АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін 

«Есенқұл Жақыпбеков оқулары» тақырыбындағы облыстық байқау туралы

БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

2026 жылғы 11 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Мәденииет үйінде «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС-нің «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша мектеп оқушыларының арасында «Есенқұл Жақыпбеков оқулары» тақырыбындағы облыстық байқау өткізіледі.

Байқау ұйымдастырушылары Алматы облыстық Білім басқармасы және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС. Өткізуші: Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі.

Облыстық байқау мектеп оқушылары арасында Жамбыл ауданының тумасы, суырып салма дарынымен танылған айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының  мүшесі Есенқұл Жақыпбековтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту бағытында ұйымдастырылды.

Есенқұл Жақыпбековтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту мақсатында 2020 жылдан бастап Жамбыл ауданында  «Жас Ұлан» оқушылар үйінің ұйымдастыруымен және жоғарыда аталған орталық қолдауымен дәстүрлі  түрде  өтіп келеді.

Биылғы жылғы облыстық деңгейде ұйымдастырылып отырған байқауға облыс мектептерінен 40-қа жуық сұраныс түсті. Талғар ауданы, Іле ауданы, Алатау қаласы оқушылары мен Жамбыл ауданының оқушылары қатыспақ.

Бұл шара ақынның шығармалары арқылы оқушылардың отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, туған жерінің рухани мұраларына сүйіспеншілікті дарыту міндеттерін көздейді.

Шараға Алматы облыстық Білім басқармасының өкілдері, Жамбыл  ауданы әкімдігінің өкілдері, Аудандық  білім бөлімінің басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, ақынның жары және де отбасы мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Шараның өтетін орыны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйі.

Өтілетін күні және уақыты: 2026 жылғы 11 ақпан, сағат 10.00.

Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық Білім басқармасы және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС. Өткізуші: Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жас Ұлан» оқушылар үйі.

Байланыс телефондары: +7 705 201 8293, +7 777 252 01 96

 

А.Қыраубаеваның 75 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы: ұлттық педагогика және заманауи білім беру»  атты  республикалық конференция туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС тәуелсіз еліміздегі алғашқы ұлттық мектеп моделін қалыптастырушы, «Сенім» оқу-тәрбие бағарламасының авторы, қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейін ашушы әйгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор  Алма Мүтәліпқызы Қыраубаеваны еске алу, ұлағатты ұстаздың еңбектерін насихаттау мақсатында  «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы: ұлттық педагогика және заманауи білім беру»  атты республикалық конференция өткізеді.

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім беру ұйымдарындағы ұлттық-рухани құндылықтарға бағытталған оқу-тәрбие жұмысының жүйеленуіне ықпал ету және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу.

Міндеттері: «Білімді  ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына сәйкес сапалы білім ортасын құруға ықпал ету;

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру;
  • Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы жүйеленген үлгілері мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың озық тәжірибелерін анықтау, насихаттау, тарату.
  • Білім беру ұйымдарындағы «Тәрбие орталықтары» мен «Ата-аналар мектептері» жұмыстарын насихаттау.
  • Тәрбие мәселелері бойынша білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Қатысушылар:  Үздіксіз білім беру жүйесі мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдар, қосымша білім беру ұйымдары, колледждер, ЖОО орындары  мамандары, тәрбиешілер, мұғалімдер.

Конференцияның өткізілу тәртібі және мерзімі:

Конференцияға материалдар  2022 жылдың 10 мамырына  дейін төмендегі тақырыптар бойынша қабылданады:

1. «XX-XXI ғасырдағы ұлттық педагогика негізін қалаған және дамытуға үлес қосқан тұлғалар».

2. «Ұлттық педагогиканың көшбасшы тұлға қалыптастырудағы рөлі».

3.«Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық педагогиканың даму тенденциясы» — білім беру ұйымдарының стратегиялық даму жоспарларының рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталуы. Ерекше қызмет үлгілері.  Жүйеленген жұмыстар мысалдары.

Ұсынылатын  баяндаманың мәтіні А 4 форматында орындалуға тиіс, толық 5 беттен аспауы керек, Word редакторында, “Times New Roman” 12 қарпімен, 1.0 интервал парақ енімен түзілген, жиек барлық жақтан 25 мм, Мақала мәтіні антиплагиат тексерісінен өтеді (автор жұмысы кемінде 50 % құрауы тиіс) және электронды жинаққа енгізіліп, ұсынылады.

Электронды мекен-жайымыз: sheberlyk@gmail.com, gulnar.gtk@gmail.com

Байланыс телефондарымыз: +77013137439, +77073187140

Обновлено: 2026-02-10 — 07:31

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme