Біліктілік арттыру курстарының оқу бағдарламалары

Шығармашылық шеберлікке 

баулу орталығы» ЖШС директорының
2022 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 7 бұйрығына
3-қосымша

 Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының директорларына, директорларының орынбасарларына және барша мамандарына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының  «Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру педагогтерінің қызметі және оны ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы

Әзірлеп ұсынған: Г.Т.Қажиева, тренер- оқытушы , п-пс.ғ.магистрі. 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының директорларына, директорларының орынбасарларына және барша мамандарына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру педагогтерінің қызметі және оны ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама).
  2. Бағдарлама балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының директорларына, директорларының орынбасарларына және барша мамандарының біліктілігін арттыруға, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерін оқытуға, олардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған.

2-тарау. Глоссарий

Қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға бағытталған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;

Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;

Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

Білім беру мониторингі — білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

Интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;

Кәсіптік бағдар — білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

Оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

Оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;

Оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет;

 3-тарау. Бағдарлама тақырыптары

1 модуль

Кіріспе және заңнамалық бөлім

1.1. Мұғалім шеберлігінің құпиясы. Орталық қызметі туралы

1.2. Заңнамалық біліктілік: Қосымша білім беру қызметін ұйымдастыруға негіз болатын заңнамалық құжаттар

2 модуль

Педагикалық-психологиялық қарым-қатынас

2.1. Ұлттық әдеп және қарым-қатынас мәдениеті (мұғалім, оқушы, ата-ана)

2.2. Қосымша білім беруші маманның зерттеу әлемі: (қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы)

2.3 Шәкірт әлемі: тану, зерделеу, қанаттандыру

3 модуль

Қосымша білім беруші маманның зертханасы

3.1. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқыту талаптары

3.2. SMART – мақсат, SWOT – талдау түсініктері.  Өзге де талдау әдістері. Жоспарлау қадамдары

3.3. Ойлау дағдыларының деңгейлері. Блум таксономиясы

3.4.Оқу-тәрбие қызметіндегі жоспарлау. Жоспар түрлері. Мақсат қою

3.5.Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі. Пәнді оқытудағы  жаңашылдық

3.6. STEM, STEAM білім беру.

4 модуль

Қосымша білім беруші маманның шеберханасы

4.1.Қосымша білім беру педагогінің әдіскерлік қызметі.

4.2 Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің жеке жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін айқындау

4.3. Қосымша білім беру мамандары үшін авторлық бағдарлама жасаудың өзектілігі

4.4. Мұғалімнің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктері

4.5. Педагогикалық әлеует: ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы

5 модуль

Шығармашылық бағдар

5.1.Акт мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары

5.2. Әріптес ынтымақтастығы, өзара тәжірибе алмасу

5.3. Жеке тәжірибе, кәсіби жоба

5.4.Шығармашылық нәтиже, әдістемелік жазбалар

5.5. «Мұғалімнің шығармашылығы: өзіндік бағдар, даму, нәтиже»

 4-тарау.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер

  1. Бағдарламаның мақсаты балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары директорларының, директор орынбасарларының, барша мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.
  2. Бағдарламаның міндеттері:
    • ұжының ұйымшылдығын қамтамасыз ету және оның жаңаруына, дамуына, жетістігіне бағытталған оқыту құралдары мен әдістерін, инновациялық формаларын біріктіру қызметін басқару саласындағы дағды мен білімдерін кеңейту;
    • мектептен тыс қосымша білім беруді жаңаша басқару тәсілдерін меңгеру;
    • Ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
    • талдау, өзін-өзі талдау, ғылыми негізделген басшылық шешім құрастыру тәсілдерін меңгеру;
    • стратегиялық және тактикалық жоспарлау негізінде басшылық шешім қабылдаудың тиімді үлгісін қалыптастыру.
  3. Тыңдаушылар курс аяқталғаннан кейін:
  • Қосымша білім беруде нормативтік құқықтық актілерді тиімді пайдаланудың тұжырымдамалық негіздерін, қосымша білім беруші мамандардың дағдылары мен кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру жолдарын, оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыру жолдарын біледі;
  • Оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау және болжау қызметтерінің инновациялық үрдістерін, білім беру процесін ұйымдастыру мен бақылаудың инновациялық технологиялары мен заманауи әдіс-тәсілдерін, қосымша білім беру саласында кәсіби және әлеуметтік ынтымақтастық орнатуда тәжірибелік біліктерін қолдана алады;
  • ұжыммен рефлексивті байланыс жасауды, өзіндік бақылау және өзіндік басқару дағдыларын, тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына ықпал етуге бағытталған сапалы қосымша білім беруді ұйымдастыруда кәсіби басқару құзыреттіліктерін, білім беру мазмұнының жаңару жағдайында қосымша білім беру қызметін жоспарлаудың, бақылау мен білім беру процесін ұйымдастырудың кәсіби біліктерін, білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында қосымша білім беру қызметін страгетгиялық және тактикалық жоспарлау әдістерін, қосымша білім беру ұйымының әлеуетін және дамуын айқындайтын ұйымның, оқу-тәрбие процесінің қызметтерінің жай-күйін талдау әдістемелерін, бірлескен оқыту әдістемелерін қолдана отырып кәсіби жетілу әдістерін меңгереді.

