Жалпы ереже
- Білім беру ұйымындағы ата-аналар мектебі – (бұдан әрі «Ата-аналар мектебі») – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысына тікелей атсалысатын, ата-баба дәстүрін насихаттаушы ата-аналар жұртшылығы өкілдерінің қоғамдық бірлестік.
- «Ата-аналар мектебі» білім беру органдарының ата-аналар жұртшылығымен бірге жергілікті өкілетті органдар, қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дамыту, жүзеге асыруға ықпал жасау мақсатында құрылады.
- «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС – «Ата-аналар мектебінің» консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
- «Ата-аналар мектебі» қоғамдық бірлестігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңын, жас ұрпақты тәрбиелеу қызметіне қатысты және ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық құжаттарды басшылыққа алады.
Ата-аналар мектебі негізгі міндеттері
- Оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне ата-аналар назарын аудару, мектеп-отбасы әріптестігін дамыту.
- Баланың жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жүйелеу.
- Ұл бала мен қыз бала тәрбиесін ұйымдастырудың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін назарға ала отырып, жүйелеу.
- Ата-аналар қауымын, жұртшылықты мектеп өміріне, мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарға белсенді қатысуға тарту, оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне ықпал ету.
- Оқушылардың туған жерін, елін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрлерін сүюіне және құрметтеуіне, әлем мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуіне, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарай білуіне ықпал ету.
Ата-аналар мектебінің қызметі
- Білім ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарына белсене араласу, әкімшілікпен бірлесе отырып оқушылар ережесін, ата-аналар ережелерін (ана, әке, ата,әже, т.с.с. ) жасау;
- Мектептегі ата-аналардан құралған әр бағыттағы үйірме жұмыстарын қоғамдық бастамада құру:
- Білім ұйымдарында ұл тәрбиесі мен қыз балалардың тәрбиелік орталықтарын ашу;
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастыру;
- Атаулы күндерге арналған іс-шараларды өткізуге белсене қатысу, оған ата-аналарды жұмылдыру. Ата-аналар арасындағы сайыстар, дөңгелек үстел, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру, озық тәжірибелерін тарату;