«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы аудандық байқау ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
1.1 Осы ереже аудандық «Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы байқауының мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
1.2 Аудандық жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған «Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы байқауының мақсаттары мен міндеттері:
-оқушылар арасында Алтынбек Сәрсенбайұлының өнегелі ғұмырын насихаттау;
-Қоғам қайраткерінің өмір жолына үңіле отырып,өмірлік мақсаттарын танып білу, одан ары терең пайымдау;
-Жастар бойындағы патриоттық сезімді күшейте отырып, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын,тұлғалық сезім мәдениетін қалыптастыру;
-шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыра отырып, жас буынның тарихи танымдарын демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен өмірлік ұстанымдарын,ұлтжандылық қасиеттерін нығайту;
-оқушылардың бойында туған жерінің рухани мұраларына деген сүйіспеншілікті дарыту;
ІІ. Байқау шарттары
2.1 Байқаудың ұйымдастырушысы:
« А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС.
2.2 Байқауға қатысушылар: Райымбек ауданына қарасты білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары.
2.3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
«Рухани уыз» — мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстаным жобасының «Ұлттық болмыс – тұлғалар тағылымы» бағыты бойынша өтілетін «Ұлтын сүйген Алтынбек » тақырыбындағы байқау екі кезең бойынша өтеді.
1) «Дана халықтың дара тұлғасы» тақырыбында жеке шығармашылық жұмыс (ойтолғау, өлең, арнау т.б ). Шығармашылық жұмыс мәтіні электронды және баспа түрінде ұйымдастыру комитетіне ұсынылады.
2) «Алтынбек –Алаштың асыл азаматы» тақырыбында шағын зерттеу жұмысы.
Ұсынылатын тақырыпшалар:
- Отбасылық және рухани тәрбиесі: Ата-анасы, отбасы және олардың ықпалы; Құндылықтары мен тұлғалық ерекшеліктері.
- Білімі және интелектуалдық мұрасы: Оқыған оқу орындары, алған білімі; Әлемдік және ұлттық ойшылдарға деген көзқарасы; Қазақ руханияты мен мәдениетіне қосқан үлесі.
- Журналистика және БАҚ саласындағы рөлі: «Азат», «Жас Алаш», «Нағыз Ақ жол» басылымдарымен байланысы; Сөз бостандығы мен тәуелсіз баспасөзді қорғауы; Қазақ журналистикасына әсері.
- Саяси күрескерлігі және реформаторлық бастамалары: Қазақстанның демократиялық дамуы жолындағы күресі; Партиялық қызметі мен оппозициялық ұстанымы; Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге қатысты ұсыныстары.
- Геосаяси көзқарастары және халықаралық саясаттағы орны: Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ойлары; Аймақтық және жаһандық процестерге көзқарасы; Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғаудағы стратегиялары.
- Ұлттық идеология және Алаш арыстарымен сабақтастығы: Алаш» идеялары мен қазіргі заман арасындағы байланысты түсіндіруі; Ұлттық рухты жаңғыртуға қосқан үлесі; Қазақ жастарына арналған үндеулері.
- Қайраткердің еңбектері мен мұралары: Саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптардағы мақалалары мен сұхбаттары; Замандастары мен ізбасарларының пікірлері; Оны зерттеген ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің бағалауы.
- Қастандық пен оның салдары: Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты қоғамның реакциясы. Саяси қудалау және демократиялық қозғалыстардың күшеюі. Оның идеяларының бүгінгі күндегі өзектілігі.
- Алтынбек Сәрсенбайұлының Қазақстан тарихындағы орны; Оның идеяларының болашақта жүзеге асу мүмкіндіктері.
Жұмысты жеке оқушы немесе 3 оқушыдан құралған шағын топ жасауға болады. Зерттеу жұмысы мәтін түрінде ұсынылады, қорғау (слайдтар арқылы, бейнебаян, т.с.с.) арқылы жасалады. Оқушы өз шығармашылығын қорғау барысында таңдаған тақырыбын түсіндіре білуі шарт.
Ескерту: Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылмайды. А.Сәрсенбайұлы атындағы мұражайға қолөнер бұйымдары, сурет сияқты т.б. жәдігерлер жиналатынын хабарлаймыз.
«Ұлтын сүйген Алтынбек» тақырыбындағы байқау 2025 жылғы 3 мамырда «А.Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Ақбейіт бастауыш мектебімен»к.м.м өткізіледі.
ІІІ. Қорытындылау және марапаттау
Байқаудың барлық бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары аудандық және «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.