Басты бет және біліктілік арттыру курстары туралы ақпарат

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби шығармашылығын шыңдау, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік қолдау көрсете отырып, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасау мәселелері мен жеке авторлық ізденіске бағдар беру мақсатында «Шығармашылық шеберлікке баулу» орталығы қызмет жасайтынын хабарлаймыз. Орталық Қазақстан Республикасындағы Заң актiлерiмен және құрылтай шартымен белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.

Орталық қызметі еріктілік, педагогикалық шығармашылық пен бастамашылықты дамыту қағидалары негізінде ұлттық тәлім-тәрбиенің ұстанымдарын басшылыққа ала отырып мынадай бөлімдерді қамтиды:

  • Педагог мамандардың біліктілігін арттыру: басшы кадрлар, сынып жетешілері, пән мұғалімдері;
  • Педагогтардың әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына бағыт бағдар беру;
  • Ата-аналармен мектептің ынтымақтастығын арттыру.
  • Оқушылардың тұлғалық дамуы мен дарындылық қабілеттерін ұштауға ықпал ету мәселелері.

Орталық мамандары

Қажиева Гүлнар Тоқайқызы, оқытушы-теренер, орталық директоры

Қызметі туралы мәліметтер:

1982 – 1987 жж. – Қаскелен қаласы, Абай атындағы орта мектеп, мұғалім.

1987 – 1994 жж. — Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №170 балалар бақшасы, тәрбиеші.

1994 – 2006 жж. –Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы:

  • Математика және информатика үйірмелері жетекшілігі жұмысы;
    • Орталықтың оқу және тәрбие ісі жөніндегі аға кеңесшісі;
    • Ақпараттық – сараптама  бөлімі бастығы.

2006-2008 жж. – ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, бас маман, аға cарапшы.

2008-2009 жж. — Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы ақпараттық-талдау бөлімі бастығы.

02.03.2009 жылдан — Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты: Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы, аға оқытушы, Ғылыми кеңес хатшысы.

  • Тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі;
  • Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы, аға оқытушы;
  • Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бастығы;
  • Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы, аға оқытушы.
  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институттың Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушы.
  • 2020 жылдың шілдесінен — зейнеткер, «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС құрылтайшысы, директор.

Негізгі мәліметтер: Мектепке дейінгі балаларға арналған ана тіліміздегі «Өркен» танымдық топтар бағдарламасы, «Рухани уыз» тәрбие бағдарламаларының авторы. «Жазғы сауықтыру лагерлері жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар», «Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Оқушының ұлттық келбетін қалыптастыру» және «Қосымша білім беру жүйесіндегі мектептен тыс ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және басқару»  әдістемелік құралдары, орта буын оқушыларына арналған «Тәрбие құралы», «Заманауи мектеп жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру», ««Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде мектептегі тәрбие жұмысы мазмұнын жаңарту жолдары» оқу-әдістемелік құралдары білім беру жүйесіндегі тәрбие ісімен айналысушы мамандардың ыстық ықыласына ие болды.

Білім беру жүйесінде балаларға қосымша білім беру және ұлттық тәрбие мәселелерін зерделеу бағытындағы бірқатар әдістемелік және ғылыми еңбектердің авторы.

Қосымша мәліметтер: 

  • Германияның Халықаралық дифференциальды психология институтының біліктілік арттыру курсы тыңдаушысы сертификаты,
  • Германиядағы Халықаралық біліктілік арттыру орталығында тыңдаушы болып «Педагогикалық процесті басқару»,
  • «Тренер–мотиватор» сертификаттарын иеленді . Осы курс барысында Бельгия  ХБАО тәуелсіз доценті атағын алды.
  • Кембридж Университеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жүргізілетін деңгейлік курстары тренері.
  • «Робототехника негіздері» курстары тренері.
  • Жаңартылған мазмұн бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған «Білім мазмұнынын жаңарту шеңберіндегі» математика пәні тренері.

«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі марапаты иегері, Педагогика және психология магистрі.

Қасымбек Айсұлу Асылханқызы, тренер, ЛЕКТОР, ӘДІСКЕР (қазақ тілінің маманы)

Мақсаты: 1. Педагогика саласындағы технологиялық ізденістер мен тың әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалана отырып, жаңашылдық пен шығармашылық деңгейіндегі жұмыс бағыттарын ұйымдастыру. Тұлғаның жан-жақты өрістеуіне жағдай тудыру.

2.Әдістемелік жұмыс тәжірибесімен бөлісу, авторлық бағдарламалармен жұмыс барысында «Тұлғатанымдық» курстар мен семинарлар, «Тұлға шеберханасы» іс-шараларын (Ғаламтор мүмкіндіктерін де есепке алып) ұйымдастыру.

3.Кешенді іс-шаралар (шеберлік-сынып, психологиялық қолдау орталығы, т.б.) топтамасын ұйымдастыру.

Қызметі туралы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарағаш орта мектебі, аға  пионервожатый.

Алматы облысы, Жамбыл ауданын, Рославль орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алматы облысы, Қаскелең ауданы, О. Жандосов ауылы.  Гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейінің директордың тәрбие іі жөніндегі орынбасары

 Алматы облысы, Қаскелең ауданы,  Қаскелең қаласы.  Қаскелең аудандық Білім бөлімінің әдіскері.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ә. Молдағұлова мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдіскері.  Алматы облысы, Жамбыл аудандық әкімшілігі, Ішкі саясат бөлімі.

ББЖ КБАРИ, педагогикалық технологиялар зертханасының әдіскері, Тілдерді дамыту және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы.

«Арман-ПВ» баспасының ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.

Қосымша мәліметтер:

  • Бельгия Біліктілікті арттыру орталығының гонорар-доценті
  • «Қазақ тілі» 6–11-сыныптар 11 жылдық, (8–9-сыныптар 12 жылдық) оқулықтарының авторы
  • Ұлттық тәрбие үдерісіне қатысты ҚР БҒМ бекіткен «Тәрбие құралы» оқу құралының авторы
  • «Дарынды бала», «Рухани уыз» бағдарламаларының авторы.
  • Қарасай ауданының «Сегіз сері» өнерсайыс орталығы, оқушылардың «Айтыс» мектебінің жетекшісі жұмыстарын атқарған.
  • Жамбыл, Қарасай аудандарында тарихи-танымдық экспедициялар ұйымдастырған.
  • ҚР Президентінің музейі мен оқыған мектебіне арнап бірнеше рет әдеби-композициялық қойылым сценарииін жазған.
Валиева Майра, оқытушы-тренер, п.ғ.к.

Мұғалімдік-әдіскерлік өтілі: 15 жыл

Әдіскерлік-оқытушылық өтілі: 29 жыл

Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты

Академиялық атағы: Германия халықаралық біліктілікті арттыру және ақпараттандыру орталығының доценті

Шығармашылық ұстанымы: Үйрен де үйрет! Қажетті айналымға ену , ол құзыреттілік  белгісі!!!

Білім беру аясында атқарған қызметтерімнің нәтижесі бойынша мадақтаулары: Республикалық «Әдістемелік нұсқаулық» байқауының І дәрежелі дипломының, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің ҮЗДІГІбелгісінің , «Отан патриоты» медалінің  иегері және Қазақстан Республикасы білім және ғылым  минстрлігінің, ҚР кіші ғылым академиясының, «Өрлеу» БАҰ орталығының , «Парасат» кәсіподақ ұйымының, т.б.республикалық, облыстық білім орталықтарының АЛҒЫС хаттары мен мақтау қағаздарының иегері

  «Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» деп  Д.А.Қонаев атамыз  айтқандай бірнеше рет республикалық, халықаралық дәрежелерде кәсіби біліктілігімді жетілдіріруге мүмкіндік алдым. Білім беру мекемелерін менеджменттік басқару бағыты бойынша Германия мемлекеті Дюссельдорф қаласында мектеп басқару саласына арналған  «Персоналдар менеджменті және  білім саласындағы басқару» және Қытай ХР Ухань қаласында  «Білім беру сапасын басқарудың педагогткалық-психологиялық аспектілері» тақырыптарында арнайы курстардан  өтіп, сол елдердің білім беру ұйымдарын аралап, тікелей  тәжірибесімен таныстым.

     Ал,атқарып келген қызметтеріме  сай халықаралық, республикалық, облыстық дәрежелерде  ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік, ғылыми-практикалық шараларға қатысып ой бөлісіп, мақалалар жарық көрді. Педагог қауымға арналған әдістемелік нұсқаулар, құралдар, жинақтар дайындалып,іс-тәжірибеде қолданыс табуда.

Ғылыми бағытта облыс мектептерімен эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуші, үйлестіруші.

  Тәжірибені бөлісу мақсатында Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары  біліктілікті арттыру институттарының шақыруымен  мектеп басшылары мен педагогтерінің біліктілгін арттыру, шеберлігін шыңдауда өзіндік үлес қостым. Білім және ғылым  министрлігі  және облыстық білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылып келген білім беру ұйымдары және педагог мамандар қызметін зерттеу, аттестаттау жұмыстарына, мектеп бітіруші оқушыларды ҰБТ өткізу жұмыстарына мемлекеттік комиссия мүшесі ретінде  белсене қатыстым.

      Бүгінгі таңда «Барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру» мақсаты көзделіп, педагогтерге үлкен талап қойылуда. Ал, бұл ретте мұғалімнің, білім беру ұйымдары басшыларының  кәсіби құзыреттілігін дамыту үлкен рөл атқарады. Олардың кәсіби құзыреттілігін  дамытудың бірден-бір жолы біліктілігін жетілдіру арқылы жүзеге аспақ.  

Осы орайда педагогтарынның біліктілігі мен құзыреттілігін қалыптастыру, шығармашылық деңгейлерін жетілдіру, шеберлігін дамыту  бағытында дәрістер оқылып, іскерлік-шығармашылық қызметтер, тренингтер жүргізіледі.

Телефон: ұялы телефон: 8 701 227 2543

Е-mail : b.v.maket777@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы © 2018 жеке мәіметтерді өңдеу Frontier Theme