі тақырыптарды қалаулары бойынша таңдаулары ұсынылады:
1.Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде
-
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға мектептерді дайындау кезеңінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
-
Жобалау-зерттеу қызметі мектеп басшысының кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту
4.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
-
Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері. Қашықтан оқыту дизайны
Модульдің мақсаты:
Курс тыңдаушыларының таңдаулары бойынша көрсетілген тақырыптар аясында мағлұматтар беру, ой бөлісу, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту
Міндеттері:
-
Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі бойынша түсініктерін дамыту
2.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға дайындау талаптары туралы мағлұматтар беру
-
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту, жобалау қызметін жетілдіру бойынша мектеп басшыларының іс-әрекеті бойынша талаптары туралы түсінік беру;
-
Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру жолдары жайлы құзыреттіліктерін дамыту
-
Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері туралы және оны жүзеге асыру бағыттары жайлы ой бөлісу, пікір алмасу, меңгеру
Күтілетін нәтиже:
Курс тыңдаушылары
-
Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі бойынша түсініктерін дамытады
-
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға дайындау талаптары туралы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жайлы мағлұматтар алады
-
Мектеп басшыларының мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту, жобалау қызметін жетілдіру бойынша талаптары туралы түсініктері қалыптасады
-
Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру жолдары жайлы құзыреттіліктері дамиды
-
Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері туралы және оны жүзеге асыру бағыттары жайлы ой бөліседі, пікір алмаады, меңгереді.
Модуль мазмұны тыңдаушыларға таңдаған тақырыптары бойынша белгілі бір мәселелерді шешуге байланысты кәсіби құзыреттіліктер алуға мүмкіндік береді.
Жоба құрылымы
Бір жобалық тақырыппен 3-4 адамнан тұратын топ жұмыс істейді. Әрбір топ өз жобасын даярлайды.
Жоба мынадай құрылымдық құрауыштардан тұрады:
Бастапқы бет (ұйымның атауы, әзірлеушінің(лердің) ТАӘ, жылы, қала көрсетіледі).
Мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша көрсетіледі).
Кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу, жұмыстың, пайдаланылған дереккөздердің мақсаттары мен міндеттері, негізгі проблемалардың тұжырымдалуы мен қысқаша сипаттамасы беріледі).
Негізгі бөлім (кіріспеде қойылған проблема ашылады, дереккөздер материалдарында оны шешу жолдары және бұрыннан бар тиімді практикада бақыланады, дәлелді ұстаным көрсетіледі, оған әртүрлі көзқарас сипатталады және оларға автордың қатынасы білдіріледі.
Қорытынды (жобаның ұсынылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің негізгі қорытындысы шығарылады, жалпыланған қорытындылар жасалады немесе зерттеу нәтижелірен нақты пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар беріледі).
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
Қосымшалар (қажет жағдайда).
Слайдтар түріндегі таныстырылым.
Шығармашылық жоба тақырыптарының тізімі:
-
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі мектепішілік менеджмент ұстанымдарының жүзеге асырылу жолдары ;
-
Менеджмент жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілгін дамыту бағыттары;
-
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда мектепішілік ата-аналар лекториі мен ата-аналар комитетінің жоспары;
-
Білім беру ұйымында менеджмент принциптері негізінде мектеп әкімшілігінің қызметінің ұйымдастырылуы;
-
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін және шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау;
-
Білім беру ұйымы қызметін корпоративтік басқаруда бөлімшелер қызметін үлгілеу;
-
Менеджмент принциптері негізінде білім беру ұйымын басқаруды жобалау;
-
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық қызметті енгізуде эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау;
-
Білім беру ұйымын басқарудағы корпоративтік мәдениет және оның ерекшелігін айқындау;
-
Оқушылар қабілетіне қарай оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда мектептен тыс қосымша білім беруді ұйымдастыруды жоспарлау;
-
Педагогикалық кәсіби құзыреттіліктің білім сапасына ықпалы;
-
Мектеп қызметін өзіндік аттестаттау,аналитикалық талдау жүргізу жолдары;
-
Мектептің стратегиялық даму жоспарын үлгілеу.
Өзіндік жұмыс тақырыптарының тізімі:
-
Мектептегі тұлғалар қызметін қалыптастырудағы басшының көшбасшылық рөлі;
-
Білім беру ұйымдарында кездесетін суидциттің алдын алу шараларын ұйымдастырудағы тәжірибе;
-
Білім беру ұйымын корпоративтік басқарудағы менторинг;
4.Мектеп оқушыларын ҰБТ-ке дайындауды ұйымдастыру проблемалары және оны шешу жолы;
5.Білім беру ұйымдарында кездесетін дау-дамайларды шешудегі менеджерлік қабілет;
6.Біліктілік деңгейі сын көтермейтін педагогтармен жұмыс жүргізудегі тәжірибе;
7.Мектепті аттестаттау, лицензиялауға дайындау шаралары;
8.Стратегиялық серіктестікті жүзеге асырудағы мектептің сыртпен байланысын жүзеге асырудағы тәжірибе;
-
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы басшы рөлі;
10.Мектептің әлеуметтік және психологиялық ахуалын зерттеу және түзету жұмыстары;
11.Мектептегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін орындау жұмыстары,
12.Ата-аналардың мектеппен байланысында кездесетін прблемаларды шешудегі тәжірибе;
-
Білім мекемесінің менеджері:бүгін, ертең;
14.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды басқарудағы басшы құзыреттілігі;
15.Білім ұйымдарында курсаралық жұмыстардың ұйымдастырылуы;
16.Мектепте кездесетін теріс құбылыстардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
17.Педагогтарды және мектептің басқа қызметкерлерін ынталандыру жұмысы;
-
Білім беру ұйымын басқаруда коучинг әдісін қолдану;
-
Әкімшілік құрамының өзара әрекетін үйлестіру және ұйымдастыру;
-
Оқушыларға бейіміне қарай мектептен тыс шараларға қатыстыру проблемаларын шешу;
-
Мектепте оқитын оралман отбасы баларымен жұмыс жүргізу түрлері;
-
Мектепте басшылық лауазымдық қызметке резерв дайындау жұмыстарының бағыттары;
-
Кітапхана қызметінің ұйымдастырылуы және оған оқырмандарды тарту жұмыстары;
-
Мектепте өзара сабақтастықты жүзеге асыру бағыттары;
-
Білім беру ұйымдарында жас мамандардың жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибе
8 тарау. Оқу нәтижелерін бағалау
Тыңдаушылардың білімдерін бақылау және бағалау: өздік жұмыс, жобалық жұмыстың немесе ықшам-сабақтың (ықшам-шаралардың) таныстырылымы және қорытынды тестілеу).
Жобаны бағалау критерийлері:
Теориялық және практикалық сабақтардың көлемі.
Тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі.
Креативтілік.
Нақты проблемаларды шешу үшін білімді пайдалана білу.
Өз мәтіні мен таныстырылымын тақырыпқа сай және қисынды құра білу.
Шешендік қабілет.
Жобаны бағалау критерийлері
№ |
Бағалау критерийлері |
Балдар |
Түсініктемелер |
1 |
Зерттеу проблемаларын тұжырымдау. |
|
|
2 |
Қойылған проблемалардың жоба мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі |
|
|
3 |
Жоба мазмұнын құрылымдау, қисындылығы мен дәйектілігі |
|
|
4 |
Жоба тақырыбы мазмұнының сай болуы: |
|
|
5 |
Жұмыстың келешегі: |
|
|
6 |
Жобада инновациялық ұстанымдарды пайдалану |
|
|
7 |
Шешендік шеберлік |
|
|
8 |
Сұрақтарға жауаптар |
|
|
9 |
Шығармашылық ұстаным |
|
|
|
Балдар саны |
|
|
Жоба жұмысының таныстырылымын бағалау үшін мынадац критерийлер белгіленеді:
0 балл -жүзеге асырылмаған;
1 балл -ішінара жүзеге асырылған;
2 балл -жүзеге асырылған, кемшіліктер кездеседі;
3 балл- толық жүзеге асырылған
Жоба бойынша балдардың ең жоғары саны 30 балл.
Балдар жиынын дәстүрлі бағалау нормаларына мына схема бойынша жүзеге асыру ұсынылады:
«5» (өте жақсы) бағасы 17-20 балл жиынына қойылады.
«4» (жақсы) бағасы 14-16 балл жиынына сай келеді.
«3» (қанағаттанарлық) бағасы 10-13 балл жиынына сай келеді.
Тыңдаушы өзіндік жұмысы барысында білім беру ұйымдарында мұғалімдердің қызметін ұйымдастыру,басқару,бақылау ісі бойынша белгіленген тақырыптар аясында тапсырмалар орындайды
Өзіндік жұмысының таныстырылымын бағалау үшін мынадай критерийлер белгіленеді:
0 балл -жүзеге асырылмаған;
1 балл -ішінара жүзеге асырылған;
2 балл - жүзеге асырылған, кемшіліктер кездеседі;
3 балл- толық жүзеге асырылған.
Өзіндік жұмыс бойынша балдардың ең жоғары саны 30 балл
«5» (өте жақсы) бағасы 17-20 балл жиынына қойылады.
«4» (жақсы) бағасы 14-16 балл жиынына сай келеді.
«3» (қанағаттанарлық) бағасы 10-13 балл жиынына сай келеді
«2» (қанағаттанарлықсыз) бағасы-12 балдан төмен
Ықшам-сабақты бағалау критерийлері
№ |
Бағалау критерийлері |
Баллдар |
1 |
Сабақ мақсаты SMART форматында тұжырымдалған |
|
2 |
Белсенді тәсілдер оқу процесінде барлық білім алушыларды тартады және оқу оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған |
|
3 |
Формативтік бағалау оқу нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді |
|
4 |
Білім алушылар қажеттіліктерін есепке алу. Сараланған ұстанымды пайдалану |
|
5 |
Ресурстарды, оның ішінде IT-технологияларды пайдалану |
|
6 |
Мазмұндау қолжетімділігі мен қисындылығы |
|
7 |
Тайм-менеджментті сақтау |
|
Ықшам-сабақ таныстырылымын бағалау үшін мынадай критерийлер белгіленеді:
0 балл – бағалау құрауышы жоқ;
1 балл – дәлелдер әлсіз;
2 балл – дәлелдер орташа;
3 балл – дәлелдер күшті.
Ықшам-сабақ бойынша таныстырылымды бағалау балдарды бес балдық жүйеге ауыстыру арқылы жүзеге асырылады:
«Өте жақсы»: 19-21 балл;
«Жақсы»: 15-18 балл;
«Қанағаттанарлық»: 11-14 балл.
Таныстырылымның ұзақтығы: 5-7 мин.
Бағалау критерийлері |
|||
Сабақтың мақсаты |
Оқудың белсенді тәсілдері |
Саралау тәсілдері |
Критериалдық бағалау |
Қорытынды тестілеу
№ |
Модуль атауы |
Сағат саны |
Сұрақтары саны |
1 |
1 модуль. Нормативтік-құқықтық модуль Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері |
10 |
|
2 |
2 модуль. Психологиялық-педагогикалық модуль: |
10 |
3 |
3 |
3 модуль. Басқарушылық модуль |
10 |
5 |
4 |
4 модуль.Мазмұндық модуль |
36 |
15 |
5 |
5 модуль. Басшылардың ІТ-құзыреттіліктерін дамыту |
10 |
3 |
6 |
6 модуль. Вариативті |
6 |
- |
|
БАРЛЫҒЫ |
|
30 |
Баллдарды бағаға айналдыру шкаласы
баға |
% орындауы |
балл |
5 |
90%-100% |
26-30 |
4 |
75-89% |
21-25 |
3 |
50-74% |
15-20 |
2 |
50% аз |
14 баллдан төмен |
Бағалау материалдары
Модуль |
Тестілеу тапсырмалары |
1 модуль. Нормативтік-құқықтық модуль |
1.Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі не деп аталады? |
2 модуль. Психологиялық-педагогикалық модуль |
1.Педагогикалық ұжымның климаты неге тәуелді болып келеді? |
3 модуль. Басқарушылық модуль |
1. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған кім? |
4 модуль. Мазмұндық модуль |
1. Педагогикалық менеджмент дегеніміз не? |
5 модуль. Басшылардың ІТ-құзыреттіліктерін дамыту |
1. Білім беруде сыни тұрғыдан ойлауға бағыттадың маңызы неде? |
9 тарау. Курстан кейінгі қолдау
1) Курстан кейінгі қолдау жүйесінде бірінші кезеңде білім беру ұйымдарының жетекшілерін сүйемелдеу шаралары куратор (оқытушы) арқылы кеңес беру курстары, онлайн-іс-шаралар, әдістемелік алаңдар әртүрлі байланыс құралдарын (электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер (Facebook, WhatsApp және т.б.), сервистер (Google-Duo, Hangouts және т. б.) Интернет-платформаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2) Қолдаудың екінші кезеңінде курс жетекшісі (оқытушысы) менеджменттік басқару жүйесін іске асыру жағдайында мектеп басшыларының кәсіби құзіреттілігін зерттейді. Олардың тәжірибесін электронды пошта, жедел хабар алмасу, әлеуметтік желілер арқылы зерттейміз. Қажет болған жағдайда курс кураторы (оқытушысы) оларға қажетті әдістемелік және сандық ресурстармен қамтамасыз етеді.
Курстан кейінгі қолдау аясында білім беру ұйымдарының басшыларына әдістемелік көмек көрсетудің нысандары мен әдістері
1.Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда мектеп басшыларының негізгі қызметі: менеджерлік лауазымдық міндеттері, кәсіби құзыреттілікке бағытталған мектепішілік әдістемелік қызметтің ұйымдастырылу бағыттары (пікірталас).
2.Менеджменттік басқарудың тұлғалар қызметін, құзыреттілігін, шығармашылығын дамытуға ықпалы (шеберлік-класс).
3.Білім беруді жаңғырту жағдайында білім беру ұйымы қызметін инновациялық басқару (тренинг).
-
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсу динамикасына бақылау-басшылықтың ықпалы (дөңгелек стол).
-
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы менеджменттік және корпоративтік басқару ұстанымдарының рөлі. (конференция).
-
Заманауи мектеп басшысы және оның көшбасшылық қызметі (байқау).
Ресурстық қамтамасыз ету:
www.akorda.kz Президенттік сайт
www.e.gov.rz Білім министрлігі
www.nao.kz Ы.Алтынсарин ат.Ұлттық Білім академиясы
orleu-edu.kz «Өрлеу» БАҰО АҚ
е.gov.kz Білім
www.ripkso ББЖ КБАРИ
www.google. kz Образование
www.special-edu.kz Национальный научно – практический центр коррекционной педагогики (ННПЦ КП).
www.bala-kkk.kz Комитет по охране прав детей МОН РК.
http://rav.mzsr.gov.kz сайт Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
ttp://www.ombudsman.kz Сайт Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан.
http://www.inclusive-edu.ru Институт проблем интегративного (инклюзивного) образования.
www.perspektiva-inva.ru Региональная общественная организация инвалидов «Перспектива».
10 тарау.Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» 2021 жылғы 01 қыркүйек
ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы»Заңы мен бұл заңға енгізілген толықтырулардағы және өзгерістердегі мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары.
"Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015
Қазақстан Республикасының Заңы педагог мәртебесі туралы ( 2019 жылғы 27 желтоқсан № 293 -VI ҚРЗ)
"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы
"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 832 қаулысымен бекітілген Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы 11.Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.
Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру. Әдістемелік ұсынымдар.- Астана:Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА , 2016. – 47 б.
Жалпы білім беру мектептің оқыту үдерісінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА,2019.–258 б.
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 38 б.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 248 б.
Ахметова Г.К., Мұхамбетжанова С.Т. Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагогтардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыру. – Алматы, 2013.
Бахишева С.М. Қазіргімектептібасқарудыңпедагогикалықменеджменті Орал. 2008. -152 с. 64
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 Қаулысы. - http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827
Баймолдаев Т.М., Безруков В.И., Носков И.А. Научные управление развитие школы. Алматы-Самара, 2007
Мажикеев Т.М. Директор школы новой формации. Алматы, 2005
Баймолдаев Т.М., Безруков В.И., Носков И.А., Соловова Н.А.Педагогический менеджмент и управления развитием образования Алматы-Самара, 2007
Еспаев Я.Ж. Педагогическая имиджелогия. Алматы, 2007
Құдайбергенева К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамалық және ғылыми-теориялық негізі Алматы, 2008
Тұрғынбаева Б.А. Андрагогика. Алматы,2011
Педагогтың кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» Білім беру қызметкерлерінің бірінші республикалық педагогикалық оқулары баяндамаларының жинағы (І,ІІ,ІІІ бөлім) Алматы, 2013.
Валиева М. Білім беру ұйымдарында сапалы білім беруді басқару, ұйымдастыру (әдістемелік нұсқау) Алматы,2016
Валиева М. Білім беру ұйымдарының қызметін менеджмент және корпоративтік басқару ұстанымдары негізінде ұйымдастыру (әдістемелік нұсқау) Алматы, 2017
«Жаңартылған бағдарлама аясында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқулары материалдары 31 қазан 2018 ж.
Баймолдаев Т.М. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері Алматы,2006
Валиева М. Педагог қызметінің ұйымдастырылу бағыттарының оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына ықпалы. Алматы, 2022
Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды,2011
Чокушева Ә.И. Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік қызмет. Алматы,2012.
Г.Т.Қажиева. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары: Әдістемелік нұсқаулық – Алматы, 2016.- 70 бет.
Валиева М. Білім мекемесін менеджмент жағдайында басқару, бақылау жолдары. Алматы,2012
Кобдикова Ж.У., «Развитие функциональной грамотности обучающихся на основе применение педагогической технологии трехмерной методической системы обучения (ПТТМСО). Учебно-методическое пособие. Алматы, 2013.
Валиева М. Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы білім мекемесін басқару бағыттары (әдістемелік нұсқау) Алматы,2014.