Өтілген курстық шаралар және пікірлер

 

«ЖАС МАМАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН   ҰЙЫМДАСТЫРУ, БАҚЫЛАУ-БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ, КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРІН ДАМЫТУ  ЖОЛДАРЫ МЕН  БАҒЫТТАРЫ» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы туралы

 28 наурыз-01 сәуір   аралығында   аталған тақырыпта  Жамбыл ауданы  мектептерінің  тәлімгер ұстаздарына      арналған 40 сағаттық курс болып өтті.

Курс мақсаты  жас мамандардың қызметін   ұйымдастыру, бақылау-басшылық жасау, кәсіби құзыреттілік деңгейлерін дамыту  жолдары мен  бағыттары және қойылатын талаптар жайлы мағлұматтар беру, курс тыңдаушыларының педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  дамыту  арқылы білім беру сапасына қол жеткізудегі  қызметке деген кәсіби біліктілігін жетілдіру. 

Курс барысында:  нормативтік-құқықтық модуль бойынша  орта білім беру жұйесі бойынша мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқық актілерімен бекітілген орта білім бер педагогтарының қызметін реттеуші нормативтік-құқық актілерімен таныстырылып,құжаттармен қамтамасыз етілді.

Ал, мазмұндық модуль бойынша «Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері, қойылатын талаптар,жас маманның құқықтары мен міндеттері» , «Жас мамандардың қызметін ұйымдастырудағы тәлімгердің  жоспарлау қызметі», «Тәлімгердің құзыреттілігінің белгісі  , оның жас маманнның қалыптасуына ықпалы», «Мамандардың кәсіби өсу динамикасы және оған ықпал ететін факторлар», «Жас маман қызметін бақылау және басқару»,т.б. туралы мағлұматтар берілді.

Сондай-ақ  инновациялық қызметті ұйымдастыру  бағытында  оқыту мен тәрбиелеудің  технологиялары мен белсенді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісіп, ерекшеліктері таныстырылды.

 Курс жұмысы атқарылған  жұмыстарға  аналитикалық талдау жасау,ой бөлісу, керібайланыс,  алда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды.

Курс   тыңдаушыларына   «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығының  курстан өткендіктерін растайтын арнайы СЕРТИФИКАТЫ  тапсырылды.

 

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme