Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасау мәселелері мен жеке авторлық ізденіске бағдар беру мақсатында «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы қызмет жасайтынын хабарлаймыз.
Орталықтың міндеттері: Білім беру ұйымдарында тұлғаның әдептілік-әдемілігі, салауатты өмір салтын ұстануы, ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды тағылымтану мен тұлғалық танымға негіздей отырып мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға атсалысу.
- Отбасылық тәрбиедегі ата-ананың тәрбиелік танымына оңды ықпал ету.
- Ұлттық педагогиканың теориялық негіздеріне сай білім беру ұйымдарындағы жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмыстары мен жеке ізденіс бағдарламаларын зерделеу.
- Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарға сай үздіксіз білім беру жүйесінің ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын әзірлеу.
- Әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар және көрнекіліктер жасау, аймақтардағы ұлттық педагогика тәжірибелерін республикаға тарату;
- Ата-аналар мен жалпы жұртшылыққа, мектептерде ұлттық тәлім-тәрбиелік мазмұнды іс-шаралар өткізу.
Курс барысында мамандардың біліктілігін арттыру тәжірибедегі әрекеттерімен байланыста болуы үшін өздерінің жұмыс орындарынан (мектеп, балабақша, орталық, т.б.) алыстамай, нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктері тұрғысынан қарастыру басты назарға алынады. Тыңдаушылардың талап-тілектеріне байланысты тақырыптар, нормативтік құқықтық база мен практикаға негізделген «Шеберлік сыныбы», «Мұғалім зертханасы», «Авторлық бағдарлама» бойынша жұмыс бағыттары қарастырылады.