Алма Қыраубайқызының «Сенім» авторлық бағдарламасы

Ж.Өтеев. «Алтын көмбе» бағдарламасы

Атаулы мектеп негізінен оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға, жалпақ жұртқа қайта құру заманына сай сан ғасырлар бойығы тәжірибесімен жинақталып, қордаланып келген мол мұраны әлетке жаратуға, пайдалануға қызмет етеді.

Қазақ халқының қасиетті ұлтын,  философ ұлыстың тәрбие саласындағы небір інжу-маржандары тағылымдары отарлау саясаты барысында, саяси әкімшілік кезеңдерінде жалған ұран, жадағай айғай тұсында мүлде азғындады, жоғалып та тоналып та бітті. Ежелгі халық педагогикасы жарамсыз деп танылып, күл – қоқыстай күреліп тасталынды.

Бірақ ол өзінің естелігімен, өміршеңдігімен қара нардай қайсарлығымен бойымызда сақталып, ойымызға оралып, қазақ қанымызды түйіршік түрінде белокты денелердей өмір сүріп, әл беріп нәр беріп жатыр. Сондықтан оны жандандыру «Ештен кеш жақсы» дегендей қайта қолға алу, түрлендіріп өскелен өмір талабына үйлесімділіерін әлетке жарату – азбас адамдық болып табылмақ. Ол үшін халық педагогикасының тиімді тәсілдерін оқу-тәрбие жұмысына шебер жымжастырып, ұтқыр ұластыру ләзім. Сондықтан атаулы мектептің міндеті мен мұраты нақты мына мәселелерді шешуге, оның уәдесінен шығуға қызмет етеді.

Халықтық педагогикадан білім беру, дәрістер өткізу, лекциялар оқу, курстар ұйымдастыру, халық педагогикасы оқулығын жасаушыларға негіздер қалау.

Халық педагогикасының арналары мен салаларын танып, біліуге, үйрету.  Оның объектілеріне не жататындығын көз жеткізу.

Адамдардың, қоғам мүшелерінің, жас жеткіншектің ой санасын жақсарту. Адам санасын жақсарту. Адамгершілік ізгілік рұқтарын себу.

Әр пән жемісін өз мамандықтары мүмкіндігі мен ерекшелігіне сәйкес халық педагогикасын пайдалануына жол ашу, ой түрткі болу.

Аудан, мектеп өміріне сәйкес халық педагогикасын қолданудың тиімді тәсілдері мен жоспарлануына жол ашу.

Осы жұмыстарды ғылыми негізде басқаруда, жүргізуде творчестволық топ құра отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізу.

Әр мектептегі, әр мұғалімдегі озық тәжірибеге үлкен ілтипатпен қарап, ұжымдық қолдау дәрежесіне көтерілу.

Халықтық ұлттық мерекелер мен ұлттық өнер тармақтарын кең өрістету. Оның жас ұрпақ бойына қалыптасуына, үйренуіне ұйтқы болу.

Қазақ тілі беделі мәртебесі өсуіне күш салу.

Халық бойындағы асыл мұра, қазыналарды игеруге, ұмытылған салт-дәстүрлерді жаңғырту халық педагогикасын ғылыми түрде зерттеуге қадамдар жасау.

Орталығы Қарасаз мектебі ой болып отырған «Алтын көмбе» халық педагогикасын Райымбек ауданы оқу ағарту мен идеялогия саласының жемісті еңбегін қамтамасыз етіп, абыройын асыратын облыс, республика көлеміндегі атаулы мектеп дәрежесіне жеткізу.

Халық педагогикасының кең көлемде насихаттау шаралары

  1. Плакат, озат тәжірибе етіп шығару.
  2. Аудандық «Советтік шекара» газетіне.

«Қазына көзі –халық  педагогикасын үйренейік» рубрикасын ашу, материалдар әзірлеу.

  • Аттестация мен жыл қорытындысында халық педагогикасының еңбектенген жеке класс жетекшілер мен мұғалімдерді тұтас коллективті мадақтау мен марапаттау.
  • Халық педагогикасы тақырыбын ынталандыратын, ұлғайтатын конкурстар мен бәйгелер белгілеу және оны ұйымдастыру.
  • Ж. Өтеев атындағы халық педагогикасы атаулы мектебінің әр жылғы отырыстарын насихаттап аудандық, облыстық газеттерге материалдар беріп отыру.

Қосымша – 2

Ж.Өтеев атаулы халықтық педагогика мектебінің екі жылдық жұмыс жоспары

І-мәжіліс.

  1. Атаулы мектептің ашылуын, ұйымдастыру жұмыстары.
  2. Дәріс-лекция. Халық педагогикасы қайтсе жанданады?
  3. «Халық педагогикасы – тәрбие кілті» — тақырыбындағы зерттеуге бәйге тағайындау. /мақала, баяндама, реферат, фотосуреттемелер/.

ІІ-мәжіліс.

  1. Дәріс-лекция. Адамның дүниеге келу кезеңіндегі салт-дәстүрлер.
  2. Байқау қорытындысы.
  3. Ж.Өтеев атаулы халықтық педагогика мектебінің халықтық педагогиканы пайдалану тәжірибесі.

ІІІ- мәжіліс.

  1. Дәріс-лекция. Құдаласу, үйлену кезіндегі салт-дәстүрлер, оның мәні.
  2. Халықтық педагогиканың шығармашылық көрмелерін ұйымдастыру тәжірибесі / мектептің аты/.
  3. Шежіре және оның тәрбиелік мәні.
  4. Атаулы мектеп жұмысының бірінші оқу жылының қорытындысы туралы.

IV – мәжіліс.

  1. Баяндама: Аудандағы Аудандағы халықтық педагогиканың жағдайы:
  2. Дәріс: Тектілік тәрбиесінің тамыры терең, арнасы кең. Оны мектепке ендіру этаптары.
  3. Атаулы мектептің екінші оқу жылының жоспарын бекіту.
  4. «Шаңырақ» халықтық педагогика мектебінің іс-тәжірибесімен танысу.

V – мәжіліс.

  1. Дәріс. Қазақ халқының шешендік өнері.
  2. Халық педагогикасынан әр мектепке белгіленген шаралардың үлгісін қорғау.
  3. Ұлттық бұйымдардың көрмесі.

VI – мәжіліс.

  1. Дәріс. Қазақтың халық педагогикасының тарихы және оның рөлі.
  2. Ата-аналарға халықтық педагогикадан білім беру жолдары.
  3. Халық педагогикасының мектептік үлгісін қорғау. /мектептің аты/.

VII – мәжіліс.

  1. Дәріс. Дін-имандылық жолы.
  2. Халық педагогикасының мектептік үлгісін қорғау /мектептің аты/.
  3. Атаулы мектеп жұмысының қорытындылары.

Атаулы мектептің авторы.

Қосымша -3.

Ж.Өтеев атаулы халық педагогикасы мектебінің аудандық семинар-кеңесінің бағдарламасы

І. Семинар.

І. Бөлім.

І.І. Халықтық музыкалық шығармаларды орындау.

І.2. Кітап саудасы, кітап көрмесі.

І.3. «Халық педагогикасы іс-жоспарды, мектеп өмірінде» — атты көрмемен танысу.

І.4. «Шаңырақ» халық педагогикасы мектебінің «тал бесік» отауының жұмысынан көрініс. /ертегілер, айтыс/.

ІІ Бөлім.

2.І. Семинар кеңестің ашылуы.

Атаулы мектеп туралы кіріспе сөз.

2.2. Аудандағы халық педагогикасының жүргізілуі жайлы хабарлама.

2.3. Тектілік тәрбиенің тамыры тең, арнасы кең /дәріс сабағы/.

2.4. Халық педагогикасын жүргізуде аудан мектептері алдында тұрған міндеттер мен жылдық жұмыстың бағдарламасын, ұсыныстарды бекіту.

ІІІ.Бөлім

  • «Шаңырақ» халық педагогикасы мектебінің мерекелік концерті.
    • Қорытындылау, қаулы қабылдау.

Ұйымдастыру комитеті.

ІІ семинар.

Панораманың күн тәртібі мен жұмыс регламенті.

І күн.

«Халық педагогика – тәрбие тәсілі» атты экспедиция.

  1. Панораманың ашылуы.
  2. Дәріс. Қазақ халқының шешендік өнері.
  3. Ертегілер елінде.
  4. Мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын қорғау.
  5. Батырлық, ерлік отауы /мектептің аты/.
  6. Әдептілік, тектілік отауы.
  7. Шешендік сөздер өнері
  8. Ою, кесте, қол ісмерлігі отауы
  9. Үйішілік отауы
  10. Әке отауы
  11. Салт-дәстүр отауы
  12. Атбегілік және аңшылық отауы
  13. Әдіс бірлестіктерінің жұмысын халықтық педагогика негізінде жүргізу.

ІІ күн.

І. Қорғау жұмыстарының жалғасы.

  • Ене отауы
  • Шежіре отауы…
  • Табиғат экологиясы отауы…
  • Ата отауы…
  • Имандылық отауы…
  • Ағаш шеберлігі отауы…
  • Ұлттық ойындар отауы…
  • Термешілік – әншілік отауы…
  • Мектепке дейінгі мекемелердегі халықтық педагогика негізінде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының панорамасы.

2. Қорытынды жасау.

Ұйымдастыру комитеті.

ІІІ Семинар.

  1. Семинар кеңестің ашылуы.
  2. Дәріс сабағы. Арақ – қазақ халқының қасіреті.
  3. Мектеп ұжымының ата-аналар және оқушылармен қазақ халық педагогикасы негізінде жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабарлама.
  4. Балбөбек» балалар бақшасының халық педагогикасы негізінде «Балғын» отауының дайындаған сахыналық көріністері.
  5. «Асыл мұра» отауының жұмыстарының көріністері.
  6. Тоқым қағар.
  7. Тана бау
  8. Бастаңғы
  9. Класс жетекшілердің үлгі жоспарына және халықтық педагогика тақырыбында жазылған методикалық кітапшалар, таблицалар, схемалар, буклеттер, қолөнер бұйымдарына т.б. заттардың көрмесі, жәрмеңкесі, аукцион.
  10. «Арақтың қасіреті» атты плакат суреттерге байқаудың қорытындысын шығару.
  11. Семинар-кеңес жұмысын қорытындылау.

Ұйымдастыру комитеті.

IV. Семинар.

1 күн

  1. Семинардың салтанатты ашылуы.
  2. Дәріс-лекция. Қазақ халқының шығу тегі мен қалыптасуы. Алтын тамыр арғы баба халқында.
  3. М.Мақатаева музей-мемориалымен таныстыру.
  4. Лекция. Қазақ отауы туралы. Байырғы қазақ шежіресі және тайпа таңбалары.
  5. Ата-аналар университетінің кезекті оқуы.
  6. Халық педагогикасының мектеп өміріне ендірілуі жайла видеофильм.

ІІ күн.

  1. Лекция. Қазақ антрологиялық типі. Сақ тайпалары. Үйсін тайпалары.

Үйсін елінің өкіметтік билігі. Қазақ халқының құрылуы және даму барысы.

  • Тарих пәнін ашық сабақ.
  • Қазақтың ұлттық ойындары.
  • «От басына ие бол отағасы» тақырыбында ағалар алқасы отырысы.

ІІІ күн.

Лекция.

  1. Халық педагогикасының қайнар көзі.
  2. Араб графикасынан ашық сабақ.
  3. Айтыс мектебінен көрініс.
  4. «Алтын көмбе» халық педагогикасының жұмысының жүйесі.
  5. Үйірмелер жұмысынан көріністер.

V күн.

  1. Оқушылар арасындағы ақындар айтысы.
  2. Атаулы мектептің кезекті отырысы.
  3. Қорытынды жасау.

Ұйымдастыру комитеті.

4- қосымша

Ұлттық салт жәстүрді ұйымдастырудағы ер азаматтар ережесі

  1. Әкелік, отағасылық рөлімде мүлде әлсіретіп алғанымызды мойындап, бұдан былай оны жандандыруды қолға аламыз.
  2. Дене күшті, түрлі көлікті пайдаланып әйелдерге, сондай-ақ қыздарға қысым жасауды, өмірін бүлдіруді болдырмаймыз.
  3. Өмір талабынағ ағымына сәйкес темекінің, арақтан, опиымшы болудан арылып, оның орнына тәрбие мен өнер түрлерімен шұғылдануға бет бұрыс жасаймыз.
  4. Ағайын, туыстық, бауырмалдық, ынтымақтастықты жақсартамыз.
  5. Жалпы моральдық бейнемізді түзейміз және үлгілі қалыпқа жеткізуге талаптанамыз.
  6. Әйелдерге түсіп жүрген семьялық тауқымет пен ауырлықты жеңілдетіп, азабы мен тозағын азайтамыз.
  7. Ауыл мәдениеті мен абыройын көтеруді азаматтық парызымыз деп түсінеміз.
  8. Семья бқзу, баланы жастан сорын қайнату ептілік те, ерлік те, нағыз ер қарғар, жұрт лағнеттер азғындық, ерсі қылық екенін ескереміз, ондайларды байқасақ, сезсек ел боп, жұрт боп әшкерелейміз, тиым саламыз.
  9. Осы аталғандардың ер-азаматтар жиын жерлерінде талданып, талқыланып, ой зерделету колхоз басқармасы мен селолық Кеңестен сұралсын.

Әйел азаматтардың ұлттық салт-дәстүрді қалыптастырудағы ережесі

  1. Әйел, ана атын ардақтаймыз.

Абыройымызға кір келтірмейміз.

  • Үлкендерге құрмет, кішіге үнемі ізет көрсетіп ізгілік рухын себеміз.
  • Ағайын-туыс, абысын-ажын, көрші-қолаң сыйластығын ұлғайтамыз.
  • Өз жұбайымыздан бастап, жасы үлкен ер адамдардың атын атамай «отағасы», көкесі, үй иесі, пәленнің ағасы немесе туыстық қатынасына қарай «қайын аға», қайын іні, қайын сіңілім, абысын сияқты ілтипатты атауға дағдыланамыз. Балалар бойына осы қасиеттерді қалыптастырамыз.
  • Шашты кесіп, беттерімізді боямаймыз, дене көрінетін қысқа етек көйлектерді кимейміз.
  • Лайықты орындарға қарай ұлттық киім түрлерін кең молынан киюді қалыптастырамыз.
  • Әйелдердің береткі, тымақ киюі жаман ырымның жоралғысы екенін ескеріп, орамал ғана саламыз, бөрік, тақия, киюді тек қыздарға тән белгі деп танимыз.
  • Қоғамдық орындардан басқа жерлерде, көшеде әсіресе үйде үлкен қарттарға сәлем жасауды инабаттылық белгісі деп ұғынамыз.
  • Жастардың өсек-өтірік айтуына біреудің сыртынан ғибадаттап, жамандауға жол бермейміз.
  • Ай, күн, жыл аттарын табиғи қазақы қалпында айтыды әдетке айналдырамыз.
  • Қыздар, ұлдар тәрбиесінің өзіндік сипат алуына көңіл бөлеміз.
  • Қыздардың ар тазалығын, адамдығын көзіміздің қарашығындай сақтаймыз.
  •  Ерлердің бетінен алып, төсінен шабатын сойқанды содырды қылықтардан арыламыз.
  • Ауылда көрініс беріп жатқан жөнсіздіктерді, арсыздық пен ұятсыздықтарды батыл айыптаймыз.
  • Арақ ішіп темекі тарту әйел затына жат әрекет екендігін байыпты түсінеміз. Бұл мінездерден арылуға күш саламыз.
  • Семьяның іргесі шайқалып, шырқы бұзылмауы үшін, от басы ошақ қасы бақыты үшін күрес жүргіземіз.
  • Жеңіл жүрістерге салынбаймыз, жезөкшелік пиғылдарды атымен болдырмаймыз. Оны өнер деп білетіндерді, ептілік деп есіргендердің жолын ауыл болып кесеміз.

Ер жеткен ұл ережесі

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ата-ғұрып, салт-дәстүрлерді берік ұста, азғындатпау.

Біреуге қиянат жасаудан аулақ болу.

Ақадал еңбек, маңдай термен күн көру.

Туыстық, бауырмашылдық қалыптың бұзылуына жол бермеу, бірақ оны рушылдыққа айналдырмау

Ата-анаға, ұстазға үнемі борышты екенін ұмытпау.

Ата-анадан әл қуат кеткенде оны бейтарап қалдырмау.

Әлсіздерге зәбір-жапа көрсетпеу, қайта ондайларды қамқорлыққа алу.

Пайдакүнемдікпен дүние қоңыздықтан аулақ болу.

Ауылдың, елдің береке бірлігін сақтауға, экономикасын көтеруге күш салу.

Тұрмысқа тұла бойға ұлттық белгілерді барынша мол қалыптастыру.

Бой жеткен қыз ережесі

  • Ұлттық салт-дәстүрлерді жете білу және бойға берік орнықтыру.
  • Үлкендерді сыйлау мен құрметтеуді жүзеге асыру, адамгершілік парызға кіршіксіз болу.
  • Жасы үлкеннің айтқанын заң деп қабылдау.
  • Әдепсіздік пен азғындыққа жол баспау.
  • Ойлы, ұстамдылық жолмен лайықты жер таңдау, алданбау.
  • Әлем-жәлем киініп, ұшқарлыққа, әсемпаздыққа ұрынбау.
  • Қыздың көркі «құлпы да» екенін естен шығармау.
  • Ұлттық қадір-қасиет, болмыс бітім бесікте берілетін ананың ақ сүті арқылы енетінін ұмытпау.
  • Ұлдар мен ер-азаматтардың азбас адамдық үлгісінде тәрбиелеуде қыздардың зор мүмкіндігін бар екендігін тиімді пайдалану.

Ұлттық салт-дәстүр мен сананы қалыптастырудағы жас ұрпақ ережесі

  • Ай, күн аттарын қазақша атау және оны жүзеге асыру.
  • Қазақша амандасу, «Ұлдар көшеде, мектепте». Ассалаумағалейкум- үйде, қонақта қос-қолды бірдей беріп сәлемдесу. Қыздар қол бермей тек сәл еңкейіп «Сәлеметсіз бе» дек керек.
  • Қыздар шашты өсіру, кеспеу, көздерін, беттерін боямау, табиғи қалпын сақтау.
  • Үлкеннің жолын кеспеу, алдын орғытпай, қиястап өту.
  • Үлкеннің атын атамау, ер адамдарды ата, көке деп әйел адамдарды әже, апа, шеше деп атау керек.
  • Ысқырмау, айғайлап сөйлемеу, бәсең тіл қату, «әкеңді», «шешеңді» деп балағаттамау. Ол нағыз былатып адамдардың аузынан шығатын ұғымдар.
  • Ұлдар бас киім тымақ, қалпақ кию. Қыз балалар бөрік не тақия кию, орамал салу.
  • Қыздар үшін ұл балаларды «ит», «шошқа» деп балағаттамау, ол балағаттау деген нағыз дөрекілік, қыз атына, әдеп атына кір келтіргендік екенін есте сақтау.
  • 6-шы қласқа дейінгі ұлдар шашты үнемі қырғызып жүруді жүзеге асыру.
  • Ұрлық жасамау, өсек-өтірік айтпау, ондайлар намысты қорлаған болып шығады, онымен ұжым болып күресу, қатаң шаралар қолдану.
  • Өзіне көрсетілген қызметке, жасалған ілтипатқа қашанда рахмет айтуды ұмытпау.
  • Ажырасар сәтте, қоштасар шақта, «сау болыңыз, кездесер күн жақын болсын» деп адал тілек, ақ ниет білдіруді ұмытпау.
  • Жасы үлкенге үнемі «сіз» деп сөйлеуді қалыптастыру.
  • Қыздардың нәзіктілігін, ақыл-парасаттылығын, арлылығын түзету бағытында жұмыс жүргізу.
  • Ұлттық салт-дәстүрлер мен сананы қалыптастыруға жас ұрпақ ережесінің кезеңіндегі қорытындысын шығарып отыру.

І –ХІ сынып оқушыларымен халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспарын жасауға арналған ұсыныстар

1-4 сыныптар үшін «Тал бесік» тәрбие жоспары

Мұнда қазақ халқының тал бесіктегі тәрбиесі басты әңгіме арқауына айналады. Яғни, халықтық тәрбиенің тума көздері мен өнеге әліппесі зерттеледі. Бесік жырлары, сәбилік салт жырлары, жуату өлеңдері, төрт түлікке қатысты өлеңдер мен өтірік өлеңдер мазақтау, жаңылтпаш, жұмбақ тақпақтар айтқызу, жеңіл ойын түрлерін ой ұшқырлығымен тіл кестелілігіне  жетелейді. Туыстық атаулар: а/өз жұрты бойынша/, ә/ нағашы жұрты бойынша/, б/ неке құруға қатысты/, в/ құдалыққа қатысты атаулар мәніне көңіл бөлу – айналаны тегіс білуге жетелейді.

Ертегі, аңыздар, әңгімелер айтқызу ақыл парасатты орнықтырады. Малды ауылдың тілін білдіру, мал өрісін таңдату малсаптық, жануарларды шақыру, қайыру, оған қатысты ишарат сөздерді жадыға таныту кәсіби лекцияларды меңгерту үлкен ұғымталдыққа жетелейді, шаруақор етеді.

Қысқасы, халықтық әлім бастаулары мен арналарынан сусындатып, бауырмашылдыққа баулу, адамгершілікке жетелеу, еңбек сүйгіштікке дағдыландыру тәрбие жоспарының басты мұраты кластан тыс ерекшелігіне қарай бұл істі түрлендіру устав еншісінде. Газет журналдағы түрлі материалдармен қатар «Тал бесік» айдары тиімді пайдалануға әбден лайық.

  «Тал бесік» тәрбие жоспарының басты бөлімдері.

Тал бесік жырлары бөлімі – 5 сағат.

Өлеңдер мен термелер бөлімі – 5 сағат.

Туыстыққа байланысты атаулар бөлімі – 5 сағат.

Ұлттық ұғымдар мен сөз төркіні бөлімі – 5 сағат.

Оңай ойындар бөлімі – 5 сағат.

Ерікті таңдау тақырыптары бөлімі – 5 сағат.

«Атамекен» бағдарламасынан, IV — «Толғау», ХІ — «Төрттүлік», XVI «Балаларға өсиет» бөлімдері – 7 сағат.

5-8 сыныптар үшін «Ақсүйек» тәрбие жоспары

Мұнда ұлттық ойындардың түрлерін білдірумен қатар баланың дене құрылысын шымырландыруға, ақылын алғырлыққа, ойын ұшқырлыққа, халық қолөнеріне қанықтыруға күш салады. Экологияны сақтауға, табиғат байлығын қорғауға ат салыстыруда. Иманжүзділікке, тектілікке тәрбиелейді, кішілік, ізеттілік, инабаттылықты қозғай отырып, арақтың қазақ халқы жанына сіңіп, бойына дарымағандығын, қайта оның ұлтты оның жоғалтатындығын, қазіргі қасірет опиымы болып отырғандығы зерттеліп, одан жас ұрпақты жирендіруге, бойын аулақ ұстауға күрес ашады. Нашақорлық, қаныпезерлік, жезөкшелік т.б. сияқты ұлттық намысты аяқ асты ететін, тіпті қорлайтын пиғыл ниеттерден арылуға жетелейді.

Ар-ұяттан кіршіксіз сақтап, көрегенді, өнегелі, үлгілі болуға әуестендіреді. Сөйлеу мәдениетін игеруге, білікті азамат болып қалыптастыруға бар амал тәсілді қолданады. Халық тәлімі мен өнегесінен талмай үйренуге үлгі-өнеге алуға дағдыландыру сас мұрат қылып ұсталады. Қазақ жұртының қонақ жайлылығы жайлы әңгіме қозғайды. Табаққа кәделі ас салуда жөн-жобаны білу секілді зерделенеді. Мының жоғарғы мәдениет көрсеткіші.

«Ақсүйек» тәрбие жоспарының басты бөлімдері.

Ойын-өнері бөлімі – 4 сағат.

Экология бөлімі – 4 сағат.

Имандылық бөлімі – 4 сағат.

Қолөнер бөлімі /қыздар, ұлдар қолөнері/- 4 сағат.

«Арақ — ұлттық қасірет» бөлімі – 4 сағат.

Сөзбен сөйлеу мәдениеті бөлімі – 4 сағат.

Туған елдің тұлғасын /білікті биі, көсемі/ бөлімі – 4сағат.

Қонақжайлылық бөлімі

Маңызды мәселелер мүйісі бөлімі – 3 сағат.

«Атамекен» бағдарламасына ХХІІІ «Ардагер», XXY «Бейнелер сыры» — 5сағат.

9-11 сыныптар үшін «Дулыға» тәрбие жоспары

Мұнда батырлыққа, елді сүйген ерлікті ту етеді. Қазақ халқының жүрген жолдағы батырлар мен билердің, жандардың, ұлысымыздың халық болып қалыптасудағы рөлін ұғындырады. Халық шежіресіне үңілдіреді, оған байланысты әдет-ғұрыптар сараланып, салмақтанады.

Халықтық ауа-райын болжау дәлдігімен, есепшілдігіне үңіледі. Халықтық емнің мүмкіндігі мен қадір-қасиетіне қанықтырады. Бүгінгі таңдағы қазақ басылымдары көтеріп отырған маңызды, мәнді мәселелерге жас ерекшеліктердің назарын аудару, олардың ұғым-түсініктерін ортаға салу, талқылауды жүзеге асырады. Ұлттық мерекелерді бағалауға салт-серілік салтанаттың тәрбиелік мәніне тәнті етеді. Білікті, парасатты қазақ жанындағы азамат болып қалыптасуға берік негіздер қалайды.

«Дулыға» тәрбие жоспарының басты бөлімдері:

Қазақ батырлары бөлімі – 4 сағат.

Ұлттық мереклер бөлімі – 4 сағат.

Сырлы шежіре бөлімі – 4 сағат.

Салт-дәстүр бөлімі – 4 сағат.

Емшілік, есепшілік, халықтық болжау бөлімі – 4 сағат.

Туған жердің түлегі бөлімі – 4 сағат.

Шешендік өнер бөлімі – 4 сағат.

Маңызды мәселелер жүйесі бөлімі – 4 сағат.

«Атамекен» бағдарламасынан VIII «Домбыра дастан»,  ХХІ «Алыстағы бауырлар», XXVI «Ата-ана-бағыты» — 5 сағат.

Ұсынысты дайындағын атаулы мектептің авторы: Ж.Өтеев.

Қосымша – 7

Халық педагогикасын ата-аналар университетінде оқып үйренудің 3 жылдық жоспары

І жыл

Оқылатын сабақтың мазмұнысағатмерзіміЖауапты адам
1Шежіре және тарих жайында а) жалпы шежіре4  
ә) Қожанасыр шежіресі2қыркүйек
б) Қазақ шежіресі Қазақ тарихы туралы2қазан
2Қазақ халқының ертедегі қоғамдық өмірі6  
а) дүние танымы2Қараша
ә) Тілі, мекені және елдегі әлеуметтік қайшылықтар.2Желтоқсан
б) шаруашылық жайы. Аңшылығы2қаңтар
3Материалдық мәдениеті8  
а) тұрақ жайы, ыдыстары2Ақпан
ә) азығы, киім кешегі2Наурыз
б) көлік тұрманы2Көкек
в) жан азығы2мамыр
4Семинар-кеңес2мамыр

ІІ жыл

Оқылатын сабақтың мазмұнысағатымерзіміЖауапты адам
1.Қазақ халқындағы семья мен неке18  
а) Россияға дейінгі семья және семьялық қарым-қатынастар8 
б) Семья формалары. Әке мұрасы және мұрагерлік хұқы.2қыркүйек
ә) туысқандар арасындағы қарым-қатынастар туыстық система және есімді тергеу әдеті. Бала асырап алу салты.2Қазан
в) қонақ күту дәстүрі, семьядағы әйелдер жағдайы2Қараша
г) көп әйел алу, бала туу және оны тәрбиелеу дәстүрлері, өлікті жерлеу және ас беру дәстүрлері.2Желтоқсан
2Революцияға дейінгі неке құру туралы, үйлену тойы, оған байланысты әдет-ғұрыптар.6 
а) некелесушілер жасы, экземиялық діни тосқауылдар, неке құру түрлері.2қаңтар
 ә) Құда түсу, қалыңдық ойнату дәстүрі және оған байланысты әдет-ғұрыптар.2Ақпан 
б) үйлену тойы және оған байланысты әдет-құрыптар.2Наурыз
3Қалың мал, жасау.  
а) Қалың мал мөлшері және құрамы, жасау мөлшері, оның құрамы.2Көкек
ә) қазақпен көрші залықтардағы қалың мал мен жасау салттарының қалыптасуы мен сипаты.2Мамыр
4Қазіргі семья мен некелік қатынастар а) семья түрлері, семьялық қарым-қатынастар. Неке құру түрлері.2мамыр 

ІІІ жыл

Оқылатын сабақтың мазмұнысағатымерзіміжауапты адам
1Ауыз әдебиеті тәрбие туралы18  
а) мақал-мәтелдер және оның тәрбиелік мәні.2қыркүйек 
ә) жаңылтпаштар, мазақтамалар, тақпақтар, олардың тәрбиелік мәні.   
б) жұмбақтар оның тәрбиелік мәні2қараша 
в) ертегілер, оның тәрбиелік мәні2желтоқсан 
 г) шешендік сөздер, оның тәрбиелік мәні.2қаңтар 
2Өсиет өлеңдер, оның тәрбиелік мәні2ақпан 
 а) айтыстар, оның тәрбиелік мәні2наурыз 
 ә) батырлық жырлар, олардың тәрбиелік мәні2көкек 
 б) ғашықтық жырлар, оның тәрбиелік мәні2мамыр 
3Емтихан2мамыр 

Қосымша-8

Халықтық педагогика үйірмелерінің жалпы жоспары

/Қарасаз орта мектебі/

РетіӨтілетін тақырыптарСағаты
1.Жылдық жоспар жұмысымен таныстыру4
2.Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-санасы және ұлттық дәстүрлермен танысып материалдар жинау8
3.Ежелгі тарихи қалалармен жер-су заттары туралы деректер жинастыру.4
4.Тарихта аты қалған, аңызға айналған біртуар перзенттер туралы материалдар жинақтау.6
5.Ұлы батырлармен хандар туралы мәліметтер жинақтау.4
6.Жыраулар мен ғалымдар өмірінен материалдар жинақтау.4
7.Халық данышпандары, көсемдері туралы материалдар жинақтау.4
8.Халық емшілері туралы материалдар жинақтау.6
9.Өнер қайтаркерлері мен жергілікті жердегі атақты адамдардың өмірлері мен қызметтері туралы маңызды деректер жинастыру.6
10.Қазақ халқының ұлттық төр мұралары, айтыс, терме, эпостық жырлардан мағлұматтар іздестіру.6
11.Халық қолөнер туындылары туралы мағлұматтар іздестіру.4
12.Ұлттық музыка аспаптары – домбыра, қобыз, сазген, сазсырнай, шертер т.б. ұлттық мұралар туралы мақлұматтар іздестіру.6
13.Ұлттық ойындардан конкурс өткізу.4
14.Экологиялық саяхаттарға шығу.4
15.Репрессияға қатысқан құрбандықтар туралы мәліметтер жинастыру6
16.Шет елде тұратын қазақтардың өмірлері туралы материалдар жинау.6
17.Қазақтың әндерінен концерт ұйымдастыру.4
18.Қазақтың ұлттық тағамдарынан көрме.2
19.Оқып үйренгендерінен зачет алу4
20.КВН өткізу4
21.Ұлттық ойындардан сайыс өткізу.4
22.Киров орта мектебіне саяхат.4
23.М. Мақатаев өлеңдерінен конкурс өткізу4
24.«Туған күн» кеш өткізу.2
25.Қорытындылау 

Оташы үйірмесінің жұмысы жоспары

ретіӨткізілетін тақырыптың мазмұнысағатыӨтілетін күні
1.Кіріспе бөлімі. «Оташының халықтық ем түрі».2 
2.Оташы болу үшін қажетті білім негізгі табиғи қабілеттілік2 
3.Адамның тірек және қимыл мүшелері туралы түсінік2 
4.Адамның қаңқасы туралы жалпы мағлұмат2 
5.Практикалық сабақ2 
6.Сүйектердің байланысы, буындары.2 
7.Бас қаңқасы.2 
8.Тұлға қаңқасы, омыртқа жотасы4 
9.Практикалық сабақ4 
10.Қол қаңқасы. Бұғана жауырынның белдеуі.2 
11.Тоқпан жілік, кәрі жілік және қол басының құрылысы.2 
12.Практикалық жұмыс.4 
13.Аяқ қаңқасы, жамбас сүйегінің құрылысы және атқаратын қызметі.2 
14.Сегізкөздің құрылысы2 
15.Жамбас белдеуінің құрылысы мен атқаратын қызметі.2 
16.Ортан жіліктің орналасуы мен құрылысы.2 
17.Асықты жіліктің құрылысы мен орналасуы.2 
18.Аяқ бас сүйектері.2 
19.Табан сүйектері және олардың орналасуы.2 
20.Практикалық сабақ.4 
21.Адам қаңқасының тік жүруі мен еңбек етуге байланысты ерекшелігі.2 
22.Қаңқа зақымданғанда берілетін алғашқы жәрдем түрлері.2 
23.Сіңір созылғанда көрсетілетін көмек.2 
24.Буын шыққанда көрсетілетін көмек.2 
25.Практикалық жұмыс.  
26.Шыққан буындарды орнына келтіру үшін жасалатын оташылық көмек.2 
27.Сүйектің сыну түрлері.2 
28.Сынықты салу жолдары.4 
29.Практикалық сабақ.4 
30.Қол сүйектердің орналасуы және оларды салу жолдары.2 
31.Практикалық сабақ.2 
32.Таңдау мен байлау тәсілдері.2 
33.Практикалық жұмыс.4 

Терме, жыршы және халық әндерін үйрену үйірмесінің жұмыс жоспары

РетіӨтілетін сабақтың мазмұныайысағатыӨтетін күні
1.Халық әндері, оның ерекшелігіқараша2 
2.Халық әндерін үйрену.қараша8 
3.Терме өнері мен жыршылық өнердің айырмашылығыЖелтоқсан4 
4.Терме жыршылық өнердің орындау шеберлігіжелтоқсан4   
5.Халық термесі. 2 
6.Әр оқушының қабілетіне қарай термелер үйрету.қаңтар8 
7.Қазіргі термешілердің өнерін оқып үйрену.қаңтар4 
8.Жыршылық өнердің ерекшеліктеріақпан8 
9.Жыршылық өнерді үйрену.ақпан8 
10.«Замана бұлбұлдарымен» танысунаурыз8 
11.Халық айтыстарынан үзінді оқып үйрену.наурыз8 
12.Кеңгірбай мен Әсеттің сұқпаттасуы.наурыз8 
13.Қазіргі ақын жыршыларымызбен танысып олардың терме, ән жырларын үйрену.мамыр24 
14.М.Мақатаев әндерін, өлеңдерін үйрену.маусым8 

Айтыс үйірмесінің жұмыс жоспары

РетіӨтілетін сабақтың мазмұнысағаткүні
1.Ұйымдастыру үйірмесінің мақсаты міндеттері2 
2.Айтыс туралы жалпы түсінік.2 
3.Айтыстың түрлері әдет-ғұрып айтыстары.2 
4.Бәдік айтыс, жар-жар.2 
5.Жануарлар мен адамдардың айтысы, жұмбақ айтыс2 
6.Салт айтыс: 1. Қыз бен жігіт айтысы                         2. Қағысулар, қайымдасу.2 
7.Ақындар айтысы оның ерекшеліктері2 
8.Айтыс – ақынның тәрбие мектебі / практикалық сабақ/.4 
9.Әдеби – теориялық ұғымдар жайлы түсінік СинонимАнтонимАллитерацияАссонанс2 
10.Теңеу ЭпитетЛитафораЛитономия2 
11.Прония, гипербола литота Антитеза.2 
12.Практикалық сабақ.4 
13.Ырғақ, шумақ, ұйқас, буын.2 
14.Ұйқастың түрлері: 1. Қара өлең ұйқасы 2. Шұбартпалы ұйқас 3. Кезекті ұйқас 4. Шалыс ұйқас 5. Егіз ұйқас 6. Ерікті ұйқас4 
15.Практикалық сабақ.4 
16.Біржан мен Сараның айтысы / жалпы мәліметтер/.2 
17.Біржан, Сара айтысының көркемдік ерекшелігі2 
18.Айтыстың негізгі тақырыбы.2 
19.Біржан мен Сара айтысынан үзінді көрінісі. /практикалық сабақ/.2 
20.Әдеби теориялық ұғымдар: Мазмұны мен формаОбраз, тақырып, идея.2 
21.Сюжет, композиция2 
22.Жамбыл мен Айкүмістің айтысы.2 
23.Практикалық сабақ4 
24.Осы күнгі айтыстар туралы жалпы түсінік4 
25.Осы күнгі айтыстың негізгі тақырыптары2 
26.Көркемдік ерекшеліктері2 
27.Практикалық сабақ4 

Ою-өрнек үйірмесінің жұмыс жоспары

ретіӨтілетін сабақтың мазмұны.Сағат саны
теориятәжірибеКөпшілік жұмысбарлығы
1Кіріспе сабақ. Жыл ішінде істелетін техникалық қауіпсіздік ережелері.2  2
2Қазақ халқының тіршілік жағдай ерекшеліктерін пайдалану заттары.2  2
3Қазақ халқының колд-декаративті өнернің даму тарихы, оны қолдану орны.4  4
4Ою-өрнектің түрлерін бор, қарандашпен тақтаға, қағазға түсіру, сызу, ою.26 8
5Мата талшығының түрлері, оның тігісі, матаның жиегі.22 4
6Жіптің түрлері, оны пайдалана білу13 4
7Тігістің түрлері, қайып тігу, торлау заттарды пайдалану, орындарына қарай кестелеу.26 8
8Орамалдың шетін тігіс түрлерін пайдалана отырып бастырмамен өрнектеу22 4
9Түрлі жіптерді пайдаланып кесте тігуге үйрету.26 8
10Түрлі жіптерді пайдалана отырып шашақтың түрлерін үйрету.22 4
11.Кесте мен шашақтардың үлгі түрлері, сувенир бұйымдар дайындау.22 4
12Сумка, пакет кестелеу26 8
13Сумка, пакетті дайындау / практикалық жұмыс/ 628
14Оюдың түрлерін, оны қолданатын орнын көктеу, кестелеу.210 12
15Айнақап оюын орналастырып, кестелеу26 8
16Аяққап, пайдалану орны, істелетін материалы, оюының ерекшелігі22 4

«Құрақ» үйірмесінің жұмыс жоспары

МазмұныСағат саны
1.Электірлі тігін машинасы мен жұмыс техника қауіпсіздігі ережелері. Ұйымдастыру жұмыстары2
2.Үлгі бойынша бестаңдай құрағын құрау, қиюлау.4
3.Бестандай құрағын жүн салып, қабу жұмыстарын аяқтау.4
4.Сегіз ай құрағын құрау, астарлау, қиюлау.4
5.Сегіз ай құрағына жүн салып, қабу жұмыстарын аяқтау4
6.«Гүлдесте» құрағын құрау, астарлау, қиюлау.4
7.«Гүлдесте» құрағына жүн салып, қабу жұмыстарын аяқтау.4
8.Жұмыстары әшекейлеу, қорыту.4
ІІ-тоқсан
9.«Қиықша» құрағын құрау, қиюлау, астарлау.4
10.«Қиықша» құрағына жүн салу, аяқтау.4
11.Бестандай құрағын құрау, қиюлау, астарлау.4
12.Бестандай құрағына жүн салу, аяқтау.4
13.Барлық құрақ түрлеріне жиек салу.8
ІІІ-тоқсан
1.Тоқуға қажетті құрал-жабдықтар, оларды қолдану тәртібі2
2.Тоқыманың басталу тәртбі. 
3.«Бір беткей», «екі беткей» тоқу әдістеріне практикалық жұмыстар.4
4.«Шағын түрде мойын орамал» тоқу.4
5.«Мойын орамалды» аяқтап, шашақтап, әшекейлеу.4
6.Кішкене балага арналған балмақ тоқу.1
7.Балмақты әшекейлеп, айқтау.4
8.Тоқыма бұйымдарды сәндеп, әшекейлеу жұмыстары.4
IV-тоқсан
1.Тоқыма бетіне «Сегіздік» оюын салу2
2.Тоқыма бетіне «Сай» өрнегін салу.2
3.Тоқыма бетіне «Жүгері» өрнегін салу2
4.Тоқыма бетіне «Жолақ ирек» өрнегін салу2
5.Жыл бойы істелінген жұмыстардан көрме ұйымдастырып, оқушылар істеріне қорытынды жасау.4

«Халықтық болжау» үйірмесінің жұмыс жоспары

МАЗМҰНЫсағаты
1.Ұйымдастыру жазғы бақылаудың қорытындысы2
2.Насекомдар арқылы ауа-райын болжау. Қазан айына болжам күнтізбесін жасау. Экскурция. Құстардың мінез-құлқын бақылау.1
3.Жазғы каникулда жүргізілетін календарға талдау жасау практикалық жұмыс.2
4.Қазақ атауы қайдан шыққан.2
5.Жапон календары немесе адам тағдырын болжау.2
6.Жыл қайыру және денсаулық.2
7.Жыл қайырып үйрену. Халық календары мен астрономиясы.2
8.Халықтың ай календарын пайдалануы2
9.Айдың тууына қарап ауа-райын болжау, қараша айына календар жасау.2
10.Айдың тұтылуына болжам жасау.2
11.Айдың тууына қарап жұмыс жоспарлау.2
12.Адамның түсіне қарап келешегін болжау.2
13.Жатар орынның адам денсаулығына әсері. 
14.Практикалық жұмыс, желтоқсан, қаңтар айларын болжау календарын жасау. 
15.Алақанға қарап болжам жасау.2
16.Тырнаққа қарап болжам жасау.2
17.Бір-біріне бал ашу / болашағын болжау/ Практикалық жұмыс/ 
18.Адамның іс-әрекетінің болашақты болжауы.2
19.Мұхаммед пайғамбардың хадистерімен танысып, оны меңгеру. 
20.Халық даналығын іске алдағы ауа-райына болжам жасау. 
21.Қыстың ауа-райын аңдардың қылығына қарай болжау.2
22.Насекомдар мен өсімдіктердің ауа-райын болжауына көмегі. 
23.Медузалардың теңіз дауылын болжауға көмегін бақылау арқылы болжау.2
24.Құстардың қылығын бақылау арқылы болжау. 
25.Жер сілкінуге сақтық. 
26.Практикалық жұмыс. Жаңа жылға болжам календарын жасау. 
27.Ауа-райының өзгеру себептері.2
28.Зіл-заланың зардаптары.2
29.Экологияны жақсарту шаралары.2
30.Экологияның / жаңдайлары/ туралы ғылыми болжау. 
31.Халық болжамы мен ғылым үйлесімділігі.2
32.Құстардың келуін бақылау.4
33.Көртышқан індерімен келер жаздың ауа-райын бақылау4
34.Күнделікті құстар мен насекомдарды бақылау. 

Көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмыс жоспары

Өтілетін сабақтарсағатыӨтілетін мерзімі
1.Қазақ саз аспаптарының тарихы, оның түрлері.24.ІХ.1991
2.Домбыраның құрылысы және оны тарту ерекшеліктері.25.ІХ.1991
3.Қазақ халық әндерінің шығу тарихы, оны домбырада ойнап үйрену.412.ІХ.1991
4.«Елім-ай» шығу тарихы, оны домбырада ойнап үйрену.412.ІХ-13.ІХ
5.«Қамажай» халық әні8 
6.Х.Тастанов «Би күйі» а) күйдің бірінші бөлімі ә) күйдің екінші бөлімі б) күйдің үшінші бөлімі в) бәрін қосып біріктіру  
4
4
4
4
7.Халық күйі «Келіншек» І-ші бөлім 2-ші бөлім 3-ші бөлімі төменгі саюсы Бәрін қосып қайталау.16 
24
4
4
4
8.Халық әні «Сәулем-ай» әннің шумақтарын үйрену, әннің қайырмасын үйрену. Домбыра.2 
2
9.«Құрманғазы», «Балбырауын» І-ші бөлім 2-ші бөлім 3-ші бөлімі16 
4
4
4
10.Әлемдік көркем мәдениет нені оқытады.2 
11.Қазақ халық әншілерінің, күйші, композиторларының күй шығу, дәстүрі, олардың қысқаша тарихы.2 
12.Қорқыт ата туралы аңыз.2 
13.Халық күйі «телқоңыр» Күйдің шығу тарихы І-ші бөлім 2-ші бөлім 3-ші бөлім  4 4 4   
14.М.Мақатаевтың сөзіне: Н.Тілендиевтің әні «Туған күніңмен» әнді домбырада үйрену.4 2 
15.1. Шумақтарын. 2: Қайырмасын. Сөзі М.Мақатаев. әні. Н.Тілендиевтікі «Саржайлауым» шумақтарын, қайырмасын үйрету.2 
16.Манғол-татар шапқыншылығы кезінде шыққан күйлер, олардың шығу тарихы.2 
17.«Шәлкеде-әнім»2 
18.«Менің Қазақстаным» сөзі, әні16 
19.Халық күйі «Жастар»  
20.Ноғайлы кезеңнің күйлері және олардың шығу тарихы.2 
21.Мерекелік ойын-сауыққа дайындау.  

«Сурет өнері» үйірмесінің жұмыс жоспары

Өтілетін сабақтың тақырыбысағат саны
1.Ұйымдастыру жұмыстары, үйірме жоспарымен таныстыру. /Кіріспе/ а) Сурет салуға қажетті құралдар мен сурет салудың техникасы.4
2.Тұтас көру және перспектива және жарық пен көлеңке. а) Нәрсеге қарап сурет салу, геометриялық денелердің суретін салу.8
3.Ою мен өрнек және долбар а) декаративтік сурет салу. Қошқар мүйіз ою-өрнегін салу. Түйе табан ою өрнегін салу.16   1
4.Натюрморт және композиция. а) бірнеше заттан тұратын натюрморт мысалы, қазақ ұлттық ыдыстарына тостаған, құмыра… ә) акварел краскамен б) формасы жағынан геометриялық денелердің шардың, кубтың, цилиндрдің суретін салу. в) қазақ үй кеңістігінлегі ірі нәрселерден натюрморт      12   8 8
5.Композиция. а) бақылау бойынша айналадағы қазақ өмірінің тақырыбына арналған композиция «Жайлау кештері», «Шопан үйі» б) әдеби шығармалар тақырыбына композиция, әдеби шығарма оқушының қалауымен алады.      12   8
6.Скульптура. а) балшықтан және пластелиннен жабыстыру. Қазақтың төрт түлік жануарларын релефті және көлемді бейнеде жасау. ә) адамдар мен жануарларды бейнелейтін / сиыр сауу, салт аттылар/ композицияны жабыстыру.       8   8
7.Қазақтың өнер шеберлерінің творчествосымен таныстыру. а) Ә.Қастеев творчествосы. ә) Айша Ғалымбаева Г. Исмайылова8
8.Қорытындылау. Жылдық көрме ұйымдастыру. Жылына 2 рет.4

«ЗЕРГЕРЛІК» ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Өтілетін сабақтың тақырыбытеориятәжірибебар. сағ.
1.Ұйымдастыру жұмыстары. Үйірменің жылдық жоспарларымен таныстыру.4 4
2.Оқушыларға темір өңдей жөніндегі операциялардың түрлері мен тәсілдерін түсіндіру а) темір өңдеу шеберханасының жұмыс орны. ә) жұқа қаңылтырмен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру. /Қаңылтырларды өлшеу, кесу, бетіне өрнек түсіру./ /Жасалған экзистерді жұқа қаңылтырдың бетіне түсіріп оның формасын шығару/.8           4   2     216               10     1024           4   8     12
3.а) Оқушыларға сырғалардың өлшемдері  бойынша дайындауды үйрету. Жұқа қаңылтырдан әсемдік сырғалар жасаудың экскиздерін дайындау. Сырға жасау.Сырға беттеріне экскиз жасау    10   2 4 4    22   10 12    32   12 16 4
4.Оқушыларға жұқа қаңылтырдан білезік жасау түрлерін үйрету. Білезік жасаудың құралдарымен таныстыруБілезікті өлшемдермен дайындап, бетіне өрнектер түсіруДайын білезіктерді даярлау  2   4   2 4  20       16 4  28   4   18 8
5.Жұқа қаңылтырдан түрлі ұлттық сипатта сувенирлер дайындау.2418
6.Қорытындылау. Үйірме жұмыстарының нәтижесі көрме ұйымдастыру.444
 БАРЛЫҒЫ:3470104

.

«Көкпар» үйірмесінің жұмыс жоспары

Сабақтың мазмұныСағат саны
І. Ойлау қабілетін дамытатын ойындар
1.Жұмбақ жасыру ойындары 
2.Ұшты-ұшты 
3.Жаңылтпашты кім жаңылмай айтады. 
4.Жаңылма. 
5.Тоғыз құмалақ 
ІІ.Тапқырлыққа, сезімталдыққа баулу
1.Дауыстап атыңды айтам4
2.Соқыр-теке4
3.Мырыш-мырыш4
4.Сақина тастау2
5.Ақ байпақ4
6.Байқап қал4
7.Дәл бастау4
8.Біз де4
ІІІ. Жылдамдыққа, ептілікке, күштілікке баулу
1.Ақ серек, көк серек4
2.Аққулар мен үйректер3
3.Кім жылдам4
4.Орамал тастамақ4
5.Үшінші артық4
6.Асық8
7.Бес тас4
8.Шалма2
9.Қазақша күрес4

Х сынып қыздарымен жүргізілетін жұмыс жоспары

Өтілетін тақырыбысағаты
1.Ұйымдастыру1
2.Қыз 15-ке толғанда …2
3.Мәдениеттілік дегенді қалай түсінесіз?2
4.Жас өспірім қыз баланың организіміндегі болатын анотомиялық, физиологиялық және психологиялық ережелері.2
5.Сәлем — сөздің анасы2
6.Шылымқорлық, маскүнемдік, нашақорлық қасірет.2
7.«Сегіз қырлы, бір сырлы» – ол қандай қыз деп түсінесің? Дөңгелек стол түрінде өткізу.3
8.Көршіңмен қалайсың?1
9.Ардақты ана ардақтыма1
10.«Мерекеге дастархан дайындай білеміз бе?» конкурс өткізу.1
11.Тәрбие мәселелеріндегі діннің алатын орны2
12.Анаң сенің ақылшың /дөңгелек стол/.1
13.Табиғаттың қадір-қасиеттерін бағалап, жер ананы аялайық.2
14.Жақсы дәстүр жайында.2
15.Үйлену және үй болу мәселелеріне байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлері –КВН өткізу.2
16.Гүл сыйлай білесің бе?1
17.Менің үш тоқсандағы үлгерімім / дөңгелек стол түрінде/.1
18.Қонақ келсе – құт.1

ХІ сынып қыздарымен жүргізілетін жұмыс жоспары

Орындалатын жұмыстың мазмұныСағат саны
1.Ұйымдастыру жұмыстары. 
2.Қыздар арасындағы сырлар /сырласу/ 
3.«Қыз – өмірдің қызғалдағы» әңгіме. 
4.«Қыз сыны» жарысы 
5.«Бойынды күт бойжеткен». 
6.«Әдептілік-әдемілік» пікірталас 
7.«Сыпайы сөйлесу-сарбаздық» әңгіме. 
8.«Әйелдің бір өнері-ас пісіру». 
9.«Өзің білмесең, өзгеден үйрен» әңгіме. 
10.«Бұны да білген жөн» дөңгелек үстел. 
11.Өзің тоқып үйрен. 
12.Ал, қанеки қыздар /жарыс/. 
13.«Ананың сөзі-ақыл сөз». 
14.«Қыз қылығымен» әңгіме. 
15.«халық қағидалары не дейді?» 
16.Қыздарға дәрігерлік кеңес /лекция/ 
17.Жаман әдет, дөрекі мінез қайдан шығады? Диспут 
18.«Кімге қандай киім жарасады?» 
19.Шаш әйелдің көркі. 
20.Болашақ мамандығың туралы не ойлайсың? 
21.«Семья сәні — сыйластық .» 
22.Құрақ құрау да – өнер. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Аргынбаев «Қазақ халқында семья мен неке» Алматы, 1973ж.
  2. Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті.
  3. С.Мұқанов Халық мұрасы.
  4. Ф.Энгельс. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы.
  5. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1962ж.
  6. Ш.Уалиханов. Киргизское редословие кочевных кирг. Сбор соч.
  7. Шешендік сөздер. Алматы, 1967ж
  8. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.
Обновлено: 2020-08-07 — 07:07

2 комментария

Оставить комментарий
  1. Бұл қандай әдебиеттен алынған? Айтып жіберіңіздерші

    1. Администрация

      Сәлеметсіз бе! Бұл бағдарлама Алма Қыраубаеваның мектебі жұмысын жүргізген түпнұсқа! Ол кісінің ашқан мектебінде жұмыс жасаған шәкірттері қолынан алынған…..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme