«1000 бала» балалар ұйымы
«1000 бала» балалар ұйымы қоғамдық бірлестік Жарғысы
Құрылтай жиналысында қабылданған
№ 1 хаттама 18.02.1999 ж.
I тарау
Қоғамдық бірлестіктің аты, пәні және қызмет мақсаттары:
Алматы обылысының «1000 бала» балалар ұйымы (бұдан былай ұйым деп аталады)- мектеп жасындағы балаларды»ерікті қоғамдық бірлестігі.
Ұйым жергілікті қоғамдық бірлестік стандартына ие бола отырып, Алматы облысының бүкіл териториясында Бала құқығы туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конститутциясына, заңдылықтарға және осы Жарғыға сай іс-әрекет етеді.
Ұйым былай аталады:
-қазақ тілінде — Алматы обылысының «1000 бала» балалар ұйымы қоғамдық бірлестігі;
-орыс тілінде –общественное обьединение «Детская организация «1000 бала»Алматинской области;
Ұйым «Отан үшін, ел үшін, атамекен жер үшін!»ұранымен өмір сүреді және еңбек етеді.
Ұйым мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, заңды тұлға құқығына ие болды.
Ұйым мақсаты:
Саналы Қазақстандық патриотизм сезімін, ұлттық жәдігерліктер, мемлекеттік рәміздер мен нышандарды құрметтей білу біліктілігін қалыптастыру;
ұлттық мәдени құндылықтар мен идеяларды, Отан тарихын, рухани және ізгілікі байлығымызды, еліміз халықтар мұрасын насихаттау;
жеке тұлғаны ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы рухында жан-жақты тәрбиелеу;
балалар мен жеткіншектерге экономикалық білім беру мен тәрбиелеу;
Жас азаматтардың бойында экономикалық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты, оның байлықтары мен ресурстарын қорғау.
Ұйым міндеттері:
экономикалық танымдық көзқарас, іскерлік, белсенділік пен кәсіпкерлікті қалыптастыру бағдарламасында мектептен, сыныптан тыс үйірмелер ұйымдастыру;
- оқу- әдістемелік анықтамалық әдебиеттер және материалдармен қамтамасыз ету;
- қайырымдылық акцияларын өткізу;
этно-мәдениеті бойынша олимпиядалар, семинарлар және басқада іс-шаралар ұйымдастыру;
- салауатты өмір салтын насихаттау.
- Ұйымның қызмет пәні.
- обылыс балаларын қоғамдық ұйымға бірігу құқыларын жүзеге асыру;
Жеткіншек ұрпақ бойында қоғамның демократияландыру процесіне қатысу мәдениеті мен тілегін, және дағдысын қалыптастыру.
- Ұйым ақпараттық – баспагерлік қызметті жүзеге асырады, оқу –әдістемелік және анықтамалық әдебиеттер, көрнекі құралдар т.б. баспа-полиграфиялық өнімдер шығарады.
- Ұйымның қызметі төмендегідей принциптерге негізделеді:
- мүшелікке кіру мен қатарынан шығарудың еріктілігі;
- жариялық;
- ұйым мүшелерінің тең құқұқтығы;
- өзін-өзі басқару;
- өзін-өзі қаржыландыру;
ІІ тарау
Мүшелілік құқықтары мен міндеттері
2.1. Ұйымнвң жарғысын орындайтын және Алматы обылысының территориясында тұратын немесе оқитын 12 жастан 16 жас аралығындағы кез-келген бала мен жас жеткіншек ұйымға кіре алады.
2.2.Ұйымға қабылдау және одан шығу туралы шешімді дружина Кеңесі қабылдайды.
2.3. ұйымда құрметті мүше институты белгіленеді, бұл атақ балалар қозғалысына міңірген еңбегі үшін,ұйым жұмысына қосқан жеке үлесі үшін ізгілікті ындаландыру ретінде беріледі.
2.4. Ұйым мүшелерінің мынадай құқықтары бар ;
— ұйымды басқару органдарының барлық қызметтік лауазымдарына сайлануға;
— ұйымның іс-әрекетіне қатысуға, ұйымның кез-келген органына өтініш арыздармен сұрақтармен, ұйымнын іс-әрекетін ұйымдастыру мен баруға;
-ұйымнан ерікті түрде шығуға.
2.5. Ұйым мүшелері міндетті:
— ұйым жарғысы ережелерін сақтауға;
— ұйымның дамуына, оның жұмыс тиімділігінің артуына ықал ету;
— ұйымның басқа мүшелернің мүделерін құрметтеу және құқыларын мойындау;
— ұйымның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға қатысу;
— Сайланбалы органдардың шешімдерін, белсенділер мен тәлімгерлердің тапсырмасын орындау.
2.6. Ұйымнан шығу мына жағдайларда орын алуы мүмкін:
— жасына байланысты;
-өз қалауына байланысты;
Ұйымнан шығарған жағдайда.
2.7. Ұйымнан шығу- Ұйым жарғысын, белгіленген тәртіп пен ережелерін бұзғандығы үшін ең жоғарғы түрі ретіде ұйым мүшелеріне қолданылады.
2.8.Ұйымнан шығу туралы шешімді дружина Кеңесінде қабылданады.
2.9. Ұйымнан шығу мәселесі туралы қорытынды шешім Ұйымның қалалық, аудандық Кеңесінде қабылданады.
Бұл қандай әдебиеттен алынған? Айтып жіберіңіздерші
Сәлеметсіз бе! Бұл бағдарлама Алма Қыраубаеваның мектебі жұмысын жүргізген түпнұсқа! Ол кісінің ашқан мектебінде жұмыс жасаған шәкірттері қолынан алынған…..