Өтілген курстық шаралар және пікірлер

«Менеджмент ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, басқару және бақылау» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы туралы

2021 жылғы 29 қараша – 10 желтоқсан аралығында мектеп басшылары және олардың орынбасарларымен «Менеджмент ұстанымдары негізінде білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру, басқару және бақылау» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылды.

Курстың мақсаты — мектеп басшылары мен басшылық лауазымына резерв мамандардың  заманауи педагогикалық менеджмент саласында басқару қызметін жүзеге асырудағы  кәсіби құзіреттіліктерін дамыту болды.

Аталған курс мазмұны нормативтік құқықтық құжаттарға негізделді және білім беру саласындағы жаңа технологиялар және олардың қолданылуы, АКТ мүмкіндіктерін пайдалана білу мүмкіндіктерін дамытуды да қарастырды.

 

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme