А.Қыраубаеваның 70 жылдығына арналған «Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты педагогикалық жәрмеңке туралы

«Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС «Ұлттық мектеп моделі: авторлық мектептер тәжрибелері» атты сырттай педагогикалық жәрмеңке өткізеді.

Аталған шара тәуелсіз еліміздегі алғашқы ұлттық мектеп моделін қалыптастырушы, «Сенім» оқу-тәрбие бағарламасының авторы, қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейін ашушы әйгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваны еске алу, ұлағатты ұстаздың еңбектерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім беру ұйымдарындағы ұлттық-рухани құндылықтарға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының жүйеленуіне ықпал ету және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
• Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру;
• Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы жүйеленген үлгілері мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың озық тәжірибелерін анықтау, насихаттау, тарату;
• Білім беру ұйымдарындағы «Тәрбие орталықтары» мен «Ата-аналар мектептері» жұмыстарын насихаттау.
• Тәрбие мәселелері бойынша білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Қатысушылар: шығармашыл ұстаздар — мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдар, қосымша білім беру ұйымдары, колледждер мамандары, тәрбиешілер, мұғалімдер
Жәрмеңке сырттай ұйымдастырылады. Материалдарды қабылдау: 2017 жылғы 15 қазанға дейін.
Жәрмеңгеке ұсынылатын жұмыстар:
1) Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы жүйеленген үлгілері.
2) Тәрбие жұмысының стратегиялық бағдарламалары мен 3 жылдық жоспарлары іс-әрекет нәтижелерімен қос беріледі.
3) Ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттаушы ерекше мазмұнды авторлық бағдарламалар (қолданбалы курс, үйірме жұмысы, жүйеленген жылдық сынып сағаттары, т.б.)
4) Ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттаушы ерекше мазмұнды сабақ үлгісі. Оқытудың тәрбиелік құрамдасын дамытуға арналған авторлық жоспарлар.
5) Ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттаушы ерекше мазмұнды іс-шаралар әзірлемесі (сынып сағаты, сыныптан тыс жұмыс, мерекелік шара, даталы күн әзірлемесі т.б)
Келіп түскен жұмыстар мазмұнына қарай іріктеледі.
Келіп түскен жұмыстар мынадай номинациялар бойынша сарапталады:
— «Ұлттық мектеп үлгісі», білім беру ұйымдарының стратегиялық даму жоспарланрының рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталуы. Ерекше қызмет үлгілері. Жүйеленген жұмыстар мысалдары.
— «Дәстүрлі мектеп» үлгісі, білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ұлттық құндылықтарға негіздей жүйеленген тәрбие үлгілері. Мектептің ерекше дәстүрінің қалыптасуы. «Тәрбие орталықтары», «Ата-аналар мектебі», «Ақсақалдар алқасы» т.б. бірлескен шығармашылық жұмыстар үлгілері.
— «Шығармашыл ұстаз – пән мұғалімі» пәннің тәрбиелік мәнін, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған сабақ жоспарлары, топтамалары.
— «Шығармашыл ұстаз – қосымша білім беру педагогі» қосымша білім беруді ұйымдастырудың ерекше мазмұнды үлгілері. Үйірме, қолданбалы курстар т.б. авторлық бағдарламалары (қолданбалы курс, үйірме жұмысы, т.б)
— «Шығармашыл ұстаз – сынып жетекшісі», сыныптан тыс жұмыстардың ерекше мазмұнды, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған үлгілері. Жүйеленген жоспарлары, сынып сағаттары, жеке әзірлемелер т.б.
Жұмыс мазмұнын ашып көрсететін дәлелді материалдар қосымша ұсынылады: бейнежазбалар, әдістемелік материалдар, дисктер, слайдтық таныстырылым т.б. материалдар авторлық құқықтарымен республикаға тарату мақсатында сұралады. Материалдар жинағы шығарылады.
Тікелей қатысушылар үшін іс-сапар шығындары қатысушы ұйым тарапынан.
Электронды мекен-жайымыз: www.shshbort.kz, sheberlyk@gmail.com.

Обновлено: 2018-08-09 — 08:45

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme