Білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді қазақ халқының өмір тәжірибесі негізінде оқыту және шебер педагог зертханасы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы
Кіріспе
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлер мен пән мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді қазақ халқының өмір тәжірибесі негізінде оқыту және шебер педагог зертханасы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді жаңғырту басты міндет ретінде айқындалып, жыл сайын білім беру саласындағы мамандардың жаппай даярланып шығарылуына қарамастан, педагог кадрларға деген қажеттіліктің бар екенін, мектептерге, атап айтқанда, ауылдық жерлердегі мектептерге білікті мұғалімдерді тарту және оларды қолдау бойынша пәрменді тетіктер ойластыру қажеттілігі туралы айтылады.
Бағдарлама қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту арқылы, оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыру және педагогтерді ынталандыруды күшейту, олардың еңбек жағдайын жақсарту міндеттерін қамтиды.
Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін оның еңбек жолы, білім беру ісіндегі үздіксіз даму үдерісіне сәйкес кәсіби біліктілігін арттыру ізденісі, тың тәжірибесі мен шығармашыл тұлғалық болмысы айқындай түседі. Жоғары деңгейдегі педагог мәртебесі «өмір бойы оқу», «оқыта отырып оқу», «өміршең тәжірибелер негізінде оқу және оқыту», «уақыт талабын ескере отырып сапалы және нәтижелі оқыту» және басқа шығармашылық қағидаттары негізінде сомдалады.
1-тарау. Жалпы ережелер
- Білім беру ұйымдарының педагогтеріне, пән мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді қазақ халқының өмір тәжірибесі негізінде оқыту және шебер педагог зертханасы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама).
- Бағдарлама білім беру ұйымдарының педагог мамандарын, пән мұғалімдерін оқытуға, олардың пәнді оқытудағы кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған.
2-тарау. Глоссарий
бағалау – әзірленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;
бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;
білім беру құндылықтары – білім беру мазмұнын айқындау үшін негіз болатын, білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар;
жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, үлгілік оқу жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі;
үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
3-тарау. Бағдарлама тақырыптары
1 модуль. Кіріспе және заңнамалық бөлім. |
Уақыт талабы: Білім кеңістігіндегі жаңашылдық. |
Кәсіби біліктілік стандарттары |
|
Ұлттық психология, педагогикалық негіздер мен пән мазмұндарына қатысты психологиялық, педагогикалық жағдаяттар |
|
Заңнамалық біліктілік |
|
2 модуль. Мұғалім зертханасы |
Оқыту үдерісін зерттеу, зерделеу, бақылау (сабақты жоспарлаудағы жаңашыл ізденістер). |
Сабақтағы психологиялық ахуал. Нәтижелі белсенді әрекетке бағдар. |
|
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – ғасырлар тәжірибесі: пәнді оқытудағы дала даналығы мен заманауи жаңашылдық үйлесімі(белсенді оқыту әдістері) |
|
Ұлттық әдеп және заманауи тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті (мұғалім, оқушы, ата-ана) |
|
Мұғалімнің зерттеу әлемі: (қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы) |
|
3 модуль. Педагогтік идеялар шеберханасы |
Ұлт педагогикасындағы бала тәрбиесіне қатысты қағидаттар |
Пәнді оқытудағы мұғалімнің жеке идеялары мен шығармашылық жұмыс бағыттары. |
|
Мұғалімнің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктері |
|
Шәкірт әлемі: тану, зерделеу, қанаттандыру (жеке тәжірибелерден) |
|
4 модуль. Шығармашылық бағдар |
Педагогикалық әлеует: ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы |
АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары |
|
5 модуль. Нәтиже алаңы |
Жеке тәжірибе, кәсіби жоба, әдістемелік жазбалар |
Өзіндік даму, әдістемелік көмек |
|
Курстан кейінгі қолдау. |
4-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер
- Бағдарламаның мақсаты білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырумен қатар жаңашылдық идеяларына бағдар беру, шеберлік шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсету. Оқушы белсенділігін арттыру ізденісіне тың бағдар беру.
- Бағдарламаның міндеттері:
- Тыңдаушылардың білім беру жүйесі мен тәрбие мәселелерін қамтитын нормативтік-құқықтық білімін арттыру;
- Тыңдаушыларды қазіргі білім беру жүйесі жаңалықтарын ұлттың өмір-тіршілігі, этнографиялық білім негіздерімен салыстыра оқыту және заманауи оқу-тәрбие үдерісімен үйлестіру ерекшеліктерімен таныстыру;
- Тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық тәрбие жүйесін зерделеп, халықтың төл әдістемесіне негізделген тәрбие мен білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосу.
- Ұлттық құндылықтарға негізделген дарындылықты арттыру, талантты үштау, тұлғаны қалыптастырудағы оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алаңын құру;
- Тыңдаушылар курс аяқталғаннан кейін:
- басқаруда нормативтік құқықтық актілерді тиімді пайдаланудың тұжырымдамалық негіздерін, жаңаша оқыту дағдылары мен интербелсенді әдістерді ұлттық тағылым, ұлттық психология мен тәрбие технологиясын пәнді оқытуда тиімді қолдану бағыттарын, оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыру жолдарын біледі;
- жоспарлау және болжау қызметтерінің инновациялық үрдістерін, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру мен бақылаудың инновациялық технологияларын және ұлттық төл тәрбие мен білім беру мәселелерін заманауи әдіс-тәсілдермен ұштастырып, білім беру саласында кәсіби және әлеуметтік ынтымақтастық орнатуда тың тәжірибе, біліктілік көзі ретінде қолдана алады;
- өзіндік бақылау және өзіндік басқару дағдыларын, тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына ықпал етуге бағытталған сапалы білім беруді ұйымдастыруда жоспарлау әдістерін, талдау әдістемелерін, бірлескен оқыту әдістемелерін қолдана отырып сапалы білім беру дағдыларын жетілдіру әдістерін меңгереді.
5 тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
- Бағдарлама 5 модульден тұрады:
- Кіріспе және заңнамалық бөлім.
- Мұғалім зертханасы.
- Педагогтік идеялар шеберханасы.
- Шығармашылық бағдар.
- Нәтиже алаңы.
Аталған модульдар ««Педагогтік идеялар шеберханасы», «Пән мұғалімінің зертханасы» «Шығармашылық-ізденіс бағдары», «Іскер педагог»» модульдарына топтастырылып, тыңдаушылардың сабақ беру ізденісін ұштау, оқушы қызығушылығына бағдар беріп, сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуіне бағыт бағдар беру, әріптестік қауымдастық құру көзделеді.
- Модульдердің мазмұны осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес оқыту-тақырыптық жоспарға (бұдан әрі – ОТЖ) негізделеді.
Вариативті модульдің тақырыптары тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы және («төңкерілген сабақ») үй тапсырмасы негізінде анықталады.
6-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру
- Біліктілікті арттыру курстары:
- осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндізгі оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндізгі оқу курстарының ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды. Бір апталық күндізгі оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;
- Тыңдаушылардың білімін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы, шағын сабақ (шағын іс-шара) таныстырылымы, қорытынды тестілеу, сондай-ақ, аралас оқу режимінде аралық тестілеу өткізіледі. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жоба жұмыстарының және шағын сабақтардың (шағын іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
- Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті түрлері мен әдістерін қамтиды: дәрістер, семинарлар, тәжірибелік жұмыс, көшпелі тәжірибелік сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шағын сабақтың (шағын іс-шараның) таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейс әдістері, бейнефильмдерді талқылау, сұрақтарды бірлесіп шешу, сондай-ақ аралас оқу режимінде вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуы.
Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін профессор-оқытушылар құрамы Бағдарлама мазмұнын меңгеруді бағалаудың критерийлері мен параметрлерін әзірлеп, курстың ОӘК-не енгізеді.
Білім беру ұйымдарының педагогтеріне, пән мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді қазақ халқының өмір тәжірибесі негізінде оқыту және шебер педагог зертханасы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасына
1- қосымша
Күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыптары
|
Дәріс |
Таңдау бойынша сабақ |
Практикалық сабақ |
семинар |
Тренинг |
Шеберлік класс |
Дөңгелек үстел |
жобалау таныстырылымы |
Барлығы |
1 модуль. Кіріспе және заңнамалық бөлім. |
4 |
2 |
2 |
2 |
10 |
|||||
1.1 |
Кәсіби біліктілік стандарты |
2 |
2 |
|||||||
1.2 |
Уақыт талабы: Білім кеңістігіндегі жаңашылдық. |
2 |
2 |
|||||||
1.3 |
Ұлттық психология, педагогикалық негіздер мен пән мазмұндарына қатысты психологиялық, педагогикалық жағдаяттар |
2 |
2 |
4 |
||||||
1.4 |
Заңнамалық біліктілік |
2 |
2 |
|||||||
2 модуль. Мұғалім зертханасы |
4 |
6 |
6 |
2 |
4 |
22 |
||||
2.1 |
Оқыту үдерісін зерттеу, зерделеу, бақылау (сабақты жоспарлаудағы жаңашыл ізденістер). |
2 |
2 |
4 |
||||||
2.2 |
Сабақтағы психологиялық ахуал. |
4 |
4 |
|||||||
2.3 |
Нәтижелі белсенді әрекетке бағдар. |
2 |
2 |
4 |
||||||
2.4 |
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – ғасырлар тәжірибесі: пәнді оқытудағы дала даналығы мен заманауи жаңашылдық үйлесімі(белсенді оқыту әдістері) |
4 |
4 |
|||||||
2.5 |
Ұлттық әдеп және заманауи тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті (мұғалім, оқушы, ата-ана) |
4 |
4 |
|||||||
2.6 |
Мұғалімнің зерттеу әлемі: (қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы) |
2 |
2 |
|||||||
3 модуль. Педагогтік идеялар шеберханасы |
4 |
2 |
8 |
4 |
4 |
|
|
|
22 |
|
3.1 |
Ұлт педагогикасындағы бала тәрбиесіне қатысты қағидаттар |
2 |
4 |
6 |
||||||
3.2 |
Пәнді оқытудағы мұғалімнің жеке идеялары мен шығармашылық жұмыс бағыттары. |
2 |
4 |
6 |
||||||
3.3 |
Мұғалімнің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктері |
2 |
4 |
6 |
||||||
3.4 |
Шәкірт әлемі: тану, зерделеу, қанаттандыру (жеке тәжірибелерден) |
4 |
4 |
|||||||
4 модуль. Шығармашылық бағдар |
|
|
|
8 |
6 |
14 |
||||
4.1 |
Педагогикалық әлеует: ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы |
2 |
2 |
4 |
||||||
4.2 |
АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары |
4 |
2 |
6 |
||||||
4.3 |
Жеке тәжірибе, кәсіби жоба, әдістемелік жазбалар- Жоба қорғау |
2 |
2 |
4 |
||||||
5 модуль. Нәтиже алаңы |
|
|
|
|
6 |
6 |
12 |
|||
5.1 |
Жеке тәжірибе, кәсіби жоба, әдістемелік жазбалар |
|
|
|
|
6 |
6 |
|||
5.2 |
Өзіндік даму, әдістемелік көмек |
|
|
|
|
6 |
6 |
|||
Барлығы |
12 |
2 |
16 |
20 |
14 |
10 |
0 |
6 |
80 |
Ескертпе: 1 академиялық сағат – 45 минут.
7-тарау. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
Оқытудың әдістері: интерактивті әдістер, тұсаукесер, топтық жұмыс, диагностика, түзету жұмыстары, рефлекция т.б.
Оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету: компьютер, интербелсенді тақта, әдістемелік үлестірмелі материалдар, нұсқаулар, проекциялық аппараттар т.б.
1 модуль. Кіріспе және заңнамалық бөлім. Оқу уақытының мынадай арақатынасын көздейді: күндізгі оқу – 8 сағат (дәріс — 6 сағат, семинар-2 сағат)
Модуль бағдарлама құрылымындағы білім беру саласындағы нормтивтік-құқықтық құжаттардың мазмұнын, білім беру, оның ішінде пән мұғалімдері үшін білім берудің жаңа парадигмасын ендірудің тұжырымдамалық негіздерін ашып көрсетуге бағытталған.
Кіріспе және заңнамалық бөлім модулінің мақсаты: оқып-үйренуге арналған нормативтік құжаттарға сәйкес педагогтың өзінің кәсіби қызметін жобалау бойынша кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады
Орта білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім беру педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілерімен танысады.
Сонымен қатар, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымшасы «Педагогтың кәсіби стандарты» талқыланады. Кәсіби стандарттың нақты педагогтің кәсіби қызметіне, еңбек жағдайы мен біліктілік деңгейіне, құзыреттілігіне, қызмет мазмұны мен сапасына қойылатын талаптар екендігі түсіндіріледі. «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру мәселелері қарастырылады.
2 модуль. Мұғалім зертханасы модулі.
Модульдің мақсаты: Курс тыңдаушыларына мектептің оқу-тәрбие үдерісін заманауи жағдайда ұлттық болмысұа сай тиімді ұйымдастырудың психологиясы және педагогикасын, олардың кәсіби біліктілігін арттырудың және мүмкіндігі шектеулі балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері жайлы түсінік беру.
Уақыт талабына сай білім кеңістігіндегі жаңашылдықтар мен ұлттық психология, педагогикалық негіздер мен пән мазмұндарына қатысты психологиялық, педагогикалық жағдаяттар талданады. Сабақ барысында оқушылардың сихологиялық ахуалы мен сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әрекеттер талданады. Оқыту үдерісін зерттеу, зерделеу, бақылау (сабақты жоспарлаудағы жаңашыл ізденістер), нәтижелі белсенді әрекетке бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру жолдары талқыланады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда ғасырлар тәжірибесі болып танылатын дала даналығы мен заманауи жаңашылдық үйлесімін (белсенді оқыту әдістері) пәнді оқытуда пайдалану жолдары ізделінеді. Ұлттық әдеп және заманауи тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті (мұғалім, оқушы, ата-ана) және Мұғалімнің зерттеу әлемінің: (қоғам, әлеуметтік орта, мектеп, отбасы) үндестігін қалыптастыру жүзеге асырылады.
3 модуль. Педагогтік идеялар шеберханасы. Білім мазмұнындағы жаңашыл өзгерістер – педагогтер үшін тың бастамалар мен эксперименттер алаңы. Бастамалар мен жаңашылдықтарды жүзеге асыру үшін педагогтер үйрену, түсіну, қолдану сатыларынан өтсе, эксперимент барысында тәжірибені жүргізу, талдау, тиімді әрекетті анықтау, оны өз тәжірибесіне енгізу, өзіндік ізденісін арттыру қадамдарын жүзеге асырады.
Педагогтік идеялар шеберханасы модулінде «Ұлт педагогикасындағы бала тәрбиесіне қатысты қағидаттар», «Пәнді оқытудағы мұғалімнің жеке идеялары мен шығармашылық жұмыс бағыттары», «Мұғалімнің іс-әрекеттіндегі нәтижелі жұмыс тетіктері», «Шәкірт әлемі: тану, зерделеу, қанаттандыру (жеке тәжірибелерден)» тақырыптары қамтылады.
4 модуль. Шығармашылық бағдар. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін оның еңбек жолы, білім беру ісіндегі үздіксіз даму үдерісіне сәйкес кәсіби біліктілігін арттыру ізденісі, тың тәжірибесі мен шығармашыл тұлғалық болмысы айқындай түседі. Жоғары деңгейдегі педагог мәртебесі «өмір бойы оқу», «оқыта отырып оқу», «өміршең тәжірибелер негізінде оқу және оқыту», «уақыт талабын ескере отырып сапалы және нәтижелі оқыту» және басқа шығармашылық қағидаттары негізінде сомдалады.
Осы орайда, «Шығармашылық бағдар» модулі «Педагогикалық әлеует: ішкі ресурстар және шығармашылық белсенділіктің шыңдалуы», «АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары», «Жеке тәжірибе, кәсіби жоба, әдістемелік жазбалар» тақырыпарын қамтиды. Тыңдаушылардың шығармашылықпен жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылып, осы бағыттағы ізденіс жұмыстарының нәтижелері жобалар түрінде ұсынылып, қорғалады.
5 модуль. Нәтиже алаңы. Педагог ізденісі мен жаңа форматтағы болмысын айқындайтын, оның жеке шығармашылығын дамытуына мүмкіндік беретін, жаңашылдығын жинақтайтын «Әдістемелік күндер», «Өзін‑өзі дамыту алаңы», «Іскер эксперименттер мен табысты идеялар» алаңы атауларымен тәжірибелік жұмыстар жасалады. Жеке тәжірибе, тақырыптық жобалар, әдістемелік жазбалар әзірленіп, талқыланады.
Модуль мазмұны бойынша тыңдаушылар таңдаған тақырыптары бойынша белгілі бір мәселелерді шешуге байланысты кәсіби құзыреттіліктерін арттырады.
Жоба құрылымы
Бір жобалық тақырыппен 4-5 адамнан тұратын топ жұмыс істейді. Әрбір топ өз жобасын даярлайды.
Жоба мынадай құрылымдық құрауыштардан тұрады:
Бастапқы бет (ұйымның атауы, әзірлеушінің(лердің) ТАӘ, жылы, қала көрсетіледі).
Мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша көрсетіледі).
Кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу, жұмыстың, пайдаланылған дереккөздердің мақсаттары мен міндеттері, негізгі проблемалардың тұжырымдалуы мен қысқаша сипаттамасы беріледі).
Негізгі бөлім (кіріспеде қойылған проблема ашылады, дереккөздер материалдарында оны шешу жолдары және бұрыннан бар тиімді практикада бақыланады, дәлелді ұстаным көрсетіледі, оған әртүрлі көзқарас сипатталады және оларға автордың қатынасы білдіріледі.
Қорытынды (жобаның ұсынылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің негізгі қорытындысы шығарылады, жалпыланған қорытындылар жасалады немесе зерттеу нәтижелірен нақты пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар беріледі).
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
Қосымшалар (қажет жағдайда).
Слайдтар түріндегі таныстырылым.
Шығармашылық жоба тақырыптарының тізімі:
- Тұлға болмысы: ұлттық санасынының қалыптасуына мәдени, ұлттық құндылықтардың тигізер әсері. «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу тұжырымдамасы.
- Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу тұжырымдамасы.
- «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» — адал, арлы азамат тәрбиелеу тұжырымдамасы.
- «Жеті атасын білмеген жетесіз» — жеті атасын білуге тәрбиелеудің ұстанымдары мен жолдары.
- Отбасы шежіресі және мұрагерліктің ұлттық ьәрбиедегі рөлі (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі).
- Ата-баба дәстүрін жалғастыру жолдары.
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір сабақтары.
- Ұстаздардың оқушылармен қарым-қатынасы. А.Қыраубаева «Жиырма тоқтам».
- Баланы сенімділікке баулу шығару құралдары.
- Баланың табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру жолдары.
- Мектеп – тәрбиелі отбасының үлкейген моделі, ұжымдық дәстүр қалыптастыру сабақтарын ұйымдастыру.
- Оқушыны еңбеккке баулу және бала еңбегінің бағалануын ұйымдастыру. Ынталандыру жұмысы.
- Мұғалімнің сабақты жоспарлауы.
- Адамгершілік қарым-қатынас – мектеп өмірінің өзегі.
- Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы маманның кәсіби құзыреттілігін және шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау.
- Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық қызметті енгізуде эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау.
- Оқушылар қабілетіне қарай табиғи болмыс, дарынын ұштау және функционалдық сауаттылығын дамытуда саралау бағыты жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау.
- Педагогикалық кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуы, артуы және білім сапасына ықпалы.
- Педагогтің өз қызметін ұйымдастыруы мен жоспарлауы; өзіндік аттестаттау, аналитикалық талдау жүргізу жолдары шеберлігін арттыру.
Оқытудың әдістері:
-проблеманы зерделеп, зерттей отырып оқыту
-белсенді әдістер
-тұсаукесер;
-топтық жұмыс;
-диагностика;
-түзету жұмыстары;
-рефлексия.
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша да, оқу процесін ұйымдастыру оқу сабақтарын сандық технологиялар мүмкіндіктерін пайданалана отырып жүзеге асырылады.
Тыңдаушылардың білімін бақылауды жүргізу, кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау жүйесі ( Б.Блумның таксономиясы бойынша):
№ |
Бақылауды өткізу түрі |
Тыңдаушыларға берілетін тапсырмалар |
Баллдық жоғары көрсеткіш |
1. |
Тест Критерийлері:«Білу» «Түсіну» |
Тест тапсырмалары: Кіріспе және заңнамалық бөлім (10 сұрақ), Мұғалім зертханасы (10 сұрақ), Педагогтік идеялар шеберханасы (20 сұрақ) және Шығармашылық бағдар (20 сұрақ) модульдері бойынша жүргізіледі (тест тапсырмалары қосымшада беріледі). |
60 ұпай |
2. |
Тыңдаушының өзіндік жұмысыКритерийлері: «Қолдану»,«Талдау» |
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді қазақ халқының өмір тәжірибесі негізінде оқыту әдістері бойынша белгіленген тақырыптар аясында тапсырмалар орындайды |
20 ұпай |
3. |
Жоба қорғауКритерийлері: «Жинақтау» «Бағалау» |
«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді қазақ халқының өмір тәжірибесі негізінде оқыту және шебер педагог зертханасы» білім беру бағдарламасы тақырыбы аясында жоба жұмыстары қорғалады. |
40 ұпай |
Барлығы: 120 ұпай |
8-тарау. Курстан кейінгі қолдау
Курстан кейінгі қолдау шаралары бірінші кезеңде білім беру ұйымдарының жетекшілеріне куратор (оқытушы) арқылы кеңес беру курстары, онлайн-іс-шаралар (вебинар, дөңгелек үстел, жеке кеңес, жеке тапсырмалар т.б. түрінде), әдістемелік алаңдар әртүрлі байланыс құралдарын (электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер (Facebook, WhatsApp және т.б.), сервистер (Google-Duo, Hangouts және т. б.) Интернет-платформаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Екінші кезеңде курс жетекшісі (оқытушысы) тың идеялар мен шығармашылық ізденіс тұрғысынан білім беруді іске асыру жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін зерттейді. Педагогтер мен олардың іс-тәжірибесі электронды пошта, жедел хабар алмасу, әлеуметтік желілер арқылы зерттеледі. Қажет болған жағдайда курс кураторы (оқытушысы) оларды қажетті әдістемелік және сандық ресурстармен қамтамасыз етеді.
Курстан кейінгі қолдаудың үшінші кезеңінде педагог маманның кәсіби өсуі зерттеледі:
— білім беруді іске асыру жағдайын (ұжымды басқару, пәнді оқытудағы тың ізденістер, тиімді жұмыс бағыттарын) жүйелі жоспарлау;
— семинарларда, вебинарларда, дөңгелек үстелдерде өз тәжірибесімен бөлісу (мектеп, қалалық, аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде);
— озық тәжірибе нәтижесімен кәсіби байқауларға (мектеп, қалалық, аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерде) қатысу;
— аймақтық және республикалық басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында тұжырымдама, тәжірибе нәтижелері мен ғылыми мақалаларын (мүмкін авторлармен бірлесе) жариялау;
— өз жұмыстарына қатысты оқу құралдары, әдістемелік кешен мен нұсқаулықтарды жариялау;
Курстан кейінгі қолдау аясында шеберлігі мен кәсіби біліктілігін арттыру ізденісіне негіз болатын жоба тақырыптары:
- Білім беру жүйесіндегі оқыту және тәрбиенің ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздері;
- Оқушылардың уәждемесін арттырудағы ұлттық төл әдістеме, заманауи жаңашылдық технологияларының рөлі;
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша педагог қызметі және іскерлік ізденісінің тиімділік мониторингі;
- Білім беру жүйесінде ерекше балалармен жүмыс жүйесі және ізденістегі педагогтер қызметінің мазмұны мен жүйесі;
- Білім беру жағдайында балалардың қабілеттерін дамытуына көптеген ақыл-ой өрісінің (интеллект) көрсеткіштерін пайдаланудың әсерін зерттеу;
- Білім беру жүйесінде балаларды оқыту және тәрбиелеудің қалыптан тыс бағыттары және түзету-дамытушылық бағдарламасы;
- Оқушы қажеттіліктері мен заман талабына сай пәнді мазмұнды оқыту мен қызығушылық бағыттар бойынша авторлық бағдарламалар ұсыну:
— пәнді проблема көтеру және зерттеу тұрғысынан оқыту бағдарламалары;
— пәнді өзге ғылымдармен (техника, экономика, ғарыштану т.т.) ұштастыра оқыту бағдарламалары;
— пән негіздерін халықтың тұрмыс-тіршілігі мен тәжірибесін қазіргі заманауи ұғымдарымен байланыстыра зерттей оқыту зертханалық бағдарламалары;
— оқушының пәнге қызығушылығын арттыратын, көркем-эстетикалық бағыттағы ізденісін ұштайтын (театр, музыка, вокал, бейнелеу өнері, хореография, сәндік-қолданбалы өнер, қолданбалы дизайн, компьютерлік туындылар) қызықты жобалар;
— Тұлғатаным сабақтары: көшбасшылық қарым-қабілет пен тұлға іскерлігі мәдениетін қалыптастыру
9-тарау Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021. – 320 б.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы
- Білім беру мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасымен «Қазақ тілі» оқу пәнін (10-11-сыныптарда) оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар, – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҦБА, 2020. – 240 б.
- Білім беру мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасымен «Биология» оқу пәнін (10-11-сыныптарда) оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Нұр- Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 120б.
- Білім беру мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасымен «Химия» оқу пәнін (10-11-сыныптарда) оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 120б.
- Білім беру мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасымен «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнін (10-11-сыныптарда) оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 194 б.
- Орта мектептердегі 7-11 класс білім алушыларына кәсіби диагностика жүргізудің құралдарын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2020. – 355 б.
- Білім беру мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасымен «физика» оқу пәнін (10-11-сыныптарда) оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 120б.
- Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың отбасына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2020. – 102 б.
- Совет-Хан Ғаббасов «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», Алматы: Алматыкітап, 2014.
- Ө. Тілеуқабылұлы, «Шипагерлік баян» — Араб қарпінен көшіргендер – К.Елемес, Д.Мәсімхан. – Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.
- М. Қозыбаев «Ежелгі бірлікті аңсаған» // Қазақтың ата заңдары – Алматы, 2003. — б 254.
- Қ.Жарықбаев, С.Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы, Санат, 1995 ж.
- Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2017 ж., — Астана.
- М.Жұмабаев «Шығармалар» Алматы, Білім, ІІ-ІІІ том, 1996 ж.
- Әбенбаев С.Ш. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» – Алматы: Дарын, 2004
- А. Нүсіпоқасұлы, Ә. Жапарұлы. «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін: Халықтық дәстүр тәрбиесі» – Алматы: «Өнер», 2011, 140 б.
- Ж.Ә.Мақатова, А.Қ.Дүйсенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», оқу-әдістемелік кешен, Алматыкітап – 2014, 184 б.
- Берік Қаматай, «Қазақ ұрпағы үшін неге жанын қиған?» мақаласы, http://islam.kz сайты.
- «Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері», 6М010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.
- Г.Т.Қажиева, Б.Қағазов. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары: Әдістемелік нұсқаулық – Алматы, — 70 бет.
- http://alashainasy.kz/alashuni/alemdeg-en-kanyi-taza-ult—kazak-tarihi-etnografiyalyik-payyim-61110/.
- Бақытжол Кәкешұлының мақаласы, http://www.inform.kz.
- http://www.akjolgazet.kz/
- http://www.inform.kz/kz/magzhan-zhumabaev-ult-tarbiesi_a2871153
- zharar.com.
- Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәліметтер.
- «Қазақ әлемі.» Ақселеу Сейдімбек. Алматы 1986 ж.
- «Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық», Аруна б., Алматы қ., 2015 ж.