 5-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

  1. Бағдарлама 5 модульден тұрады:

1) Кіріспе және заңнамалық бөлім

2) Психологиялық-педагогикалық;

3) Қосымша білім беруші маманның зертханасы (мазмұндық)

4) Қосымша білім беруші маманның шеберханасы (технологиялық)

5) Шығармашылық бағдар (вариативтік).

Аталған модульдар «Қосымша білім беру маманының шеберханасы», «Қосымша білім беру маманының зертханасы» «Шығармашылық бағдар» модульдарына топтастырылып, тыңдаушылардың сабақ беру ізденісін ұштау, оқушы қызығушылығына бағдар беріп, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуіне бағыт бағдар беру, әріптестік қауымдастық құру көзделеді.

  1. Модульдердің мазмұны осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес оқыту-тақырыптық жоспарға (бұдан әрі – ОТЖ) негізделеді.

Вариативті модульдің тақырыптары тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы негізінде анықталады.

1 модульде  тақырып бойынша теориялық материалдар мен және заңнамалық білім беріледі. Мұғалім шеберлігінің құпиясы туралы пікір алмасу жасалып, орталық қызметінен хабар беріледі. Қосымша білім беру қызметін ұйымдастыруға негіз болатын заңнамалық құжаттар талқыланады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді  ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «…педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын», т.б. заңнамалық құжаттар талқыланады.

2 модульде қомысша білім беру мамандары үшін педагикалық-психологиялық қарым-қатынас нормалары,  мұғалім, оқушы, ата-ана        арасындағы  қатынастың ұлттық әдеп  пен мәдениетке негізделген  нормалары қарастырылады.  Қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы жағдайындағы ортаны зерттеу туралы ақпараттар алады. Сонымен қатар шәкірт әлемін тану, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жұмыстар  жүргізіледі.

3 модуль қосымша білім беруші маманның зертханасы ретінде жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқыту талаптарын, SMART – мақсат, SWOT – талдау түсініктерін, Ойлау дағдыларының деңгейлері. Блум таксономиясын, Оқу-тәрбие қызметіндегі жоспарлау, Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі, қосымша білім беру жүйесіндегі оқытудағы  жаңашылдық,  STEM, STEAM білім беру тақырыптарын қамтиды.

4 модуль «Қосымша білім беруші маманның шеберханасы» деп аталады. Бұл бөлімде қосымша білім беру мамандарының әдіскерлік қызметі,  Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің жеке жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін айқындау, Қосымша білім беру мамандары үшін авторлық бағдарлама жасаудың өзектілігі мен педагогтің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктерін ұйымдастыру  қарастырылады. Педагогикалық әлеуетін, ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы жолдары талқыланады.

5 модуль Қосымша білім беруші мамандарға шығармашылық бағдар беруге бағытталған. Бұл модульде АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары, тыңдаушылардың қажеттіліктері бойынша тақырыптар қарастырылады.. Әріптестер ынтымақтастығы, өзара тәжірибе алмасу сағаттары ұйымдастырылады.

 6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру 

  1. Біліктілікті арттыру курстары:
  • осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндізгі оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндізгі оқу курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;
  1. Тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
  2. Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік жұмыс, көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режимінде вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.

Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін профессор-оқытушылар құрамы Бағдарлама мазмұнын меңгеруді бағалаудың критерийлері мен параметрлерін әзірлеп, курстың ОӘК-не енгізеді.

 Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыптары

 

 

Дәріс

Таңдау бойынша сабақ

Практикалық сабақ

семинар

Тренинг

Шеберлік класс

Дөңгелек үстел

жобалау  таныстырылымы

Барлығы

1

Кіріспе және заңнамалық бөлім – 10 сағат

6

 

 

4

 

 

 

 

10

1.1

Мұғалім шеберлігінің құпиясы. Орталық қызметі туралы

 

 

2

 

 

 

 

 

2

1.2.

Заңнамалық біліктілік: Қосымша білім беру қызметін ұйымдастыруға негіз болатын құжаттар

2

 

 

2

 

 

 

 

4

1.3

·«Мәңгілік ел құндылықтары», мазмұнға енгізу жолдары

·»Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Кіші бағдарламалары, жүзеге асыру жолдары

·«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына 1-қосымша

Құндылықтарға негізделген білім беру тұжырымдамасы

2

 

 

 

2

 

 

 

4

 

ІІ. Педагикалық-психологиялық қарым-қатынас

 

 

 

 

 

 

 

 

12

2.1

Ұлттық әдеп және қарым-қатынас мәдениеті (мұғалім, оқушы, ата-ана)

 

 

 

2

2

 

 

 

4

2.2

Мұғалімнің зерттеу әлемі: (қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы)

 

 

 

2

2

 

 

 

4

2.3

Шәкірт әлемі: тану, зерделеу, қанаттандыру

 

 

 

2

2

 

 

 

4

 

ІІІ. Қосымша білім беруші маманның зертханасы

 

 

 

 

 

 

 

 

24

3.1

Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқыту талаптары

2

 

 

2

 

 

 

 

4

3.2

SMART – мақсат, SWOT – талдау түсініктері. Жоспарлаудың алғашқы қадамдары

 

 

 

4

 

 

 

 

4

3.3

Ойлау дағдыларының деңгейлері. Блум таксономиясы

2

 

4

 

 

 

 

 

6

3.4

Оқу-тәрбие қызметіндегі жоспарлау. Жоспар түрлері. Мақсат қою

 

 

4

 

 

 

 

 

4

3.5

Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі.

 

 

 

 

 

4

 

 

4

3.6

STEM, STEAM білім беру. қосымша білім беру жүйесіндегі оқытудағы  жаңашылдық

 

 

 

 

2

 

 

 

2

 

IV. Қосымша білім беруші маманның шеберханасы

 

 

 

 

 

 

 

 

20

4.1

Қосымша білім беру педагогінің әдіскерлік қызметі

Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің жеке жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін айқындау

2

 

4

 

 

 

 

 

6

4.2

Авторлық бағдарлама маңызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3

Мұғалімнің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктері. Педагогикалық әлеует: ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы

 

 

4

2

 

 

 

 

 

 

V.Шығармашылық бағдар

 

 

 

 

 

 

 

 

20

5.1

Акт мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары

2

 

2

 

 

 

 

 

4

5.2

Әріптес ынтымақтастығы, өзара тәжірибе алмасу

 

 

 

 

 

4

 

 

4

5.3

Жеке тәжірибе, кәсіби жоба

 

 

 

 

 

 

 

6

6

5.4

Шығармашылық нәтиже, әдістемелік жазбалар

 

 

4

 

 

 

 

 

4

5.5

«Мұғалімнің шығармашылығы: өзіндік бағдар, даму, нәтиже»

 

 

 

 

 

 

2

 

2

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

80

Ескертпе: 1 академиялық сағат – 45 минут.

7-тарау. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

 1 модуль. Кіріспе және заңнамалық бөлім.

1 Модулдің құрылымы

ұзақтығы – 10 сағат

күндізгі режимдегі сағат  (дәріс- 4 сағат, практикалық сабақтар – 6 сағат)

Модулдің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру жүйесі мамандарының қызметі және оны ұйымдастыру жолдарын жетілдіру.

Міндеттері:

Мұғалім шеберлігінің құпиясы туралы пікір алмасу. Мамндардың  заңнамалық біліктілігін арттыру: Қосымша білім беру қызметін ұйымдастыруға негіз болатын заңнамалық құжаттарды талдау. Білім беру ұйымдарының баламалы тұлғаларын аттестаттаудың жаңа үлгісіне көшу жағдайында мұғалімдердің білімдерін кеңейту;

Модулдің қысқаша мазмұны

Дәріс мазмұны: Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, нормативтік құқықтық актілермен бекітілген «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ұсынады.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша  білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім беру және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен реттеледі. Педагогикалық саладағы  барлық қызметкерлерді 5 білікті санатқа бөлінеді, атап айтқанда:

педагог (тиісті бейіндері бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тұлға, жұмыс өтіліне талап қойылмайды);

педагог-модератор («педагог» біліктілік санаты және 2 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлға);

педагог-сарапшы (педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес «педагог-модератор» біліктілік санаты бар тұлға);

педагог-зерттеуші («педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар тұлға, педагогикалық өтілі 4 жылдан кем емес );

педагог-шебер (5 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар тұлға) 

Аттестаттау үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, негізгі және қорытынды. Аттестаттаудың дайындық кезеңінде педагог жеке басымдықтар мен құндылық-уәждемелік ұстанымдарды ұғынуы тиіс, өзінің кәсіби дамуының жалпы бағыттарын белгілейді және болжайды. Негізгі кезеңде аттестаттаудың кешенді бағдарламасы іске асырылуда, педагогтың әлеуметтік байланысы мен әлеуметтік ұтқырлығы кеңейтілуде. Аттестаттаудың қорытынды кезеңінде түзету-диагностикалық рәсімдер жүргізіледі, ал аттестаттау субъектісі педагогикалық еңбек сапасының нәтижелерін тану туралы шешім шығарады. Аттестаттау рәсімі педагогтың портфолио, практикалық жетістіктердің компьютерлік бағдарламалар немесе интернет-ресурс (сайт) түрінде оның кәсіби қызметінің нәтижелерін ұсынуынан тұрады.

Практикум:

  1. Қазақстанда қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың аннотацияланған тізімін жасаңыз.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының 9-қосымшасы «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің  үлгілік қағидаларын»,, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ЗРК-дің материалдарын зерделеу және балаларға қосымша білім беруді дамыту проблемалары қалай шешілетінін анықтау.
  3. http://testcenter.kz/kz/schools/for-ktpr/ нұсқаулығын оқыңыз. Компьютерлік сыныпта жұмыс жасаңыз.

 Күтілетін нәтижелер

Қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды біледі.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын ұстаздар мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау ережелері мен шарттарын біледі; және психологияның заманауи әдістерін қолдана алады;

2 модуль . Педагикалық-психологиялық қарым-қатынас

 ұзақтығы – 12 сағат

күндізгі режимдегі сағат  (дәріс-  6 сағат, практикалық сабақтар – 6 сағат)

Модулдің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру жүйесі мамандарының педагогикалық үдерісті ұйымдастыру барысында қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.

Міндеттері:

Пелагог мамандардың ұстаздармен, оқушы және ата-аналармен ұлттық негіздегі әдеп және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Қосымша білім беруші мамандардың қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы жағдайларын зерттеу тәсілдерін  меңгеруге бағыт-бағдар беру. Шәкірт әлемін тани білу дағдыларын меңгерту.

Модулдің қысқаша мазмұны

Дәріс мазмұны

Қосымша білім беру мамандары үшін педагикалық-психологиялық қарым-қатынас нормалары,  мұғалім, оқушы, ата-ана     арасындағы қатынастың  ұлттық әдеп  пен мәдениетке негізделген  нормалары қарастырылады.  Қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы жағдайындағы ортаны зерттеу туралы ақпараттар алады. Сонымен қатар шәкірт әлемін тану, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жұмыстар  жүргізіледі.

Практикум:

  1. Қазақстанда қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың аннотацияланған тізімін жасаңыз.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының 9-қосымшасы «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің  үлгілік қағидаларын»,, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ЗРК-дің материалдарын зерделеу және балаларға қосымша білім беруді дамыту проблемалары қалай шешілетінін анықтау.
  3. http://testcenter.kz/kz/schools/for-ktpr/ нұсқаулығын оқыңыз. Компьютерлік сыныпта жұмыс жасаңыз.

 Күтілетін нәтижелер

Пелагог мамандардың ұстаздармен, оқушы және ата-аналармен ұлттық негіздегі әдеп және қарым-қатынас мәдениеті туралы біледі.

Қосымша білім беруші мамандардың қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы жағдайларын зерттеу тәсілдерін  меңгереді.

Шәкірт әлемін тани білуге арналған әдістемелерді  қолдана алады;

3 модуль . Қосымша білім беруші маманның зертханасы

 ұзақтығы – 24 сағат

күндізгі режимдегі сағат  (дәріс-  8 сағат, практикалық сабақтар – 16 сағат)

Модулдің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беруші маманның жаңаша оқыту талаптарын меңгеруі.

Міндеттері:

Талдау әдістерін меңгеріп, жүйелі жоспардлау дағдыларын қалыптастыру.

Ойлау дағдыларының деңгейлерін меңгеру, жоспарлау және бағалау үлерісінде Блум таксономиясын қолдану алу.

STEM, STEAM білім бер туралы ақпарат беру.

Модулдің қысқаша мазмұны

Дәріс мазмұны

Қосымша білім беруші маманның зертханасы ретінде жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқыту талаптарын, SMART – мақсат, SWOT – талдау түсініктерін, Ойлау дағдыларының деңгейлері. Блум таксономиясын, Оқу-тәрбие қызметіндегі жоспарлау, Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы педагогтың кәсіби құзыреттілігі, қосымша білім беру жүйесіндегі оқытудағы  жаңашылдық,  STEM, STEAM білім беру тақырыптарын қамтиды.

Практикум:

  1. Қазақстанда қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың аннотацияланған тізімін жасаңыз.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының 9-қосымшасы «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің  үлгілік қағидаларын»,, «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ЗРК-дің материалдарын зерделеу және балаларға қосымша білім беруді дамыту проблемалары қалай шешілетінін анықтау.
  3. http://testcenter.kz/kz/schools/for-ktpr/ нұсқаулығын оқыңыз. Компьютерлік сыныпта жұмыс жасаңыз.

 Күтілетін нәтижелер

Талдау әдістерін меңгереді, жүйелі жоспарлау дағдылары қалыптасады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері туралы біледі, жоспарлау және бағалау үлерісінде Блум таксономиясын қолданады.

STEM, STEAM білім беруді өз қызметтеріне енгізеді.

4 модуль «Қосымша білім беруші маманның шеберханасы» деп аталады. Бұл бөлімде қосымша білім беру мамандарының әдіскерлік қызметі,  Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің жеке жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін айқындау, Қосымша білім беру мамандары үшін авторлық бағдарлама жасаудың өзектілігі мен педагогтің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктерін ұйымдастыру  қарастырылады. Педагогикалық әлеуетін, ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы жолдары талқыланады.

5 модуль Қосымша білім беруші мамандарға шығармашылық бағдар беруге бағытталған. Бұл модульде АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары, тыңдаушылардың қажеттіліктері бойынша тақырыптар қарастырылады.. Әріптестер ынтымақтастығы, өзара тәжірибе алмасу сағаттары ұйымдастырылады.

4 модуль

Қосымша білім беруші маманның шеберханасы

4.1.Қосымша білім беру педагогінің әдіскерлік қызметі.

4.2 Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің жеке жұмыс бағыттарының ерекшеліктерін айқындау

4.3. Қосымша білім беру мамандары үшін авторлық бағдарлама жасаудың өзектілігі

4.4. Мұғалімнің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктері

4.5. Педагогикалық әлеует: ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы

5 модуль

Шығармашылық бағдар

5.1.Акт мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары

5.2. Әріптес ынтымақтастығы, өзара тәжірибе алмасу

5.3. Жеке тәжірибе, кәсіби жоба

5.4.Шығармашылық нәтиже, әдістемелік жазбалар

5.5. «Мұғалімнің шығармашылығы: өзіндік бағдар, даму, нәтиже»

 8 тарау. Оқу нәтижелерін бағалау

1.Өзіндік жұмыстар тақырыптарының тізімі:

  1. Қосымша білім беру ұйымындағы лауазым иелерінің қызметін қалыптастырудағы басшының көшбасшылық рөлі;
  2. Білім беру ұйымдарындағы жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал шараларын ұйымдастырудағы тәжірибе;
  3. Білім беру ұйымын корпоративтік басқарудағы менторинг;
  4. Білім беру ұйымдарында кездесетін дау-дамайларды шешудегі менеджерлік қабілет;
  5. Қосымша білім беру ұйымдарының қоғамдық байланысын жүзеге асырудағы тәжірибе;
  6. Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы басшы рөлі;
  7. Ұйымның әлеуметтік және психологиялық ахуалын зерттеу және түзету жұмыстары;
  8. Ұжымдағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін орындау жұмыстары,
  9. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды басқарудағы басшы құзыреттілігі;
  10. Білім ұйымдарында курсаралық жұмыстардың ұйымдастырылуы;
  11. Педагогтарды және мектептің басқа қызметкерлерін ынталандыру жұмысы;
  12. Білім беру ұйымын басқаруда коучинг  әдісін қолдану;
  13. Кітапхана қызметінің ұйымдастырылуы және оған оқырмандарды тарту жұмыстары;
  14. Білім беру ұйымдарында жас мамандардың жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибе
  15. Шығармашылық жобалар тақырыптарының тізімі:
  16. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі мектепішілік менеджмент ұстанымдарының жүзеге асырылу жолдары ;
  17. Қосымша білім беру ұйымы мамандарының кәсіби құзыреттілгін дамыту бағыттары;
  18. Қосымша білім беру ұйымы трбиеленушілерінің функционалдық сауаттылығын дамытуда мектепішілік ата-аналар лекториі мен ата-аналар комитетінің жоспары;
  19. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы маманның кәсіби құзыреттілігін және шығармашылық іс-әрекетін      ұйымдастыруды жоспарлау;
  20. Білім беру ұйымы қызметін корпоративтік басқару, бөлімшелер қызметін үлгілеу;
  21. Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық қызметті енгізуде эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау;
  22. Оқушылар қабілетіне қарай   оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда мектептен тыс қосымша білім беруді ұйымдастыруды жоспарлау;
  23. Педагогикалық кәсіби құзыреттіліктің білім сапасына ықпалы;
  24. Маман қызметін өзіндік аттестаттау, аналитикалық талдау жүргізу жолдары;

Оқытудың әдістері:

Педагогикалық оқытудың белсенді әдістері, шағын топтардағы тәжірибелік жұмыстар, пікірталас, сұхбат-әңгімелер, рефлексия, таныстырылымдар, іскерлік ойындар, семинар, онлайн диагностика, тапсырмалар т.б.

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес оқу сабақтары цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін пайданалана отырып жүзеге асырылады.

Тыңдаушылардың білімін бақылауды жүргізу, кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау жүйесі ( Б.Блумның  таксономиясы бойынша):

Бақылауды өткізу түрі

Тыңдаушыларға берілетін тапсырмалар

Баллдық жоғары көрсеткіш

1.

Тест

Критерийлері:

 «Білу»                           «Түсіну»

Тест тапсырмалары   нормативтік-құқықтық  (20 сұрақ),  басқарушылық (20сұрақ), мазмұндық (60сұрақ) және  технологиялық (20 сұрақ) модульдері бойынша жүргізіледі (тест  тапсырмалары қосымшада беріледі).

120 балл

2.

Тыңдаушының өзіндік жұмысы

Критерийлері:

«Қолдану»,«Талдау»

Білім беру ұйымдарында қосымша білім беру мамандарының қызметі және оны ұйымдастыру ісі бойынша  белгіленген тақырыптар аясында тапсырмалар орындайды

30 балл

3.

Жоба қорғау
Критерийлері: «Жинақтау»                           «Бағалау»

«Жаңартылған білім жағдайындағы қосымша білім беру мамандарының қызметі және оны ұйымдастыру жолдары» білім беру бағдарламасы тақырыбы аясында  жоба жұмыстары қорғалады.

50 балл
Барлығы: 200 балл

  9 тарау. Курстан кейінгі қолдау

Курстан кейінгі қолдау жүйесінде бірінші кезеңде білім беру ұйымдарының жетекшілерін сүйемелдеу шаралары куратор (оқытушы) арқылы кеңес беру курстары, онлайн-іс-шаралар, әдістемелік алаңдар әртүрлі байланыс құралдарын (электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер (Facebook, WhatsApp және т.б.), сервистер (Google-Duo, Hangouts және т. б.) Интернет-платформаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жобамен тақырыптар:

  • Қосымша білім беру жүйесіндегі оқыту және тәрбиенің ғылыми-әдістемелік негіздері;
  • Оқушылардың уәждемесін арттырудағы инновациялық технологиялардың рөлі;
  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша педагогтың қызметінің тиімділігінің мониторингі;
  • Қосымша білім беру жүйесінде дарынды баллармен жүмыс бойынша педагогтар қызметінің мазмұны;
  • Қосымша білім беру жағдайында балалардың қабілеттерін дамытуына көптеген интеллектті пайдаланудың әсерін зерттеу;
  • Қосымша білім беру жүйесінде балаларды оқыту және тәрбиелеудің түзету-дамытушылық бағдарламасы;
  • Бағыттар бойынша қосымша білім беру бағдарламаларды ұсыну:

— спорттық-шығармашылық бағдарламалар;

— ғылыми-техникалық шығармашылық;

— «Жас өлкетанушы» бағдарлама;

— көркем-эстетикалық бағыттағы бағдарламалар (театр, музыка, вокал, бейнелеу өнері, хореография, сәндік-қолданбалы өнер, қолданбалы дизайн, қызықты шеберхана;

— халық шығармашылығындағы туған өлке тарихы;

— экологиялық мәдениетті қалыптасытру;

— туризм және табиғатты қорғау;

-қосымша білім беруде денсаулық сақтаудың  рөлі.

10 тарау. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

  1. «Қазақстан Республикасында Балаларға қосымша білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №81 бұйрығы.
  2. 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021. – 320 б.
  3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы.
  4. «Балаларға қосымша білім беру жүйесінде әдістемелік өнімдерді әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар [Мәтін]: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған // Қосымша білім және тәрбие Внешкольник Казахстана.- — №4.- Б.3-23.
  5. Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, әдістемелік ұсынымдама. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы  № 525 бұйрығы.
  6. Орта мектептердегі 7-11 класс білім алушыларына кәсіби диагностика жүргізудің құралдарын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2020. – 355 б.
  7. Бұқаралық спорт түрлерінен (футбол, волейбол, баскетбол және т.б.) мектеп спорт лигасын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2020. – 182 б.
  8. Дарынды балаларға арналған мамандырылған мектептер мұғалімдерінің ғылыми — зерттеушілік жұмыстарының тәжірибелері [Мәтін] = Опыт научно-исследовательской работы учителей специализированных школ для одаренных детей.- Астана: Дарын, 2005.- 248б.
  9. Совет-Хан Ғаббасов «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», Алматы: Алматыкітап, 2014.
  10. Ө. Тілеуқабылұлы, «Шипагерлік баян» — Араб қарпінен көшіргендер – К.Елемес, Д.Мәсімхан. – Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.
  11. М. Қозыбаев «Ежелгі бірлікті аңсаған» // Қазақтың ата заңдары – Алматы, 2003. — б 254.
  12. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы, Санат, 1995 ж.
  13. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2017 ж., — Астана.
  14. М.Жұмабаев «Шығармалар» Алматы, Білім, ІІ-ІІІ том, 1996 ж.
  15. Әбенбаев С.Ш. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» – Алматы: Дарын, 2004
  16. А. Нүсіпоқасұлы, Ә. Жапарұлы. «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін: Халықтық дәстүр тәрбиесі» – Алматы: «Өнер», 2011, 140 б.
  17. Ж.Ә.Мақатова, А.Қ.Дүйсенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», оқу-әдістемелік кешен, Алматыкітап – 2014, 184 б.
  • Берік Қаматай, «Қазақ ұрпағы үшін неге жанын қиған?» мақаласы, http://islam.kz сайты.
  • http://alashainasy.kz/alashuni/alemdeg-en-kanyi-taza-ult—kazak-tarihi-etnografiyalyik-payyim-61110/.
  • Т.Дайрабай, «Сырдың сырлы сыры», мақала.
  • Бақытжол Кәкешұлының мақаласы, http://www.inform.kz.
  • http://www.akjolgazet.kz/
  • http://www.inform.kz/kz/magzhan-zhumabaev-ult-tarbiesi_a2871153
  • zharar.com.
  • Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәліметтер.
  • Г.Т.Қажиева. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары: Әдістемелік нұсқаулық – Алматы, — 70 бет.
  • «Қазақ әлемі.» Ақселеу Сейдімбек. Алматы 1986 ж.
  • «Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық», Аруна б., Алматы қ., 2015 ж.
  • «Қосымша білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару», Г.Қажиева. әдістемелік құрал, Алматы- 2016.
  • Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ақпараттары.
Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme