Біліктілік арттыру курстарының оқу бағдарламалары

Мектеп басшылары (директор, директордың оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары) және  басшылық лауазымына резерв мамандарға арналған  «Менеджмент  ұстанымдары   негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, басқару және бақылау бағыттары» тақырыбындағы педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру  курсының білім беру бағдарламасы

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Мектеп басшылары (директор, директордың оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары) және басшылық лауазымына резерв мамандарға арналған педагогтердің біліктілігін арттыру курсының «Менеджмент ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, басқару және бақылау бағыттары» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама)  білім беру мекемелерін басқаруды  іске асыратын  орта білім беру ұйымдарының  басшы (директор, директордың оқу-тәрбие,әдістемелік, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарлары және  осы лауазымдарға резерв) мамандарын  оқытуды реттейді.

2.Бағдарлама қазіргі педагогикалық менеджмент саласында мектеп директорларының кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған.

 2-тарау. Глоссарий

Басқару -мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, бақылау, реттеу, талдау, шынайы ақпарат негізінде нәтижесін шығару және шешім қабылдау әрекеттері

Менеджмент –бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы.Бұл ғылыми пән.

Менеджмент — ұйымның мақсатына жетуге және құруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру, жоспарлау процестері

Менеджментадамдардың айналасындағы басқарудың арнайы түрі, яғни адамдардың өз ісіне икемдеуге және бірге істейтін істі тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға, осал жақтарын жеңуге бағытталады (П.Друкер)

Менеджер — басқару үдерісін кәсіби, сауатты ұйымдастырушысы, ұжымның әр мүшесінің орнын, қажеттігін, соның негізінде жүмыстың сапасының продуктивті көтерілетінін сезіндіре алатын, болашақты көретін, болжай алатын, білікті басшы.

Педагогикалық  менеджмент -адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту, мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылык пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылыкты  басқару. Мақсаты: педагогикалық ойлары мен пікірлері бір жерде тоғысатын кәсіби мамандар ұжымын  және олармен кері байланыс жүйесін құру.

Стратегия — басымды мәселелерді және басты мақсатқа жету ресурстарын айқындаушы әрекеттердің негізгі бағдарламасы. Бұл ұйымның басты мақсаттар мен оларға жетудің негізгі жолдарын анықтаудың нәтижесінде даму бағытындағы қозғалуы.

Стратегиялық басқару — стратегиялық шешімдер қабылдау және оларды іске асыру үрдісі, мұның басты түйіні ұйымның өзінің ресурстық қуатын өзі әрекет ететін сыртқы қоршаған ортаның мүмкіндіктерімен және қауіп-қатерімен салыстырудағы стратегиялык таңдау жасауы.

Басқарушылық шешім — қалыптасқан басқарушылық іс-әрекет, оның жоспары, қабылданған қаулы және т.б. Бұл — туындаған мәселені немесе міндетті шешу үшін іс-әрекет жоспарының ең озық нүсқасын әзірлеу және қабылдау үдерісі.

Шешімнің оңтайлылығы — әрбір нақты жағдайда шешім қабылданғанда тиімділік жағын ескере отырып, барша нұсқалардың ішінен ең озығын таңдау

Шешімнің заңдылығы — шешімнің қолданыстағы заңдар мен нормативті актілерге сәйкестігі

 Демократияландыру  принципі— орталықсыздандыру, яғни, басқару үдерісінің барлық мүшелеріне құқықтық, өкілеттілік және жауапкершілікті бөліп беру

Білім берудің жариялылығы — әр түрлі формада үздіксіз білім алуға, сондай-ақ, кез-келген деңгейде, сатыда білім алуға мүмкіндік беру.

Дифференциялау принципі— білім ұйымдарындағы бағдарламалардың көп сатылығы, көпсалалығы. Мұндай принцип балалардың, жасөспірімдердің есеюіне, әлеуметтік қалыптасуына, өз жолын анықтау мүмкіндігін «көлденеңінен» (білім алуда сынып, сала, бағыт бойынша ауыстыру), сондай-ақ «тігінен» (білім мекемесінің ауысымын, деңгейін, типін және түрін ауыстыру) қамтамасыз етеді.

Стандарттау принципі-білім беру сапасының дербес стандарттарын сақтау және ұлттық т.б. ерекшеліктер ескерілген аймақтық стандарттар енгізу

Көшбасшылық – бұл өз əрекеттерін біріктіру арқылы жеке адамдарға жəне топтарға əсер ету мүмкіндігі; оларды мақсатқа жету үшін əрекет етуге ынталандыру, өз адамдарына дем беріп, рухтандыру үшін жеткілікті оптимизмі мен сенім қорының болуы

3-тарау. Бағдарлама тақырыптары

1. Нормативтік-құқықтық модуль

Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

2.Психологиялық-педагогикалық модуль

2.1.Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы    

2.2.Педагогтерді  аттестаттауға дайындау арқылы  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері    

2.3.Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері    

3.Басқарушылық модуль

 3.1. Менеджменттің негізін құрушы  идеялар: мақсаты,мәні, ұстанымдары .Педагогикалық менеджмент. Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет:мақсаты, міндеті, құндылықтары

3.2.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

3.3.Білім беру сапасын басқарудағы квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру

4.Мазмұндық  модуль

4.1.Педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту-білім беру сапасын басқару құралы Білім сапасын   басқарудағы мектеп басшының  менеджменттік құзыреттілік амалдары

4.2.Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылы

4.3.Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының  менеджменттік құзыреттілік амалдары мен педагогтердің   кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

4.4.Мектепішілік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы және жүргізілу талаптары. Тұлғалар қызметін  зерттеу,бақылау әдістері және жүргізу жолдары.

4.5.ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар  қызметті жүргізу және басқару

4.6.Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы  және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдері

5.Технологиялық модуль

5.1.Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану. 

5.2.Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану.Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. 

6.Вариативтік модуль

6.1.Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде

6.2.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға мектептерді дайындау кезеңінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

6.3.Жобалау-зерттеу қызметі мектеп басшысының кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту 

6.4.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру

6.5.Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері. Қашықтан оқыту дизайны

 4-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер

1.Бағдарламаның мақсаты мектеп басшылары мен басшылық лауазымына резерв мамандардың  қазіргі педагогикалық менеджмент саласында басқару қызметін жүзеге асырудағы  кәсіби құзіретттіліктерін дамыту болып табылады.

2.Бағдарламаның міндеттері:

1) Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім бер педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері  бойынша түсініктерін тереңдету;

2) Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы бойынша білімдерін жүйелеу;

3) «Педагогикалық менеджмент» түсінігінің мәнін анықтау, менеджмент қағидаларындағы басқаруды ұйымдастыру бойынша білімдерін  тереңдету;

4) Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылығын түсіну; ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар  қызметті жүргізу және басқару;

5) Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет:мақсаты, міндеті, құндылықтары  туралы түсінік қалыптастыру; 

6) Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының  менеджменттік құзыреттілік амалдарын, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;

7) Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдерін меңгеру; 

8) Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері,сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану  дағдыларын дамыту;

3.Курс соңында тыңдаушылар:

  • орта білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, орта білім беруді дамытудың басым бағыттарын түсінеді;
  • педагогикалық менеджмент негізінде мектепті басқарудың, ұйымдастырудың теориялық негіздерін, мазмұнын біледі;
  • менеджмент қағидалары негізінде білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін педагогикалық талдау, ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдауды игереді;
  • басқару практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі– АКТ) қолдана алады;
  • педагогикалық менеджмент қағидалары аясында мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың амалдары мен әдістерін меңгереді.

6)Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы бойынша білімдерін жүйелейді.

5-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бағдарлама 6 модульден тұрады:

  • нормативті-құқықтық;
  • басқарушылық;
  • психологиялық-педагогикалық;
  • мазмұндық;
  • технологиялық;
  • вариативтік.

1 модуль. Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім бер педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері  бойынша түсініктері тереңдетіліп, жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

2 модуль. Курс тыңдаушылары заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы туралы мағлұмат ала отырып, білім беру ұйымдарындағы педагогтерді аттестаттауға дайындау арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері бойынша танысып, тәжірибе алмасады.

3 модуль. Жалпы менеджмент жайлы түсініктерін тереңдете отырып , оның  негізін құрушы  идеялар, мақсаты, мәні, ұстанымдары, сондай-ақ педагогикалық менеджмент, оның принциптері,қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет, көшбасшылық, білім сапасын басқару, квалиметрия ұғымдары, мониторинг жүйесін жетілдіру талаптары  ұсынылады.

4 модуль. Мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқу-тәрбие процесін жаңаландыру, мектеп жұмысын басқаруды ізгілендіру талаптары,  менеджменттік құзыреттілік амалдар, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда білім беру жүйесіндегі менеджмент және корпоративтік басқарудың ерекшелігі мен принциптері және оны оқу-тәрбие үдерісіне қолдану  бағыттары, корпоративтік мәдениет, оқу – тәрбие үдерісін басқарудың жаңа амалдары:инновациялық қызмет, көшбасшылық, менторинг,оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, бақылау, корпоративтік басқарудың білім сапасына ықпалы: мектепішілік бөлімшелер қызметінің жүргізілу жолдары,бағыттары туралы теориялық –практикалық мағлұматтар беру қарастырылады.

5 модуль. Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері,сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану  дағдыларын дамыту, білім беру мекемелерінде  білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыруды жетілдіру бағытында теориялық-практикалық түсініктер беріліп, білім беру технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, сыни ойлауды жетілдіру жағдайлары туралы ақпараттармен қамтылады .

6 модуль. Вариативтік модульде курс тыңдаушыларының  таңдауы бойынша нақты қажеттіліктері сараланып және олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Модуль тестілеуге дайындықты және жобаны қорғауды қамтиды.

6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру

  1. Біліктілікті арттыру курстары:

1) осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндізгі оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндізгі оқу курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;

2) осы бағдарламаға арналған курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес қашықтықтан оқыту және оқытудың екі кезеңін қамтиды: қашықтықтан (онлайн) — 30 сағат, өзіндік (өз бетімен оқу) — 50 сағат.

  1. Күндізгі және аралас оқу режимінде тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ (шағын іс-шара) таныстырылымы, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
  2. Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік жұмыс, көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) таныстырылымы, шығармашылық қызмет, іскерлік-рөлдік ойындар, кейс әдістері, практикалық көрсетілімдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режимінде вебинар, пікір алмасу, диалогтік алаң, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.
  3. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін профессор-оқытушылар құрамы бағдарлама мазмұнын меңгеруді бағалаудың критерийлері мен параметрлерін әзірлеп, курстың ОӘК–не енгізеді.

Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыптары

 

 

Дәріс

Таңдау бойынша сабақ

Практикалық сабақ

Семинар

Тренинг

Шеберлік класс

Дөңгелек үстел

Жобалау таныстырылымы

Барлығы

1

Нормативтік-құқықтық модуль

6

 

 

2

 

 

 

 

8

1.1

Орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

6

2

8

2.

Психологиялық-педагогикалық модуль

6

 

 

 

4

 

 

 

10

2.1.

Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы    

2

2

2

2.2.

Педагогтерді  аттестаттауға дайындау арқылы  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері    

2

2

4

2.3.

Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері    

2

2

3.

Басқарушылық модуль

6

 

2

 

 

 

2

 

10

3.1

Менеджменттің негізін құрушы  идеялар: мақсаты,мәні, ұстанымдары .Педагогикалық менеджмент. Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет: мақсаты, міндеті, құндылықтары

2

2

4

3.2

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

2

 

2

4

3.3.

Білім беру сапасын басқарудағы квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру

2

2

4

Мазмұндық  модуль

18

 

8

 

2

4

 

4

36

4.1

Педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту-білім беру сапасын басқару құралы Білім сапасын  басқарудағы мектеп басшының  менеджменттік құзыреттілік амалдары

6

4

10

4.2

Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылы

4

4

4.3

Мектептің, бөлімшелердің қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының  менеджменттік құзыреттілік амалдары мен педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

2

4

6

4.4

Мектепішілік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы және жүргізілу талаптары. Тұлғалар қызметін зерттеу, бақылау әдістері және жүргізу жолдары.

2

4

6

4.5

ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар  қызметті жүргізу және басқару

4

2

6

4.6

Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы  және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдері

4

4

5

Технологиялық модуль

2

 

4

 

4

 

 

 

10

5.1

Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану. 

4

4

5.2

Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану.Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. 

2

4

6

6

Вариативтік модуль

6

6

6.1

Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде

6.2

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға мектептерді дайындау кезеңінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

6.3

Жобалау-зерттеу қызметі мектеп басшысының кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін дамыту     

6.4

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

6.5

Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері. Қашықтан оқыту дизайны

Барлығы:

38

6

14

2

10

4

2

4

80

Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.

 Қашықтан оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыптары

Қашықтықтан оқу (30 сағат)

Өз бетімен оқу (50 сағ)

Бар

лығы

дәріс

Тре-

нинг

Он-

лайн кеңес

Веби

нар

Он

лайн форум

 

өз беті-мен оқу

 

1

Нормативтік-құқықтық модуль

2

 

 

 

1

 

 

5

8

1.1

Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

2

1

5

8

2.

Психологиялық-педагогикалық модуль

1

2

 

1

 

 

6

10

2.1.

Заманауи мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару психологиясы    

1

1

2

4

2.2.

Педагогтерді  аттестаттауға дайындау арқылы  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері    

1

2

3

2.3

Білім беру ұйымдарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері    

1

2

3

3.

Басқарушылық модуль

1

 

1

1

 

 

7

10

3.1

Менеджменттің негізін құрушы идеялар: мақсаты, мәні, ұстанымдары  Педагогикалық менеджмент. Қазіргі менеджменттегі корпоративтік мәдениет: мақсаты, міндеті, құндылықтары

1

3

4

3.2

Оқытудағы басқару және көшбасшылық

1

2

3

3.3.

Білім беру сапасын басқарудағы квалиметриялық ықпал. Мониторинг жүйесін жетілдіру

 

 

 

1

2

3

4

Мазмұндық  модуль

6

2

2

1

2

2

21

36

4.1

Педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту-білім беру сапасын басқару құралы Білім сапасын басқарудағы мектеп басшының  менеджменттік құзыреттілік амалдары

1

1

1

2

1

4

10

4.2

Педагогикалық менеджменттің ұжымды біріктіруге және оның жаңаруға, дамуға бағыттылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін басқару моделі ретіндегі маңыздылы

1

3

4

4.3

Мектептің, бөлімшелердің   қызметін ұйымдастырудағы мектеп басшының  менеджменттік құзыреттілік амалдары мен педагогтердің   кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

1

1

4

6

4.4

Мектепішілік бақылау қызметінің ұйымдастырылуы және жүргізілу талаптары. Тұлғалар қызметін зерттеу, бақылау әдістері және жүргізу жолдары.

1

1

1

3

6

4.5

ХХІ ғасыр мектебінің оқу-тәрбие үдерісін табысты ұйымдастырудағы инновациялар  қызметті жүргізу және басқару

1

1

4

6

4.6

Білім сапасын басқару, білім беру ұйымы және тұлғалар қызметін талдау дағдыларын, ғылыми негізделген басқару шешімдерін әзірлеу тәсілдері

1

3

4

5

Технологиялық модуль

1

1

1

1

 

 

6

10

5.1

Білім беруді жаңырту жағдайында оқу-тәрбие үдерісіне сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану. 

1

3

4

5.2

Мектеп жағдайында ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері, сандық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану.Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру. Білім беру процесінде педагогикалық, ІТ, SМАRТ SТЕМ-технологиялар мен робототехника құралдарын пайдалану. 

1

1

1

3

6

6

Вариативтік модуль

1

 

 

 

 

 

5

6

6.1

Б.Блум таксономиясы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқыту табыстылығын бағалау әдістемесі ретінде

6.2

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуға мектептерді дайындау кезеңінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

6.3

Жобалау-зерттеу қызметі мектеп басшысының кәсіби құзіреттілігін арттыру факторы ретінде. Мұғалімнің зерттеушілік  мәдениетін дамыту.

6.4

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.

6.5

Оқу процесінде қашықтан оқытудың ерекшеліктері. Қашықтан оқыту дизайны

Барлығы:

12

5

4

5

2

2

50

80

                         

Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.

 7-тарау. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Оқытудың әдістері: -интерактивті әдістер, -тұсаукесер; -топтық жұмыс; -диагностика; -түзету жұмыстары; -рефлекция.

Оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету: -компьютер; -интербелсенді тақта; — әдістемелік үлестірмелі материалдар; — нұсқаулар; — проекциялық аппараттар.

1 модуль. Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілері

Нормативтік-құқықтық модуль оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді:  күндізгі оқу– 8 сағат (дәріс-6 сағат, семинар-2 сағат)

Нормативтік-құқықтық модуль бағдарлама құрылымындағы  білім беру саласындағы нормтивтік-құқықтық құжаттардың мазмұнын, білім беру, оның ішінде мектеп басшылары үшін  білім берудің жаңа парадигмасын ендірудің тұжырымдамалық негіздерін ашып көрсетуге бағытталған.

Нормативтік-құқықтық модульдің мақсаты:

оқып-үйренуге арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіби қызметін жобалау бойынша мектеп басшыларының  кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme